Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер



бет28/39
Дата01.08.2022
өлшемі0.75 Mb.
#459863
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Дип.-Электрондық-оқулықты-құру

Функционалдық тәуелділік. А→В және В→А функционалды тәуелділік болса, А және В бір мәнге сәйкес, немесе функционалды байланыс А↔В (В↔А). Мысалы, Аты-жөні мен РНН арасындағы функционалдық өзара тәуелділік – Аты-жөні↔РНН.
Бөлшектік тәуелділік (бөлшектік функционалдық тәуелділік) құрылымдық кілттің кілттік емес атрибутының тәуелділігін айтамыз. Мысалы, оқытушы қатынасындағы лауазым атрибуты құрылымдық кілттің бөлшегі Аты-жөні атрибутына функционалды тәуелді.
Сонымен бірге толық функционалды тәуелділік болады. Онда кілтті емес атрибут құрылымдық атрибутқа тәуелді. Мысал ретінде атрибут тәуелділігі – Пән түрінің барлық құрылымдық кілттен.
Транзитивті тәуелділік . С атрибуты А атрибутына транзитивті тәуелді болады, егер А,В,С атрибуттары А→В және В→С шартын орындаса, бірақ қайтару тәуелділігі жоқ. Мысал: ФИО→ Атағы →Жалақы.
Көпмәнді тәуелділік. R қатынаста В атрибуты А атрибутынан көпмәнді тәуелді болады, егер әрбір А мәніне В атрибутының көп мәндері сәйкес келеді, басқа R атрибуттарымен байланысқан емес.
Көпмәнді тәуелділік әртүрлі болады: «бір көпке» (1:М), «көп біреуге» (М:1), немесе «көп көпке» (М:М), оны былайша белгілейді: А=>B, A<=B немесе AB. Мысалы, Оқытушы қатынаста көпмәнді тәуелділік «көп көпке» онда ФИОПән.
Тәуелсіз атрибуттар. Екә немесе бірнеше атрибуттарды тәуелсіз деп айтуға болады, егер ешбір белгіленген атрибуттар ішінде функционалды тәуелді болмаса басқа атрибуттардан (А­¬→В). Егер А¬→В және В¬→А, онда А ¬=В деп белгілеуге болады.
Функционалды тәуелділікті анықтайтын негізгі әдіс (ФТ) – Атрибуттар семантикасын сараптау. Толық көп функционалды тәуелділікті F* құру үшін бірнеше аксиомаларды білу шарт. Олар 8 аксиома бар: рефлексивті, толықтыру, транзитивті, кенею, жалғастыру, псевдотранзитивті, біріктіру және декомпозициялау. Осы аксиомаларға арналған мысалдар өзіндік жұмысқа жатады.
Оқытушы үшін келесі тәуелділіктер белгіленген:
ФИО → Жалақы
ФИО → Атағы
ФИО → Стаж
ФИО → Стажға қосымша
ФИО → Кафедра
Стаж → Стажға қосымша
Атағы → Жалақы
Жалақы → Атағы
ФИО,Пән,Топ → Пән түрі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет