Зертханалық жұмыс № Өндіріс ғимаратындығы метрологиялық жағдайларды зерттеу Жұмыстың мақсаты



бет1/4
Дата27.04.2023
өлшемі34.67 Kb.
#472901
  1   2   3   4
№1 жұмыс микроклимат


Зертханалық жұмыс № 4. Өндіріс ғимаратындығы метрологиялық жағдайларды зерттеу
Жұмыстың мақсаты: жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін анықтау және алынған мәндерді МЕМСТ 12.005–88 оптималды нормалармен салыстыру.
3.1 Теориялық мәліметтер
Өндіріс ғимаратындағы микроклиматты қадағалау жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін келесі аспаптармен өлшеу арқылы жүргізіледі.
Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін ауа ағыны энергиясы әсерінен айналатын айналманың (вертушка) айналу санын санау негізінде жұмыс істейтін анимометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1–10 м/с болғанда қанатты анемометр, 10–30 м/с дейін табақты анемометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1м/с төмен болғанда кататермометр қолданылады (немесе термоанемометр), өйткені қарапайым анемометрлердің механизмдерінің инерттілігі салдарынан үлкен ауытқулар пайда болады.
3.2 Атмосфералық қысымды анықтау
Атмосфералық қысымды барометр–анеройд ВАМИ арқылы анықтаңыз, оның цифрблатасында доға тәрізді сынапты термометр орнатылған, бұл термометрдің көрсетуі бойынша қоршаған орта температурасына түзетулер енгізіледі. Аспаптың көрсетуін жазып алмас бұрын, оның ішіндегі механизмдердің әсерін болдырмау мақсатында көрсетулерді жазып алғаннан соң, корпусына соғып қойыңыз. Үш түзетуді ескеру керек: шкалалық, температуралық және қосымша, яғни
Р=Рпршкқостемп (2.1)
 Аспаптың шкаласына түзету 3.1 кестесінде келтірілген.
3.1 к е с т е – Аспаптың шкаласына түзету

Шкаланың көрсетуі

710

700

690

680

670

660

650

Түзету

-1,2

-1,2

-1,1

-1,0

-1,1

-1,1

-0,9

Температуралық түзету келесі формуламен анықталады
Pтемп=ΔP t, (2.2)
мұндағы ΔP – 1оС –ге келетін температуралық түзету (ΔP=0,06 мм. сын. бағ.);
t – градустың оннан бір бөлігі дәлдігімен алынатын барометр термометрінің температурасы.
Аспаптың жөндеу куәлігі бойынша қосымша түзету–13мм.сын.бағ.
Мысал: Барометр–анероид бойынша Рпр= 685 мм.сын.бағ. және температура 21,5оС өлшеніп алынған. 2.1 кестесіне сәйкес шкалалық түзету –1,05 мм.сын.бағ. құрайды, температуралық түзету Ртемп=0,06 21,5=1,29 мм.сын.бағ., қосымша түзету Рқос=13 мм.сын.бағ. Сонда Р=685–1,05+1,29+13=698,24 мм.сын.бағ. Егер мм.сын.бағ/сын Па келтіру керек болса, онда 1 мм.сын.бағ.=133,322 Па екенін ескеру керек. Есептелген атмосфералық қысымның мәнін зерттеу хаттамасын 3.2 кестесіне енгізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет