«Ядролық физика» пәнінен практикалық сабақта есептер шығаруға арналған тақырыптар тізімі



бет1/4
Дата24.09.2024
өлшемі46.5 Kb.
#503908
түріСабақ
  1   2   3   4
Ядерная физика практикалык




«Ядролық физика» пәнінен практикалық сабақта есептер шығаруға арналған тақырыптар тізімі


1. Атом ядросының қасиеттері
Резерфордтың альфа-бөлшектердің шашыратылуына арналған тәжірибелері. Ядро өзара әсерлесетін протондар мен нейтрондар жүйесі ретінде. Ядроның құрамы. Ядроның электрлік және бариондық зарядтары. Изотоптар мен изобарлар. Ядроның массасы. Массалық сан. Ядроның байланыс энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясының жартылайэмпирикалық Вейцзеккер формуласы. Киелі сандар. Нуклонның ядроға байланыс энергиясы. Ядродағы нуклонның байланыс энергиясы. Байланыс энергиясының басқа түрлері. Ядроның кеңістіктік мөлшері, радиусы.
2. Ядроның спині мен магнит моменті.
Шмидт моделі. Ядроның электрлік көпөрістік моменттері. Ядроның квадрупольдік моменті. Ядроның күйінің кванттық механикалық бейнеленуі. Толқындық функция. Ядроның күйлерінің жұптылығы. Жұптылықтың сақталуы. Айнытылмайтын бөлшектер жүйесінің толқындық функциясының симметриялық қасиеттері. Ядролардың статистикасы. Бозондар мен фермиондар. Паули тыйымы.
3. Ядроның құрылымының физикасы
Атом ядросының модельдері. Ұжымдық және өзара әсерлеспейтін бөлшектер модельдері. Тамшылық модель№ ферми-Газ моделі. Қабықтық модельдер. Бірбөлшектік қабықтық модель. Бірбөлшектік қабықтық модельге сәйкес ядроның қасиеттері. Бірбөлшектік қабықтық модельдің жетістіктері мен кемшіліктері. Жалпыланған модельдер. Нильсон моделі. Ядроның пішінінің сферадан ауытқуының салдарлары. Кластерлік модельдер.
4. Радиоактивтілік
Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің ортақ заңдылықтары. Радиоактивтік ыдырау заңдары. Радиоактивтікті ядроның ыдырау тұрақтысы, жартылай ыдырау периоды, орташа өмір сүру уақыты.
5. Альфа-ыдырау
Негізгі тәжірибелік заңдылықтар. Альфа-бөлшектердің спектрі. Альфа-ыдырау теориясының элементтері. Электростатикалық тосқауыл. Туннелдік эффект. Жартылай ыдырау периодының (ыдырау тұрақтысының)альфа-бөлшектің энергиясына тәуелділігі. Жартылай ыдырау периодының ядроның радиусына тәуелділігі.
6. Бета-ыдырау
Бета-ыдырау түрлері. Электрондардың энергетикалық спектрі. Нейтрино. Нейтриноның барлығын тәжірибелік дәлелдеу. Бета-ыдырау теориясының элементтері. Нәзік әсерлесу туралы ұғым. Рұқсат етілген және тыйым салынған өлшеулер. Сұрыптау ережелері. Ферми және Гамов-Геллер көшулері. Бета-ыдырау үшін жұптылықтың сақталмауы. Нейтриноның массасы мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет