алдын-ала оқыту және барлығынан бұрын мазмұн түсініктерін қолдануды меңгеруге қажетті Негізгі сөздер мен фразаларды алдын-ала қолдану
оқушыларды барлық төрт тілдік дағдыларды әр түрлі мағыналық мақ
саттарға қолдандыру (мысалы, оқу - тыңдау, оқу - жазу, оқу - сөйлеу, тыңдау - жазу, т.б.)
оқушыларды ашу диалогтарына кірістіру (мысалы, жай ғана білімді көрсететін сұрақтардан аулақ, оның орнына білімді тұрақты талқылауларға қолдану және оқушылар диалогты жалғастыра алатындай бай тіл байлығымен қамтамасыз ету)
тілге қатысты үйрену дағдыларын оқыту (мысалы, таңдай отырып тыңдау, ашып айтуды сұрау, металингвистикалық және метакогнитивті білуді дамыту, өзгертіп айту, сөздік дағдылар)
тіл туралы сыни ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақтырақ қолдану, меңгеру тіліндегі прогрессті бағалауларын сұрау)
тілдік мақсатты сабақ басында қойып және сабақ соңында сол мақсатқа жету жолындағы жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсатқа мысал әр жоспардың бөлімінде берілген. Тілдік мақсаттың мысалы сонымен қатар, кейбір оқушыларға тілді пайдалануда және меңгеруде қажетті кейбір ғылыми тілді де ескереді. Бұл тіл келесі тақырыпшалармен берілген: (1) пәнге байланысты лексика мен терминология, (2) диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы. Осы тілді оқушыларға түсінікті ету оларға пән мазмұнын меңгеруге және тілдік оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі.
Өзге тілдік мақсаттарды, төменде берілген сөздерді қолдану арқылы құрауға болады: талдау, категорияға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама – қарсы қою, көшіру, жасау, сынау, анықтау, суреттеу, қайта өзгерту, түсіндіру, мысал келтіру, болжам жасау, пікір алысу, алдын ала болжау, даярлау, баламалы шешім ұсыну, себебін түсіндіру, қайта анықтау, қайта құрау, түрлендіру, баяндау, мазмұндау, түзету, қайта жазу, рөлдік ойын, түйіндеу, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсатта қолдану, өз сөзіңмен.... дефинициясын / анықтамасын жаз және бейнеле.
Кейбір тілдік мақсаттар пәндік мақсаттар ретінде қарастырылғанымен, пәндік және тілдік мақсаттарды бір - бірінен ажыратып көрсету оқушыларға тіл мен пәнді қоса қарастыратын екі жақты
мақсатқа ие болуға көмектеседі. Бұл сонымен қатар, жауаптарға / шешімдерге қойылған назар мен сол сұрақтарға жауап табу үдерісін теңестіруге көмектеседі. Оның ішінде, сол үрдістерге назар аудару тілді дұрыс қолдану мен ойлануда жоғары дәлдікті талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |