Заңды фактілердің түсінігі және белгілері



Дата20.11.2023
өлшемі22.74 Kb.
#483812
stud.kz-23444


Заңды фактілердің түсінігі және белгілері
Тараптарда субъективтік құқық пен міндеттерінің болуы құқықтық қатынастарды әлі тудырмайды, себебі бұл құқықтар мен міндеттер әзірше қағазда қалады. Оларды «жандандыру» үшін белгілі арнайыланған әрбір нақтылы құқықтық қатынастар үшін құқық нормаларымен алдын ала белгіленген жағдайы болуы қажет. Ондай жағдайларға не факторларға заңды фактілер жатады.
Заңды фактілер – нақтылы өмірлік жағдайлардағы құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не күшін жоюы.
Заңды факторларға қарапайым тұрмыстық не экстроорди-нарлық (кәдімгідей емес) кездер жатпайды, тек сол өмірлік кездер жатады, егер оған тікелей заңды нормалар көрсетсе (мысалы, Н-нің жоғары оқу орнына түсуге құқығы бар, белгілі деңгейдегі құқықтық қабілеттілігі бар, бірақ ол мүмкіндікті іс жүзіне асыру үшін бір ғана жағдай жетіспейді, сонымен қатар түсуге лайықты тапсырылған емтиханның жоқтығы).
Заңды факторлардың көрінуі көптүрлі, бірақ оларды жіктеуді жалпылама белгілеріне қарай жасауға болады. Құқықтық қатынастардың қатысушыларының еркіне байланысты заңды фактілер бөлінеді: әрекет және оқиға.
Әрекет – бұл құқықтық қатынастардың қатынасушыла-рының еркіне байланысты фактілер. Әрекет құқыққа сай не құқыққа сай емес (құқықты бұзушы) болуы мүмкін.
Құқыққа сай әрекет – құқық субъектілерінің істейтін қимылы, әрекеттегі нормалардың қалпында жасалса. Заңды бағыттарының белгілеріне байланысты құқыққа сай әрекеттер мынандай түрлерге бөлінеді: заңды актілер құқыққа сай әрекет ретінде, қандай болмасын белгілі заңды, маңызы бар нәтижеге жету мақсатында жасау, яғни заңды салдар маңызын туғызушылар (келісім, азаматтардың өтінішін сотпен шешу, сатып алу-сату, орындалған жұмыс); әкімшілік актілер билік органдарының жарлығы, белгілі заңды салдар (өмір сүретін жерді алу үшін ордер беру, әскери қызметке шақыру); заңды қылық заңды салдарды туғызбау мақсатында жасалады, бірақ сол әрекеттің күшімен сондайды туғызады (мысалы, автор болуға заңды құқықтың пайда болуы не қойманы жабу, құқықтық қатынастардан туындайтын қатынастары).
Құқыққа сай емес әрекет – бұл құқық субъектілерінің әрекеті, яғни ол құқықтық ұйғарымның талаптарымен сай келмейді, тікелей оған қарсы келеді. Бұл құқықбұзушылық (қылмыс немесе теріс қылық), олардың құрамы, жалпы ережемен түгелдей белгілі заңдарда тіркелген.
Оқиға – оның пайда болуы құқықтық қатынастарға қатынасушылардың еркіне байланысты емес.
Есте сақтайтын нәрсе сол, оқиға адамдардың қатысуымен болады, бірақ олардың еркімен емес, яғни адамдар не ондай нәтиженің болатынын тілемеген не олардың болу мүмкіндігіне немқұрайды қараған; салыстырмалы оқиға (оқиғаға адамның қатынасы жанама) және абсолютті оқиға (оқиғаға адам әрекеттерінің тіпті қатынасы жоқ найзағай, өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, т.б.).
Осы жағдайлардан басқа, заңды актілерге сонымен бірге уақыт та жатқызылады, заңды презумциялар, функциялар жағдайы.
Заңды уақыт – бұл заңды фактілердің бір түрі, құқық нормаларының пайда болуын байланыстыратын белгілі уақыт ортасында өзгеруді не құқықтық қатынастарды тоқтатуды және соған сай заңды салдарды көрсетеді.
Көбірек маңызды заңды уақыттың ішінен мынаны айтуға болады: құқықты өзгертуші уақыт (басталуы не олардың уақытының бітуі, құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін өзгертуге әкеліп соғады); құқықты құраушы (құқықтық қатынастар қатысушыларының субъектілерінің құқықтары мен заңды міндеттерін белгілейді); құқықты тоқтатушы (соған сай субъективтік құқық пен заңды міндеттерді тоқтатады (белгілемейді); талапты (өкілетті адамның тікелей міндетті адамға, өз азаматтық құқығын қорғау туралы жүргізген кезеңі); шегеруші (жасалған келісімнің құқықтық салдарының болатын кезі); табиғи уақыт (бұл уақыт өткенше кредитор міндетті адамнан өз міндеттемесін орындауды талап ете алмайды); заңды уақыттар (заңмен белгіленген және сондықтан жәй ғана өзгерту мүмкін емес); келісілген уақыт (азаматтық-құқықтық қатынастарының жоқтығы белгілеген); абсолютті-белгіленген уақыт (жоқтардың субъективтік құқық-тары мен заңды міндеттерінің нақты уақытының пайда болуы мен тоқтатылуын көрсетеді); салыстырмалы-белгіліктегі уақыт (нақтылы құқықтық қатынастардың арнайыланған күшіне қарай белгіленетін «нормально-необходимые», «разумные», «соразумные», «своевременные» т.с.с.).
Заңды презумция – бұл заңдарда бекітілген, алдын-ала белгілі заңды фактінің болғанына не жоқтығына сай, құқық нормаларының заңды нәтиженің болуын байланыстырады.
Презумцияның бірнеше түрі бар: фактіге байланысты (презумция өмірлік тәжірибеге сүйенген, сондықтан қандай болмасын формалды бекітуді қажет етпейді). Легальді не заңды, яғни тікелей заңда бекітілгендер (кінәлі емес презумциясы, заңды білу презумциясы, азаматтық тәртіптілігі, жоғары деңгейдегі қауіптіліктің қайнар көзінің иесінің, сол қайнар көзбен келтірген зияны үшін кінәсі; жалпылама құқықтық презумция өз әрекетін барлық құқықтық аяға жаяды; салалық, бір не бірнеше құқық салаларында әрекет етуші; салааралық (әкелік презумция, мүлікті бөлу кезіндегі жұбайлардың бөліктерінің теңдігі); қайтарылмайтын (қылмыстық құқық бойынша кінәлі еместігі не азаматтық құқық бойынша кінәлілігі) және қайтарылмайтын презумциялар (заңдарды білу).
Заңды функция – заң шығарушымен мойындалған шындыққа жататын жағдайлар, адамның, құқықтың жағдайына формальді белгілілік кіргізеді сонымен, өзі қатынасуымен қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпал етеді.
Функиялар көп таралған және құқықтық реттеу аясында көптеген көмекші функцияларды атқарады: өлді деп хабарлаған азаматтың өлген күні деп, соттың шешім шығарған күні есептеледі; соғыс жағдайына байланысты хабарсыз кеткендер сотпен өлді деп егер соғыс біткеннен кейін екі жыл өтсе ғана; егер адам хабарсыз бір жаққа ауысып кетсе және ол туралы хабарлама шақыру қағазы (повестка) ақырғы өмір сүрген жеріне апарылады, яғни басқа адамдардың қолына тапсырылса да адресі бойынша тапсырылады деп есептеледі.
Заңды жағдайлар – бұл созылмалы өмірлік жағдай, заңды нәтижесінің болуының негізі ретінде қызмет етіледі. Бұл заңды факторладың күрделі түрлерінің бірі, салыстырмалы тұрақтылықпен және ұзақ кезеңде өмір сүрумен сипатталады, сол уақытта олар (басқа факторлармен байланысып) құқықтық салдардың тез болуына бірнеше рет жағдай жасалуы мүмкін (жынысы, жасы, денсаулығы, отбасылық жағдайы, еңбек келісімдегі жағдайы, түрмеде болу, азаматтық, туыстық, мамандық, жұмыс істеген уақыты, әлеуметтік рөлі, т.б.).
Түсетін салдарына байланысты заңды фактілер төмен-дегіше бөлінеді:

  • құқықты құрушы фактілер – бұл заңды фактілердің түрі, тікелей құқықтың қатынастарын туғызады (азаматтық-құқықтық келісімдер, отбасы құқығына сай некеге тұру, қылмыстық әрекеттер істеуіне байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастарды туғызуы, еңбек келісім шартын жасауы, лауазымды орынға сайлау, т.б.).

  • құқықты өзгертуші заңды факторлар – бұл заңды факілердің түрі, олар құқықтық қатынастарды өзгертушілер (басқа жұмысқа ауыстыру, жақтардың арасындағы еңбек туралы құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертеді, бірақ тұтасымен құқықтық қатынастар сақталады, адамның міндеттілігін өзгерту, тиісті әскери атақты әскерлерге арнайы қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге беру.

  • құқықты тоқтатушы заңды фактілер – бұл заңды фактілердің бір түрі адамның өзі субъективтік құқығын іске асыруда не заңды міндетін не басқадай заңдармен белгіленген кездерді іске асырудағы әрекетін тоқтатуды қамтамасыз етуші, келісім шартын тоқтату, есептелген қауіпсіздік ақшасын төлеу).

Кейбір кездерде, барлық осы үш түрдегі фактілер бір актімен туындауы мүмкін. Мысалы, адамның қайтыс болуы, мұрагерлік қатынастың пайда болуына, қарыз бойынша міндеттілікті өзгертуге, отбасылық, еңбектік және басқа құқықтық қатынастардың тоқталуына әкеліп соғады.
Кейбір құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына, тек бірнеше заңды фактілердің негізінде мүмкіндігі бар. Мұнда олардың жиынтығы, заңды (фактілер негізінде) көрінуі мүмкін. Мысалы. зейнеткерлік құқықтық қатынастар мынандай жағдайлардың жиынтығын талап етеді: соған сай жасы, еңбек өтілі, әлеуметтік қамсыздандыру органының шешімі; жоғары оқу орнына түсу үшін жалпы орта білімді, емтихандыжақсы тапсыруды, бірінші курсқа қабылданғаны туралы ректордың бұйрығын талап етеді.
Сонымен, шын мәніндегі (фактический) заңды құрылым – бұл құқық нормаларымен белгіленген, құқықтық нәтиженің болуына қажетті заңды фактілердің жиынтығы.
Заңды құрылымды, заңды фактілердің жүйесі ретінде қарауға болады, яғни ашық түрдегі фактілік жүйе деп айтуға болады (заңды фактілердің комплексінде, әрекеттегі заңдармен белгіленбеген элементтердің пайда болуына рұқсат етеді, мысалы келісім күшімен, құқықтың мәнінің жалпы бастауын) не фактілер жүйесінің жабылуы туралы (заңды фактілердің комплексінде, элементтік жүйе жеткілікті түрде белгіленген, мысалы құқықты бұзу құрылымы).

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.А.Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева. Мемлекет және құқық теориясы. Түркістан: 2012 ж. - 208 б.
2. Т.А.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: 2003 ж. - 328 б.
3. Д. А.Булгакова. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: 2006 ж. - 106 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет