Зайсан қала округінің 2014 жылдың атқарылған және 2015 жылға атқарылатын жұмыстары туралы
Елбасының өткен 2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауы «Мәңгілік ел», жалпыұлттық идеясы еліміздің дамуының жарқын болашағын нақтылап, халқымыздың береке-бірлігін, ынтымағын арттыру, тәуелсіздіктің даңғыл жолындағы ұлы мақсаттарды айқындап берді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында көзделген басты мақсат еліміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл ретте, бүкіл қазақстандықтармен бірге, біздер Зайсандықтар береке-бірлікте, алдағы үлкен мақсаттарға жұмылып, күш біріктіріп, аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз керек.
Елбасының 2050 Стратегиясының бағдарламасын насихаттау барысында Зайсан қала округі бойынша 285 кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, оған 10 мың 500 адам қамтылды. Жалпы Елбасының Жолдауын насихаттау баршамыздың басты назарымызда болуы тиіс.
Зайсан қала округіндегі 2015 жылдың 1 қаңтарында статистикалық есебі бойынша 2013 жылы 15597 адам, 2014 жылы 15986 адам, 389 адамға артып, 101 % өсіп отыр. 2013 жыл туған бала саны 335, 2014 жылы туған бала саны 328, көрсеткіш 7 балаға азайды. 2013 жылы қайтыс болғандар саны 120, 2014 жылы қайтыс болғандар саны 195, көрсеткіш 75 адамға артты. Жалпы халықтың көшіп қону жағдайын есептегенде 2014 жылы 1619 отбасы көшіп келген. Ал 456 отбасы көшіп кеткен. Қала бойынша 4249 отбасы есепте тұрады. Оның ішінде ҰОС-ның ардагері – 8, тыл ардагері – 244, зейнеткер – 2090, мүгедектер – 570, мүгедек балалар – 56.
Қалада аз қамтылған отбасы саны – 114, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатындар саны – 335, көп балалы аналар саны - 150, алтын-күміс алқа иегерлері саны – 270.
Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді. Бұған қоса жыл сайын мемлекет тарапынан беріліп отырған қаржы көлемі де артуда. 2013-2014 жылдардың атаулы әлеуметтік көмектің және балалар жәрдемақысының көлемі төмендегідей:
Р/С
|
Көмектің атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
Отбасы саны
|
Қаржысы
|
Отбасы саны
|
Қаржысы
|
1
|
Атаулы әлеуметтік көмек
|
133
|
22 095
|
114
|
17 664,6
|
116%
|
2
|
Балалар жәрдемақысы
|
344
|
13 427,5
|
335
|
13 925,5
|
103%
|
Сонымен қатар тұрғын үй көмегі бойынша 2013 жылы 86 отбасына 2 млн 527 мың теңге бөлінсе, 2014 жылы 85 отбасына 2 млн 084,1 мың теңге тұрғын үй көмегі берілді.
Қала бойынша жұмыссыздық туралы мәлімет:
Р/С
|
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
1
|
Тіркелген жұмыссыздар саны
|
296 адам
|
258 адам
|
115% азайды
|
2
|
Ашылған жұмыс орындар саны
|
269 адам
|
321 адам
|
0,84% көбейді
|
3
|
Жұмысқа орналасқандар
|
304 адам
|
213 адам
|
143% азайды
|
Қалада 79 дүкен, 10 шаштараз, 8 аяқ киім шеберханасы, 5 тойхана оның ішінде 1 жаңадан ашылған, 30 дәмхана, 13 сауда үйі, 8 қонақ үйі, 1 диірмен, 7 наубайхан, 7 дәріхана, 6 нотариус, 6 тігін цехы, 7 жанар май станциясы, әр түрлі деңгейдегі 5 банк орналасқан, 8 машина жөндеу шеберханасы, 2 ветеринариялық дәріхана, 1 кітапхана, 1 байланыс бөлімі, 1 орталық аурухана, 1 ЖҰЕ, 4 мектеп, 1 кәсіптік лицей колледжі, 1 мектеп интернаты, 1 мәдениет үйі және халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуде.
Салық түрлері бойынша:
Р/С
|
Салық түрлері
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
1
|
Мүлік салығы
|
903,700 мың
|
970,00 мың
|
0,93% артқан
|
2
|
Жер салығы
|
1 244 800 мың
|
1 452,00 мың
|
0,86% артқан
|
3
|
Көлік салығы
|
34 285 500 мың
|
35 800,00 мың
|
96% артқан
|
Алгоритм бойынша қосымша кіріс көзі анықталып, қала округі бойынша: 10 млн 247 мың теңге аудан бюджетіне түсірілді.
2014 жылы қала тұрғындарының талап тілегі бойынша барлығы – 606 арыз түсіп тіркелді. Оның ішінде заңды тұлғалардан – 25, жер сұрап – 237, құжат рәсімдеуге – 326, құрылыс салуға 18 өтініш түскен. Арыздардың барлығы өз деңгейінде қанағаттандырылды. Қалада 2013 жылы жеке меншік 24 тұрғын үй салынса, 2014 жылы 16 жеке меншік үй салынып, қоныстаны. 72 үй салынып жатыр.
Зайсан қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы.
2014 жылы Зайсан қаласында 2 жеке меншік және 1 мемлекеттік бала бақша ашылып, қызмет атқаруда. Сонымен қатар сметалық құны 1 млн 429 мың 052 теңгені құраған 600 орындық орта мектеп, 300 орындық интернат құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Бөгенбай көшесіндегі жалпы сметалық құны 337 млн 243 мың теңге 140 орындық бала бақша құрылысы уақытында аяқталып, қолданысқа берілді.
«Термомодернизация» бағдарламасымен құны 29 млн теңгеге мөлтек ауданындағы 7 көпқабатты үй жөнделуден өтті.
Зайсан қаласындағы Жангельдина көшесі №104 үйдің тұрғыны ҰОС-ның ардагері Р.Ғазизовтың төбесі жалпы құны 500 мың теңгеге және кәріз, су құбырлары жаңартылды.
Зайсан қаласындағы Ә.Кенжебаев (бұрынғы Шанин) көшесі құны 1 млн 100 мың теңгеге жарықтандырылып, көшесін орташа жөндеуден өтті.
Зайсан қаласындағы Малдыбаев, Победа, Жақсылықова көшелері орташа жөндеуден өтіп, асфальт жайылды.
Зайсан қаласында жаздық спартакияда өтіуіне байланысты орталық стадионды орташа жөндеуден және төбесі жөнделіп, қолданысқа берілді. Сметалық құны 6 млн 617 теңге.
Қала шетіндегі Ипподромның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Зайсан қаласындағы орталық бассейн орташа жөндеуден өтті. Сметалық құны 2 млн 373 мың теңге.
Көркейту-көгалдандыру мақсатында Зайсан қала көшелерінің бағандарына 325 дана Факел орнатылды. Сметалық құны 15 млн 026 мың 530 теңге.
Зайсан қаласы бойынша кәсіпкерлік саласы:
2014 жылдың 01 желтоқсанына шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны – 67, ал 2013 жылы -60 немесе 111,6% құрайды. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 41, 2013 жылы – 34 сәйкес мерзімімен салыстырғанда 120,6% құрайды, соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 31, 2013 жылы – 30, немесе 103% құрап отыр.
2013 жылдың 15 тамызында «СМУ-Шығыс» ЖШС-ның құны 411 млн теңге «Құрылыс материалдары комбинатының темір – бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі» облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, аймақтық индустриаландыру картасына енгізілді.
Осы жобаға қаралған 411 млн теңгенің 340,7 млн теңге несие «БРК - Лизинг» арқылы алынса, 81,7 млн теңге өз қаражат есебінен. «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып танылады. Қазіргі уақытта «БРК - Лизинг» арқылы алынған қаражат итальяндық «Корсетти» фирмасына аударылып, қажетті қондырғылар алынып орнатылды. Жұмыстар атқарылуда. Жоба іске асқанда жаңадан 20 адам жұмыс орнымен қамтылады. Толық жобалық қуаттылыққа 2016 жылы шығады. Сонымен қатар «СМУ-Шығыс» ЖШС-ы мекемесінің автобустары Зайсан халқына қызмет көрсетуде. 6 жасқа дейінгі балалар мен ҰОС-ның ардагерлеріне жол ақысы тегін. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы» бойынша:
Зайсан қаласы бойынша 2014 жылы «2020 бағдарламасы» арқылы несие алған азаматтардың тізімі:
№
|
Жеке кәсіпкерлердің ұсыныс бағдарламалары
|
Ұсыныс білдірген несие соммасы (мың теңге)
|
Жобаға қатысқан адамдардың А.Ж.Т
|
Жұмысқа қабылданатын адам саны
|
1
|
Музыка студиясын ашу
|
1500
|
Дакенов Сейтбек Толеуханович
|
1
|
2
|
Пенобетон шығаратын цех ашу
|
2500
|
Байдашев Салауат Бакытбекулы
|
1
|
3
|
Құс фабрикасын ашу
|
2000
|
Кітапбаева Ғалия Көкенқызы
|
1
|
4
|
Жихаз цехын кеңейту
|
2000
|
Орибаев Кайрат Курмангажыулы
|
1
|
5
|
Газбетонды цех ашу
|
12000
|
Кунанбаева Мадина
|
4
|
6
|
Пенобетон шығаратын
|
2000
|
Майжерова Самал Токтаубайкызы
|
1
|
7
|
Шаштаразды кеңейту
|
1000
|
Наккожина Алмира
|
4
|
8
|
Құс фабрикасы
|
5500
|
Үгітхан Назира
|
6
|
9
|
Құрылыс материялдарын кеңейту
|
1600
|
Агабылов Ерасыл Майтанович
|
1
|
10
|
Столяр цехын ашу
|
2000
|
Сабитов Равиль Манарбекович
|
1
|
11
|
Открытие упаковочного цеха
|
2000
|
Сайламхан Жамбыл
|
4
|
12
|
Шаштараз ашу
|
1000
|
Жаксыбаева Фатима Советбековна
|
3
|
13
|
Кремнеграниталық блоктар цехын ашу
|
3000
|
Омарова Айжан Зарыкканкызы
|
3
|
14
|
Шиномонтаж ашу
|
1500
|
Мұхтаров Қанат Қайратұлы
|
3
|
15
|
Ағаш өңдеу
|
2500
|
Оспанов Дархан Маратулы
|
3
|
16
|
Жук тасмалдағыш
|
3000
|
Майжеров Муратбек Тюсюпбекович
|
1
|
Барлығы:
|
45100
|
|
38
|
Білім саласы бойынша:
Қалада 5 орта мектеп, 1 кәсіптік лицей колледжі, 4 мемлекеттік және 2-жеке меншік бала бақша қызмет атқаруда. 5 орта мектепте 2670 бала оқиды. Осы балалардың 92,6% ыстық тамақпен қамтылып отыр. ҰБТ бойынша тестілеуге сұраныс берген 320 оқушы түгелдей қатысып, аудан бойынша орташа балл – 80,7% болды, өткен жылмен салыстырғанда 11,3% артқан. ҰБТ қортындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына үміткер 15 мектеп бітірушіден - 6 бекіді, бұл 2,5% құрады және өткен жылмен салыстырғанда 5,7% кем болды. Үздік аттестатқа 2 үміткер қатысып, 2 үміткер өз сенімдерін ақтап шықты.
Р/С
|
Мектептер
|
Оқушы саны
|
Мұғалімдер саны
|
ҰБТ қорытындысы %
|
1
|
Ю.А.Гагарина
|
343
|
42
|
72,8%
|
2
|
М.Әуезов
|
822
|
77
|
79/8%
|
3
|
М.Ломоносов
|
745
|
82
|
86,6%
|
4
|
Х.Мұстафина
|
372
|
35
|
76,6%
|
5
|
М.Дәуленов атындағы мектеп-интернат
|
787, (жатаханада 184 бала)
|
70, (оның сыртында 11 тәрбиеші)
|
81,9%
|
2014 жылы білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасы жаңартылып, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
1. Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебіне жергілікті бюджеттен 4097,0 мың теңгеге биология кабинетіне толық құрал-жабдықтар сатып алынды. Заречный мөлтек ауданында 22 көше, 660 тұрғын үй, 3300 халық бар.
2. М.Ломоносов орта мектебіне 137,0 мың теңгеге жылу қазандығына 1 насос сатып алынды, 1797,0 мың теңгеге вентиляциялық жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.
3. Х.Мұстафина орта мектебіне 260,0 мың теңгеге асханаға электр плитасы сатып алынды.
4. М.Ломоносов, Х.Мұстафина орта мектептерін 2015 жылы газбен жылытуға 4816,0 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы жасалынды.
Ауылшаруашылық саласы бойынша:
Жалпы қала округінің жер көлемі 18832 га, оның ішінде егістік жер – 4068 га, шабындық – 2468 га, қалғаны жайылымдық жер. Ауылшаруашылық жерлері 88 шаруа қожалықтарына беріліп, олар мал, егін шаруашылығымен айналысуда. Өткен жылы егілген дақылдардың көлемі 1557 га, дәнді дақыл 368 га, картоп 326 га, көкеніс 191 га, бақша 21 га, майлы дақылдар 53 га, көп жылдық шөп 158 га. Алынған картоп, бақша өнімдері қала халқына саудалануда.
Р/С
|
Дақылдар (га)
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
1
|
Егіс алқабы
|
1370
|
1557
|
88% артты
|
2
|
Бидай
|
320
|
336
|
9% артты
|
3
|
Арпа
|
30
|
20
|
15% азайды
|
4
|
Тары
|
20
|
12
|
17% азайды
|
5
|
Бақша өнімдері
|
20
|
21
|
9% артты
|
6
|
Көкеніс
|
250
|
191
|
13% азайды
|
7
|
Күнбағыс
|
50
|
53
|
9% артты
|
8
|
Картоп
|
310
|
326
|
9% артты
|
Егін шаруашылығында жетістіктермен бірге кемшіліктер әлі де жойылмай орын алуда. Атап айтқанда шаруа қожалықтары жерлерін толық пайдаланбауда. Сондықтан, жалпы игерілмеген егістік жерлерді аудан әкімінің қорына қайтару жұмыстары жүргізіле береді. Егіншілікпен айналысу үшін шаруа қожалықтарының материалдық техникалық базасын нығайтуымыз керек. Бүгінгі күні ауылшаруашылық техникалары жетіспеуі үлкен қол байлау болып отыр. Бүгіннен бастап көктемгі егіске дайындалуымыз керек. Қолда бар тұқымды тазалап, егу кондициясына жеткізіп, сараптамадан өткізуіміз тиіс. Жетіспеген тұқымға тапсырыс беріп, жоғарғы сортты тұқым сатып алу қажет. Сонымен қатар, мал азығының да берік қоры жасалып, қыстақтарға тасылды. Қала округінде сыртқы қыстақтармен қосқанда бүгінгі күнге 6647 бас ірі қара, 7366 бас қой-ешкі, 1380 бас жылқы малдары және 28 270 құс бар
2013-2014 жылдардың мал басының салыстырмалы өсу көлемі төмендегідей.
1
|
Ірі қара
|
9425
|
6647
|
142% азайды
|
2
|
Қой-ешкі
|
17150
|
7366
|
233% азайды
|
3
|
Жылқы
|
1080
|
1380
|
8% азайды
|
4
|
Құс
|
27200
|
28270
|
9% артты
|
5
|
Сүт
|
59470
|
7667,0
|
77% азайды
|
6
|
Жұмыртқа
|
7820
|
3345,00
|
23% азайды
|
7
|
Жүн
|
467
|
417
|
11% азайды
|
Бүгінде Зайсан қала округінд мал шаруашылығымен айналысып отырған 24 шаруа қожалық бар. 2014 жылы өздеріне қарасты ірі қара малдарына, оның ішінде аналық (сиыр) малдарына 15 шаруа қожалығы 19 млн 836 мың теңге көлемінде субсидия алды. Мал басын асылдандыру да қолға алынуда. Соған байланысты округ көлемінде 13 бас асыл тұқым бұқа сатып алған 8 шаруа қожалығына 2 млн 2 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Әр асыл тұқымды 1 бұқа 154 мың теңге тұрады. Зайсан қала округінің малына ветеринарлық қызмет атқаратын 1 ветеринариялық пункті, оның ішінде 6 ветеринариялық дәрігер және 2 санитар бар. Сонымен қатар Спамбетов көшесі №10 үйде қолдан ұрықтандыру пункті ашылып, қала тұрғындарына қызмет көрсетуде.
2014 жылы Зайсан қала округіне қарасты мал шаруашылығынан субсидия алған шаруа қожалықтарының тізімі.
