Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Гидрогеохимиялық іздеу əдістері



Pdf көрінісі
бет59/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

10.2. Гидрогеохимиялық іздеу əдістері 
 
Гидрогеохимиялық іздеу əдісі табиғи жерүсті жəне 
жерасты суларының химиялық құрамын зерттеуге негізделген.
Гидрогеохимиялық іздеу əдісінің маңыздылығы гидросфера-
дағы элементтердің таралу ерекшеліктерін жерасты жəне жерүсті 
суларын жүйелі түрде сынамалау арқылы зерттеу кезінде кен 
денелермен байланысты гидрогеохимиялық ореолдарды анықтау-
мен сипатталады. Бұл əдістің принциптік негізін мыналар құрайды: 
1) судың таужыныстарды ерітуге қабілеттілігі; 2) минерал-дардың 
химиялық өзгеруінде судың белсенді қатысуы; 3) қозғалмалы орта 
сияқты судың қасиеті.
Гидрогеохимиялық іздеу əдістеріне қолайлы нысандарға 
минералды сулардың (əртүрлі табиғи хлоридтердің жəне сульфат-
тардың) кенорындары жатады. Рудалы кенорындардың ішінде 
гидрогеохимиялық іздеудің қолайлы нысандарына сульфидті, ең 
алдымен колчеданды-полиметалды жəне дисульфидтерге бай 
мысколчеданды кенорындар жатады. Табиғи сулар кенді элемент-
термен негізінен сульфидті кендердің гипергенді қышқылдануы 
кезінде байытылады.
Табиғи сулардағы химиялық элементтердің қозғалмалылығы 
негізінен олардың тұзды құрамына, қышқылды-сілтілі жəне 
тотығу-тотықсыздану қасиеттеріне байланысты болады. Олардың 
негізгі көрсеткіштеріне - O

, H
2
S, CO
2
, Eh жəне pH жатады. Кен 
денелердің əсерінен өзгерістерге ұшырайтын сулардың 
геохимиялық параметрлері жəне суларда орналасқан химиялық 
элементтер гидрогеохимиялық индикатор-элементтер деп 
аталады жəне іздеу белгілерінің маңызына ие болады.
Табиғи сулардағы кез келген элемент үшін сулы миграцияның 
қарқындылығы судың құрғақ қалдығындағы химиялық элемент 
мөлшерінің сусыйыстырушы таужыныстардағы сол элементтің 
мөлшеріне қатынасымен сипатталатын коэффициентпен көрсетіледі. 
Сулы миграцияның коэффициенті келесі формуламен анықталады:
К
х 

Cx
a
Mx


100
Тұра іздеу белгілерінің қатарына сол типті кенорынға сай 
келетін, ореолды суларда контрастылы аномалды концентрация-


Я. К. Аршамов 
 
148 
ларды туғызатын кен түзуші жəне кейбір бірге жүретін 
элементтер жатады. Ал жанама белгілер қатарына кенді дененің 
жапсарынан байланысты тұзды компоненттердің өзгеруі жəне 
рН, Еһ мөлшерлерінің өзгеруі жатады.
Жерасты жəне жерүсті суларындағы кен денелерінің 
шашырау ореолдарының ерекшеліктері жəне жаралуы көптеген 
табиғи факторларға байланысты, жəне ең алдымен кен денесі 
шоғырлануының гидрогеологиялық жəне геоморфологиялық 
жағдайларына байланысты. Осыған байланысты сулы шашырау 
ореолдардың келесідей типтері бөлінеді (10.1-сурет). 
10.1-сурет. Сулы шашырау ореолдарының негізгі типтері. 
Г. А. Голева бойынша. (а – ашық сулы шашырау ореолдары
(I-IV типтері); б – жабық сулы шашырау ореолдары (V-VII типтері). 1 – кен денесі жəне 
оны. алғаш ы ореолы; 2 – айта т1зілген шашырау ореолы; 3 – тоты ан рудалар;
4 – мору ыртысы (су 0ткізетін); 5 – кенсыйыстырушы таужыныстар; 6 – сулы 
ш0гінді таужыныстар; 7 – сулы шашырау ореолы; 8 – су 0ткізбейтін горизонт;
9 – рудалы элементті. фонды м0лшерімен сипатталатын б%ла тар; 10 - рудалы 
элементті. аномалды м0лшерімен сипатталатын б%ла тар; 11 – су озғалысыны. 
бағыты; 12 – эрозияны. жергілікті базисі 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
149 
Ашық сулы шашырау ореолдарының типтеріне қысқаша 
сипаттама берейік: 
I тип – өзендердің аңғарларында аз қалыңдықты су өткізгіш 
алювиальді шөгінділерден тұратын жамылғылар астында 
эрозияның жергілікті базисінен төмен орналасқан сулы ореолдар; 
II тип – қарқынды суалмасу жағдайындағы суайрықтарда 
эрозияның жергілікті базисінен жоғары орналасқан сулы 
ореолдар; 
III тип – суайрықтардың беткейлерінде элювий-делювий 
шөгінділерінің астында орналасқан сулы ореолдар; 
IV тип – эрозияның жергілікті базисінен біршама төмен 
болатын, борпылдақ аллохтонды шөгінділерден тұратын 
жамылғыларының астында кенсыйыстырушы таужыныстар 
қабатында жасырын орналасқан сулы ореолдар. 
Ашық сулы шашырау ореолдары жер үстінде терең грунт 
жəне арынды сулардың əртүрлі шығу ошақтары түрінде көрсетіледі.
Жабық сулы шашырау ореолдары (V-VII типтері) тауалды 
жəне жазықты облыстарда, эрозияның жергілікті базисінен 
төмен орналасқан кен денелерін жиектейді. 
Келесі жағдайларда орналасқан пайдалы қазбалар 
кенорындарын іздеуде гидрогеохимиялық əдісті қолдану өте 
тиімді болады: 
1) биогеохимиялық іздеу əдісі тиімді болмағанда, алыстан 
келген қалыңдығы жоғары борпылдақ шөгінділермен көмкерілген 
бөлікшелерде; 
2) бедері бөлшектенген жоғары таулы аудандарда, бұл 
жерде жерасты сулары дренажының өзіне тəн ерекшеліктері 
жағдайында гидрогеохимиялық аномалияларды біршама нақты 
интерпретациялауға мүмкіндік туады; 
3) платформалық жағдайларда, пайдалы қазба денелерінің 
эрозияның жергілікті базисінен төмен орналасу иқтималдығы 
кезінде. 
Қойылған міндеттерге байланысты гидрогеохимиялық 
зерттеулер айма ты  (1:200 000–1:100 000 ), жеке іздеу 
(1:50 000–1:25 000) жəне дəлдікті (1:10 000 жəне одан жоғары) 
зерттеулер деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет