Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
97
Екінші жіктемелік де.гей. Екінші жіктемелік деңгейде
биогенді ландшафтардың бөлінуі элементтердің биогенді
миграциясының ерекшеліктеріне негізделеді. Оларды бағалау
үшін биогенді миграцияның сандық рөлін жəне элементтің
негізгі миграция түріне сəйкес келетін түрге ауысу
жылдамдығын (табиғи ландшафтарда – бұл элементтердің сулы
ерітінділерден, газды қоспалардан жəне минералды түрінен
биогенді түрге ауысу жылдамдығы) есепке алынады. Одан
басқа, топырақтың жойылуы нəтижесінде түсетін биогенді
ландшафтарда өсімдіктердің (олардың жеке бөліктерінің)
шіруімен байланысты болатын қайта ауысудың жылдамдығы да
есепке
алынады.
Осындай
есепке
алудың
негізгі
көрсеткіштеріне жалпы биомассаның (Б) жəне жылдық өнімнің
(Ө)
шамалары жатады.
Биомассаның жылдық өнімге
қатынасының өзгеруіне байланысты биогенді ландшафтардың
ішінде бес топ бөлінеді: 1) ормандар; 2) бетпақ далалар
(шабындықтар, саванналар); 3) шөлдер; 4) тундралар жəне
батпақтар; 5) қарапайым (жабайы) шөлдер. Олардың жаралуы
жəне белдемді орналасуы негізінен климатпен анықталады.
Топтар өз кезегінде lg Ө / lg Б қатынасының (коэффициент К)
өзгеруіне байланысты типтерге бөлінеді.
=шінші жіктемелік де.гей. Барлық ландшафтар тікелей
топырақтардағы химиялық элементтердің миграциясының
ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Себебі,
өзіндік геохимиялық
орталық деп есептеуге болатын табиғи ландшафтардың
топырақтарында геохимиялық процестердің ең үлкен күші
байқалады.
Бұдан басқа, топырақтар суларды жəне топырақ төсеуші
таужыныстарды жер беті атмосферасымен жəне тірі
организмдермен байланыстыратын маңызды бөлігі болып
табылады. Топырақтарда элементтердің орын ауыстыруы
көбінесе оттегі жəне күкірт режимі, сілтілі-қышқылды жағдай
жəне типоморфты минералдар жинағы деген сияқты
факторлармен анықталады.
Əртүрлі ландшафты жағдайларда үш тотығу-тотықсыздану
жағдайы бөлінеді: 1)
еркін оттегілі тотығу жағдайы; 2) еркін
оттегісіз жəне еркін көмірсутексіз глейлі тотықсыздану
жағдайы; 3) көмірсутекті жағдай.
Я. К. Аршамов
98
Сілтілі – қышқылды жағдай шартты түрде: өте қышқыл (рН
3-тен төмен); қышқыл жəне əлсіз қышқыл (рН 3-6,5); нейтралды
жəне əлсіз сілтілі (рН 6,5-8,5); қатты сілтілі (рН 8,5 жоғары)
болып бөлінеді.
Т0ртінші жіктемелік де.гей. Бұл деңгейде биогенді жəне
техногенді ландшафтар элементтердің əуелі (атмосфералы)
миграциясының ерекшеліктерін есепке ала отырып бөлінеді.
Келесі ландшафтар бөлінеді: 1) əуелі эрозияға ұшырағыш
ландшафтар; 2) əуелі эрозияға ұшырамайтын ландшафтар;
3) эолды материалдардың қазіргі шөгінділері бар ландшафтар.
Бесінші жіктемелік де.гей. Бұл деңгейде ландшафтар
ауданның геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты
бөлінеді. Үлкен аумақтарды
қамтитын ұсақ масштабты
зерттеулерді жүргізу кезінде жəне де таулы жағдайларда жұмыс
істеу кезінде келесі ландшафтарды бөлу ұсынылады: 1) жазық
облысты; 2) аласа жəне орта таулы; 3) биік таулы облысты
ландшафтар. Бұл ландшафтар гравитацияның негізгі күштерімен
анықталатын миграция процесінің қарқындылығы бойынша
өзгешеленеді.
Алтыншы
жіктемелік
де.гей.
Бұл
деңгейде
ландшафтардың бөлінуі түбірлік таужыныстар құрамының
өзгеруіне байланысты жүзеге асады. Түбірлік таужыныстарда
жəне олардың əсерімен топырақтардың қалыптасуы болады.
Əртүрлі ландшафтарды бөлу үшін
ең алдымен шөгінді
таужыныстарды, карбонатты-терригенді жəне терригенді
таужыныстарды жіктеу қажет. Осындай бөлулер олардың
топырақтың карбонаттылығына жəне сілтілілігіне үлкен
ықпалымен шартталады.
Магмалық таужыныстар ландшафтарды жіктеу кезінде
қышқылды жəне негізді таужыныстар деп бөлінеді. Қарқынды
метаморфталған таужыныстар бөлінеді.
Аймақтарды ұсақ масштабты ландшафты – геохимиялық
аудандастыру рудалы кенорындарды геохимиялық іздеудің
əдістемесін негіздеуде маңызды болып келеді.
Оның негізгі
міндеттеріне
жербетілік
литогеохимиялық
зерттеулердің
жүргізілуі тиімді болмайтын аудандарды бөлу болып табылады.