№
|
Ш/Қ иесі
|
Ш/Қ атауы
|
2014 жылы субсидия көлемі
|
Алынған асыл тұқымды бұқалар саны
|
1
|
Тиметов.Е
|
Ілияс
|
702000 т
|
|
2
|
Кемелбаев.А
|
Шаңырақ
|
-
|
|
3
|
Базаров.М
|
Толқын
|
540000 т
|
|
4
|
Шакенов.Қ
|
Сайхан
|
4212000 т
|
|
5
|
Мусина.Н
|
Жомарт
|
1080000 т
|
2 бас-308000
|
6
|
Шакенов.Қ
|
Сатай
|
1080000 т
|
|
7
|
Еділбаев.С
|
Серік-Риза
|
720000 т
|
2 бас-308000
|
8
|
Қамшыбаев.О
|
Нәке
|
|
|
9
|
Райысова.Ш
|
Медет
|
|
|
10
|
Бекмуханбетова.Б
|
Тілек
|
1080000 т
|
|
11
|
Сабитов.Б
|
Жандос
|
1080000 т
|
|
12
|
Садықбаева.М
|
Бақытбек
|
-
|
-
|
13
|
Ыдырышев.К
|
Ыдырышев.К
|
540000 т
|
1 бас-154000
|
14
|
Еңсебаев.Қ
|
Ескі-Бақасу
|
1,386000 т
|
1 бас-154000
|
15
|
Мықиянов.Д
|
Жасұлан
|
3762000 т
|
2 бас-308000
|
16
|
Исабаев.М
|
Исабай
|
-
|
-
|
17
|
Қайсанов.Е
|
Береке
|
-
|
-
|
18
|
Қамшыбаев.Ұ
|
Рауан
|
-
|
-
|
19
|
Мұхаметқалиев
|
Шотанбай
|
-
|
-
|
20
|
Шабалов.Е
|
Қиқым ата
|
-
|
-
|
21
|
Қаскенова.А
|
Бақытжан
|
2160000 т
|
1 бас-154000
|
22
|
Абжанов.Қ
|
Шығыс
|
1080000 т
|
2 бас-308000
|
23
|
Итекбаев.Ф
|
Көктерек
|
1512000 т
|
2 бас-308000
|
24
|
Тілегенов.М
|
Нұрсапа-Т
|
1062000 т
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
19836000 т
|
|
Зайсан қаласы бойынша азаматша Мусина Назия «Жомарт» шаруа қожалығының иесі өз қаражатымен 100 бас сауын сиырын сатып алуға және «Тауарлы сүт» фермасын салу үшін ауылшаруашылық бөліміне бизнес жоспарын тапсырып, өз қаражатымен Сауыр мөлтек ауданынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қаладағы ең үлкен мәселенің бірі, қаңғыбас иттарді жою. 2013 жылы 474 ит атылса, 2014 жылы 426 ит, 17 мысық атылды. Ал 2015 жылдың осы қаңтар айында ғана 27 ит атылды. Осыған тиісті шаралар қолданылып, қатаң бақылау жүргізілуде.
Көгалдандыру-көркейту саласы:
Қаланы көгалдандыру мақсатында Марқакөл питомнигінен 352 түп шырша әкелініп, қала көшелеріне, мекемелерге, мектептерге, скверлерге отырғызылды. Жангельді, Желтоқсан, Боқажанов көшелеріне жергілікті 500 түп қарағаш көшеттері, «Абай» саябағына 1000 түп көктерек егілді.
Сонымен қатар қала бойынша ұйымдастырылмаған күл-қоқыс, свалка тазалауға 6 874,0 млн теңге, арықтарды тереңдетуге, бордюрлерді, саябақтарды ағартумен, баннерлерді орнатуға 2,8 млн теңге бөлініп, қаржы игерілді. Қаланы көркейту – көгалдандыру бойынша тастан қаланған гүлзарлар және архитектуралық формалар қойылды, құны – 2330,0 мың теңге. Қаланы көркейту – көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүйелі түрде жүргізілуде. Әр мектепке өз мөлтек аудандары бойынша көшелері мен саябақтары бөлініп берілген. Атап айтқанда:
-
Техникалық колледжге – Малдыбаев көшесі, сонымен қатар әуежайға баратын жолдың екі жағындағы сквер бөлініп берілген.
-
М.Дауленов атындағы мектеп-интернатқа – Желтоқсан көшесінің аяғындағы жолдың сол жағындағы 2 сквер, Желтоқсан көшесіндегі Абай көшесі және Спамбетов көшелерінің арасы бекітіліп берілген.
-
Х.Мұстафина мектебіне – «Рысқұлбеков» атындағы сквер және Жангельді көшесіндегі Керімбаев көшелерінің арасы бекітіліп берілген.
-
Ю.Гагарина мектебіне – Боқажанов көшесі және «Аубакиров» саябағы бекітіліп берілген.
-
М.Ломоносов мектебіне – Желтоқсан көшесі басынан Абай көшесіне дейінгі аралық және «Закиев» саябағы, Жангельдин көшесіндегі Керімбаев, Құрманғазы көшелерінің арасындағы гүл егетін гүлзар учаскесі бекітіліп берілген.
-
М.Әуезов мектебіне – «Абай» саябағы, Жангельдин көшесіндегі Құрманғазы және Победа көшелерінің арасындағы гүл егетін гүлзар учаскесі, Бөгенбай көшесі толығымен бекітіліп берілген.
Зайсан қаласы бойынша жаз айларында егілген гүлдерге және екпе шөптерге қала тұрғындары ірі-қара малдарын, жылқыларын арнаулы күтуге қоспай иесіз жіберуді әдетке айналдырды. Қала әкімшілігінің қызметкерлері барлық шаруаларын сиырып тастап иесіз жүрген малдарды арнаулы жасалған мал қамайтын қоршауға қамап, иелерін іздеумен болады. Алайда қала тұрғындары 2-тәулік қамалған малдарын іздеп келіп алмады. Шевченко, Заречный, ДЭУ, Сауыр мөлтек аудандарының тұрғындарына көше жиылыстарын өткізіп ескертулер жасалды. Қала тұрғындары ескертуден қорытынды шығармай қамалған малдарын түнгі уақыттарда қоршауды бұзып, талқандап алған кездері болды. Осындай 57 жағдай бойынша 157 420 теңге айыппұл аудан бюджетіне түсті. Бұл дегеніміз 1 жағдай бойынша 10-15 ірі қара, жылқы малдары қамауда. Сондықтан қала тұрғындары көктем-жаз айларында ірі-қара малдарыңызды күтуге қосып, уақытында алдынан шығып, малдарыңызға ие болуларыңызды сұраймын. 2015 жыл осы жағдайдың барлығы қатаң түрде қадағаланады.
2014 жылғы жедел жағдайды талдаудың қорытындысы.
Зайсан қала округі бойынша ішкі істер бөлімі өткен 2014 жылғы өтпелі әлеуметтік саяси кезеңде жылға қойған жедел қызметтік тапсырмаларын орындады. Осы жылда ішкі істер бөлімі қылмыстың алдын алу, жасалған қылмыстарды ашу және тергеу бағытында барлық күш құралдарын жұмылдырады.
Кала көлемінде жалпы республикалық және арнайы бағытталған «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Іздеу», «Допинг», «Жасөспірім», «Көше», «Қадағалау» және тағы басқа жедел алдын алу шаралары нәтижелі өткізілді. Азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасалған қылмыстарды жасырмау мақсатында нақты шаралар атқарылды.
2014 жылы барлығы 210 қылмыс тіркелген. Жалпы қылмыстың ашылу пайызы 2013 жылмен салыстырғанда 8,9 % -ға өсіп отыр. 2013 жылы 58,1 %-ды құраса, 2014 жылы 67,0 %-ды құраған . Ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 2013 жылы 83,3 %-ды құраса 2014 жылы 89,3 % құрайды. Яғни 6 % артқан.
2014 жылдың 12 ай көлеміндегі каладагы криминогендік ахуалды талдау қорытындысы бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төмендегі қылмыстар саны азайды.
- ауыр қылмыстар 88,9 %
- аса ауыр емес қылмыстар 83,6 %
- мал ұрлығы 52,4 %
- пәтер ұрлығы былтырғымен салыстырғанда 10 дерекке азайды.
- қарақшылық жолмен жасалған қылмыс 10 – нан 6 дерекке азайды.
- ұрлық дерегі - 4,8 %-ға төмендеп ашылу пайызы 44,4 %-дан 47,1 %-ға артқан.
- бұзақылық дерегі 94,1 %-ға артқан.
Қылмыстардың ашылу пайыздары төменде көрсетілген санаттар бойынша төмендеген.
-зорлау -22,2%
- пәтер ұрлығы -38,5%
Және де төменде көрсетілген қылмыстардың ашылу пайызы артты.
- алаяқтық 84,6 %
- бопсалау 75,0% -дан 100,0% -ға
2014 жылы 7 қылмыскер іздеуге жарияланып, оның 3 ұсталып қамауға алынды, 2013 жылдан 1 қылмыскер ұсталды.
Заңсыз айналымдағы есірткі затын тәркілеу бағытында - өткен жылмен салыстырғанда тәркілеп алынған есірткі затының салмағы - 3774,6% яғни 360,020 гр-нан 13 кг 949 гр 176 мг артқан.
Тергеу бағыты бойынша
-
өндірісте болған қылмыстық істер бойынша тергеушілердің жүктемесі 73,7 пайыз
-
өндірісте қысқартылған қылмыстық істердің жалпы санынан, ақталатын негізде қысқартылған қылмыстық істер 36,8 (облыс 32,9)
-
қосымша тергеу жұмыстарын ұйымдастыруға қайтарылған қылмыстар 1 қылмыстық іс
Әкімшілік полиция бөлімшесі
-
Кәмелетке жасқа толмағандармен жасалған қылмыстын саны -30,0%-ға төмендеген. Яғни (10-нан-7-ге дейін)
Жедел ахуалды талдау негізінде ҚР ІІМ-нің, ШҚО ІІД-нің қойған талаптары мен тапсырмаларын орындау мақсатында жедел қызметтік жұмыстарды талапқа сай жандандырып, жалғастыру қажет.
2014 ж Айыппұл салу бағыты бойынша
Учаскелік полиция инспекторлар бағыты бойынша толтырылған хаттамалар саны 1724, айыппұл соммасы 4617036 тенгені құрайды.
Жол патрульдік полиция тобы бағыты бойынша толтырылған хаттама саны 2280, салынған айыппұл соммасы 23917654 тенгені құрайды.
Көші - қон полиция тобы бағыты бойынша толтырылған хаттамалар саны 107, айыппұл соммасы 1280374 тенгені құрайды.
Сонымен қатар 2014 жылы халықтан түскен ұсыныс пікірлер болған жоқ.
Дін мәселесіне тоқталсам
Зайсан қаласы бойынша бүгінгі күні қалада 1 орталық мешіт, 1 православие шіркеуі бар. Аудандағы орталық мешіттің имамдары Өскемен, Семей, Алматы қалаларындағы мешіттерден арнайы білім жетілдіру курсынан өткен. «Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы» заң негізінде аудандық ІІБ, ҰҚК бөлімшісімен бірлескен «Діни терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі іс - шаралар» жоспары жасалып бекітілген. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» негізге алынып жұмыстар жалғастырылуда. 30 қаңтарда мұсылман қауымы үшін, ерекше орны бар, қасиетті Мәуліт мерекесі яғни пайғамбарымыздың туған күні ретінде аудандық мәдениет үйінде жиын ұйымдастырылды. Жиынға аудан мешітінің имамдары және діндар қауым, жастар қатысты. Технологиялық колледж студенттері діни шығармалар мен әндер айтып, Мәуліт мерекесін мұсылманша атап өтуге зор ықпал етті. Наурыз айының 11- 12 жұлдыздары аралығында, ШҚО Дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджанов және ШҚО Дін басқармасының жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры И.Беркімбаева, дін мәселелерін зерттеу орталығының АНТ жұмысы бөлімінің жетекшісі М.Дәуренбекұлы қатысқан 1 – аудандық, 3 – облыстық, 1 – республикалық АНТ мүшелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Қала бойынша 36 АНТ кездесу өтті. 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, 15 қазан күні аудан дінтанушыларының 1 форумы өтті. 30 шілде күні мұсылман қауымының Қасиетті Ораза айт мерекесі, 4 қазан Құрбан айт мерекесі өтті.
Сонымен қатар еліміздегі дін жайлы жастарға қажетті білім беру, жастардың діни сенімдерге жатпайтын басқа діндерге беріліп кетпеуі мақсатында қалада ҰБТ тапсырушы және мектеп бітіруші түлектер арасында «Сақ бол, жас түлек!» атты акция өтті. Оған 386 түлек қатысты. Алдағы уақытта жұмыстар тиісті жалғасын таба береді.
Зайсан қаласы бойынша 2014 жылы газ тартылған нысандар тізімі:
Р/С
|
Атауы
|
Саны
|
Ескертпе
|
1
|
Жеке тұрғын үй
|
214
|
|
2
|
Мектеп
|
1
|
|
3
|
Кәсіпкерлік нысан
|
29
|
|
«КазТрансОйл» мекемесі газ тарту жұмыстарын 2015 жылы ақпан айынан бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |