Ұзақ мерзімді жоспар тілдік мақсаттар туралы Орта мерзімді жоспар 7


Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып



бет12/59
Дата03.12.2023
өлшемі141.87 Kb.
#485304
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Оку жоспары Дене шыныктыру 7 сынып (1%

Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып

2-тарау: Командалық спорт ойындары арқылы өзара әрекеттестік

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Оқушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды
меңгерген деп күтіледі.

Контекст

Бұл тарау оқушыларға олардың тактикалық құзыреттіліктерін, түрлендірілген ойындардың кең қатары арқылы шешімдер қабылдау және
проблемаларды шешу бойынша дағдыларын дамытуға көмектеседі. Когнитивті дағдыларын дамыта отырып, оқушылар ойындар арқылы өздерінің физикалық дағдыларын жетілдіреді, оларда ойын арқылы оқуға және оқытуға ерекше назар аударылады.

Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз
тіркестері

Оқушылар:
ойындар олардың жеке де, сондай-ақ командалық та физикалық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады

Мыналарды қамтиды:
кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру допты лақтыру, қағып алу, алып жүру (қолмен/аяқпен), ұру
қарсы тұру, шабуыл, қорғаныс тактика, проблема, шешім қауіпсіздік
рөлдер және қалыптар: қорғаушы/шабуылдаушы, ойыншы, гол соғушы/қақпашы, орталық/бүйірлік, байланыстырушы
дәлді орталық

Мысалы (тілдік мақсатқа байланысты):

Талқылауға арналған сұрақтар: Сендер бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңдар?
Сендер допты ұстап қалу немесе доппен ілгері жүру үшін қандай тактикаларды пайдаландыңдар?
Бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін, сендерге нені жетілдіру қажет – жекен немесе командалық дағдыларды ма?
Сендер өз ойындарыңа қатысты қазір, қарсылас командаға қарсы ойынның бастапқы тәжірибесі болған кезде қандай шешімді басқаша қабылдар едіңдер?
Сендер ойын ережесін сақтадыңдар ма?
Ойындардағы қауіпсіздік туралы неліктен хабардар болуымыз керектігін айта










аласыңдар ма?

Басқа да тілдік оқу мақсаттарын қалыптастыру және оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар алу әрі ғылыми тілді зерттеу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет