ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ
ОРЫНДАҒАН:
“ЗАҢ” ФАКУЛТЕТІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ
СЫЗДЫКОВА ЭЛЬНУРА
ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ — ЖАСАЛҒАН
ҚЫЛМЫСТА АЙЫПТЫ ДЕП ТАНЫЛҒАН
АДАМҒА АЙЫПТАУ ҮКІМІН
ШЫҒАРАРДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЫҚПАЛ
ЖАСАУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАСЫН
СОТТЫҢ ТАҢДАУЫ.
ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЗАҢДЫ ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЕҢ
ЖАУАПТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ САТЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ, ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ, ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ТҮЗЕУГЕ,
ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУГЕ, ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН
АЛУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. ЖАЗАНЫҢ ОСЫ
МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
КӨБІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ӘДІЛ
ӘРІ НЕГІЗДІ ТАҒАЙЫНДАУ АРҚЫЛЫ
МҮМКІН БОЛАДЫ
ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАЗАНЫҢ АУЫР-ЖЕҢІЛДІГІ ЖАСАЛЫНҒАН ҚЫЛМЫСТЫҢ
СИПАТЫНА ЖӘНЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ АУЫР ЕКЕНДІГІНЕ, АЙЫПКЕРДІҢ ЖЕКЕ
БАСЫНА ЖӘНЕ БАСҚА МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ.
ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАСЫНЫҢ ӨЗ МІНДЕТІ, ӨЗІНЕ ТӘН
МАҚСАТЫ БОЛАДЫ. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ - ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ, ОНЫ
ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ
ҰМТЫЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК НӘТИЖЕ.
ЖАЗАНЫҢ НАҚТЫ МАҚСАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЗАҢДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕРДЕН ТУЫНДАЙДЫ (ҚК-ТІҢ 2-
БАБЫ).
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАҒАНДА КІНӘЛІНІҢ
ЖЕКЕ-ДАРА ЖАУАПКЕРШІЛІК ПРИНЦИПІН НЕГІЗГІ
БАСШЫЛЫҚҚА АЛАДЫ. ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЬШЫҢ
1999 ЖЫЛҒЫ 30 СӘУІРДЕГІ «ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАҒАН КЕЗДЕ СОТТАРДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУЫ
ТУРАЛЫ» № 1 ҚАУЛЫСЫНДА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ БАРЛЫҚ
АДАМ ЗАҢ МЕН СОТ АЛДЫНДА ТЕҢ, ЕШКІМ ДЕ СОТ
ҮКІМІНСІЗ ҚЫЛМЫС ЖАСАУДА КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛУҒА
ЖАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛА
АЛМАЙДЫ ДЕГЕН ҚАҒИДАЛАРЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА
ОТЫРЫП, СОТТАР ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРІ МЕН АУЫРЛЫҒЫНА,
АЙЫПТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖӘНЕ КОҒАМДАҒЫ ОРНЫНА
ҚАРАМАСТАН, ӘРБІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ЗАҢҒА СӘЙКЕС
БҰЛЖЫТПАЙ ШЕШУІ ҚАЖЕТ ЕКЕНДІГІНЕ ЖЕТЕ НАЗАР
АУДАРУҒА ТИІС.
Достарыңызбен бөлісу: |