«Заңғар жазушы ізімен »



Дата21.12.2023
өлшемі31.7 Kb.
#487331
Заңғар жазушы ізімен Ақниет 2


«Заңғар жазушы ізімен...»
Жазушы - бұл әдебиет әлемінде өмір сүретін шығармашыл тұлға. Әлемде әртүрлі жазушылар кездеседі. Біреуі өмірде бола бермейтін қиял ғажайыпты жазса, екіншісі заманның шындығын жазады. Қазақта мұндай жазушылар өте көп. Соның бірі, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Менің ойымша, Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетіндегі орны бөлек жазушылардың бірі. Тіпті,орыс драматургі Николай Погодин Мұхтардың шығармашылығын бағалай келе «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай» деп пікір қалдырған екен. Мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Себебі, Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы өз заманындағы жазушылардың еңбектерінен артық болмаса кем түспейді. Заңғар жазушының повестері,әңгіме,романдары және т.б көптеп кездеседі. Әуезов дегенде ең алғаш ойыма түсетіні «Абай жолы» роман эпопеясы.Менің ойымша, жазушының бұл романды жазғандағы мақсаты, жас ұрпақ қазақтың ұлы ақыны Абайды жақсы білгенін қалады. Біз осы романды оқу арқылы Абай жайындағы ақпаратты толығымен бойымызға сіңіре аламыз.Сонымен қатар Әуезовтің қазақ әдебиетінде үлкен орын алатын, махаббатқа толы драмалық шығармасы бар, бұл «Еңлік Кебек» драмасы. Менің пайымдауымша, Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінде бір ғана тақырыптарды емес, бірнеше тақырыптарды кеңінен қарастырған тұлға.Оның сондай көркем туындыларының бірі болып «Жетім» әңгімесі саналады.Менің түсінгенім бойынша, «Жетім» әңгімесі бір ғана Қасымның емес, осы замандағы барлық жетім балалардың тағдырындағы талай қиын сынақтарды бейнелейді. Бұдан бөлек Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі тек әңгіме ретінде ғана емес көркем фильм түрінде де халыққа жол тартты. Бұл әңгіме мен фильмнің мағынасы – адам баласына табиғат заңдылықтарына қарсы жүрмеу керек екендігін ұғындыру , аманатқа қиянат жасамау керектігіне үндеу екені айдан анық.
Менің өз ойымды қорта келе айтарым, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармалары - қазақ әдебиетінің таза айнасы және мол қазынасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет