Юриспруденция кафедрасы н. С. Газизова



бет1/11
Дата14.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#136059
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ЮРИСПРУДЕНЦИЯ КАФЕДРАСЫ


Н.С. ГАЗИЗОВА
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Семей 20013


Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы _______ «___»________ 200__г. Газизова Н.С.

Старший преподаватель кафедры «Юриспруденция»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ж., № __.

Кафедра меңгерушісі _________ Елеманов С.Х.


2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __

Төраға _________ ___________________

Қолы аты -жөні
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __.

ОӘК төрайымы _________ __________________

Қолы аты -жөні

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (немесе басылым №___

«___» ______200_ж орнына.)

МАЗМҰНЫ:



  1. Глоссарий

  2. Дәрістердің қысқаша конспектісі

  3. Практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы

  4. СОӨЖ әдістемелік нұсқауы

  5. СӨЖ әдістемелік нұсқауы

  6. Бақылау түрлері


Глоссарий


  1. Азаматтық құқық принциптері - нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастаасын басшылыққа алатын негіз.

  2. Шарт - шаруашылық қызметінің негізгі құралы.

  3. Азаматтық заң күші - заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысан.

  4. Заңды тұлға - өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді еншілейтін, оның құрамына кіретін тұлғалардан тәуелсіз өзі жауап беретін тұлға.

  5. Азаматтық құқық қатынастары - азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.

  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері - әрбір құқық қатынастарының қатысушылары.

  7. Обьектілер - құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер.

  8. Заттар - азаматтық құқық қатынастарының обьектілері.

  9. Заттық құқық - заттар жөнінде туатын құқық.

  10. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.

  11. Азаматтық құқық қабілеттілігі - Азаматтық Кодекстің 13 - бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.

  12. Азаматтық әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

  13. Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық - құқықтың белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иелену.

  14. Дербес мүліктік жауапкершілік - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  15. Ар - намыс - тұлғаның рухани және әлеуметттік болмысына берілетін қоғам бағасы.

  16. Өкілдік - басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне ие әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәміле.

  17. Азаматтардың меншік құқығы - тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі.

  18. Міндеттемелік құқық - міндеттемелік қатынаста реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық құқық нормаларының жиынтығы.

  19. Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі.

  20. Азаматтық құқық обьектісі - азаматтың құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

  21. Цивильді құқық – римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы.

  22. Цивилист – азаматтық құқық саласындағы мамандар.

  23. Мүліктік қатынастар – материалдық игіліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар.

  24. Азаматтық принциптер (қағидаттар)- нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

  25. Субъектілер - әрбір құқық қатынастарында қатынасатын қатысушылары.

  26. Объект – құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталғаны.

  27. Азаматтық заңның күші – заң күшіне еңгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолдануындағы заңдық болмысына тән нысан.

  28. Түсіндіру – заңдардағы және басқа да дерекнамадағы жалпы қағидаларды нақтылы жағдайларға қолданудың қажетті негізі.

  29. Доктриналдық түсіндіру – теорияда, ғылыми еңбектерде, оқулықтарда берілетін түсіндірме.

  30. Меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғанатын өзіне тиесілі мүлікті өз қарауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

  31. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен қамтамасыз етілуі.

  32. Заттық құқық - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын құқық.

  33. тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.

  34. Заттар – азаматтық құқық қатынастарың объектілері.

  35. Заңдылық салдар – белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері.

  36. Мүліктілік – заңды белгі болып табылмайтын экономикалық түсінік.

  37. Азаматтық құқық қатынастары – азаматтық құқық нормаларырың талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.

  38. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісіболып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді.

  39. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  40. Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.

  41. Діни бірлестік – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

  42. Бағалы қағаз – түрі мен мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.

  43. Конклюденттік әрекет (лат. Concludere – жасау) – сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ние білдіру әрекеті.

  44. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікпен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

  45. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-тің 188-бабы 2 тармағы).

  46. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.

  47. Міндеттемені тоқтату дегеніміз – міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.

  48. Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімі.

  49. Принциптер – Азаматтық құқық жүйесінде әр қашанда бастапқы норма.

  50. Азаматтық заңның күші деп – заң күшіне енгеннен басьап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысанын айтамыз.

  51. Құқықтық теңдік принципі дегеніміз – азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бәрі де меншік түріне, азаматтығына қарамастан бірдей құқықтық ахуалды білдіруі болып табылады.

  52. Жеке тұлға дегеніміз – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.

  53. Заттық құқық деп – белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады.

  54. Триада – меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады.

  55. Жеке меншік – капиталистік экономиканың темірқағазы, сондықтан да жеке құқық жеке меншік құқығының қорғайды.

  56. Заң актісі – Коститутциялық заң, Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, сенат пен мәжілісінің қаулылары.

  57. Мұрагерлік құқық – Құқықтық жүйеде мұраға ие болу.

  58. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.

  59. Дербес мүліктік жауапкершілік – заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  60. Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.

  61. Банкрот жариялау – заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы.

  62. Мекеме – құрылтайшы басқару, әлеуметтік – мәдени немесе коммерциялық емес сенаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым.

  63. Қоғамдық бірлесітік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.

  64. Бағалы қағаз – түрі және мазмұны мен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.

  65. Конклюденттік әрекет – тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әректі.

  66. Пайдаланудың өкілеттік құқығы – мүлік пен пайдалы табиғи қаситеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі

  67. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

  68. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.

  69. Пайдалану құқығы – мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам мүшесі үшін пайданы алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі.

  70. Құқықты қорғау – құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауы.

  71. Негаторлық талап – теріске шығару талабы.

  72. Келісім шарт - әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт.

  73. Айып төлеу – кәсіпкерілік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету

  74. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.


ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК


  1. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде алатын орны.

  2. Азаматтық құқық пәні.

  3. Мүліктік және мүліктік емес қатынастар.


Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде алатын орнын анықтау. Азаматтық құқығының пәні туралы түсінік қалыптастыру. Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастардың мазмұнын ашу.

Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар. Олардың түсінігі мен жіктелуі. Азаматтық қатынастарды реттеудің тәсілдеріне сипаттама беру.



Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.

  2. ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.

  3. ҚР-ның Азаматтық кодексі/негізгі бөлім/ 2007ж.

  4. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.

  5. Гражданское право. Практикум, под ред. Егорова Н.Д.-СПб.,1996.

  6. Калмыков Ю.Х. Вопросы применения гражданско-правовых норм-Саратов. 1976.

  7. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.


«Азаматтық құқық» атауы ежелші уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды.

Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік әмес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.

Мүліктік емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар – ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады;

ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігінтаңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Талқылау сұрақтары:


        1. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде.

        2. Азаматтық құқықтық қатынастар ерекшелігі

        3. Қоғамда азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар



АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ


  1. Құқық жүйесі туралы түсінік.

  2. Құқық жүйесінің салалары.


Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқық жұйесі туралы жалпы сипттама беру. Құқық жұйесіндегі салаларына анықтама беру, талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

1.ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.

2.ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.


  1. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.

  2. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.

  3. Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.

  4. Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.


Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитін ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйк тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуындығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелегінен деп түсінген жөн.

Ішкі салалардың «жалпы бөлімі» мен «жалпы ережелерін» бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың «жалпы бөлімі» жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың «жалпы ережелерінде» мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.

«Жалпы ереженің» нормалары азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданылады. «Жалпы бөлімге» жататын «Меншік және өзге де заттық құқықтар» мен «Міндеттемелік құқық» тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екіндігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына қарай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен оның пайда болуы тәсілдері туралы норма басқа институттарды, атап айтқанда, сатып алу-сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. «Жалпы бөлім» құзіретті органдардың, азаматтар мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ ол қайталау мен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік береді.

Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: «Міндеттемелік құқық», «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар», «Интеллектуалдық меншік құқығы, «Мұрагерлік құқығы», «Халықаралық жеке құқық», осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін «Жалпы ережесі» болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.


  1. Жалпы бөлім:

I–бөлім. «Жалпы ережелер» (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап қою мерзімі).

II-бөлім. «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт; меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқық және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау).

III-бөлім. «Міндеттемелік құқық» (1-бөлімше: «Міндеттеме туралы жалпы ережелер», оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені тоқтату. II-бөлімше: «Шарт туралы жалпы ережелер», оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу).

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:

IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу-сату, айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік қызмет көрсету; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

V-бөлім. «Интеллектуалдық меншік құқығы» (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары).

VI-бөлім. «Мұрагерлік құқық» (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу).

VII-бөлім. «Халықаралық жеке құқық» (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар).

Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар.

Оның біріншісі бүкіл құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы бөлімдер қайталанудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық заңдары қолданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарына бар.



Талқылау сұрақтары:

1. Азаматтық құқық жұйесіне сипаттама беру.

2. Құқық жұйесіндегі салалары.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
1. Қағидат (принцип) терминіне түсініктеме.

2.Азаматтық құқықтың принциптері.

3.Моральдық зиян туралы түсінік.
Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың қағидаттарына сипаттама беру, жан –жақты қарастыру. Азаматтық құқықтың принциптеріне талдау жасау. Моральдық зиян туралы түсінік қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет