Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет2/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс
Мысал 2. Кішкене шарА, В немесе Сүш сауыттың біреуінде. Ол В сауытында екендiгi туралы хабар неше бит ақпараттан тұратындығын анықтау керек.
Шешуі.Мұндай хабар I=log23=1,585 бит ақпараттан тұрады.
1948 ж. американдық инженер және математик Шеннон әр түрлі ықтималдығы бар оқиғалар үшін ақпарат санын есептеу формуласын ұсынды.
Егер Iақпарат саны, К - мүмкін оқиғалардың саны, рi – жеке оқиғалардың ықтималдықтары, сонда әртүрлі ықтималдықтары бар оқиғалар үшін ақпарат санын төмендегі формуламен анықтауға болады: I = - Sum рi log2рi , мұндағы i1-ден К-ға дейінгі мәндерді қабылдайды.
Енді Хартли формуласын Шеннон формуласының жеке жағдайы деп қарастыруға болады: I = -Sum1/К log2(1/К) = I = log2К.
Ықтималдықтары тең оқиғалар үшін алынатын ақпарат саны барынша көп.
Мысал 3. Егер а) симметриялы емес төртжақты кішкене пирамиданы; б) симметриялы және біркелкі төртжақты кішкене пирамиданы; лақтырса, оқиғалардың бірін орындау кезінде алынатын ақпарат санын анықтау керек.
Шешуі. а) төртжақты кішкене пирамиданы тастаймыз. Жеке оқиғалардың ықтималдығы мынадай болады: Р1=1/2, Р2=1/4, Р3=1/8, Р4=1/8, сонда осы оқиғалардың орындалуынан кейін алынған ақпарат саны төмендегі формуламен есептелінеді:
I =-(1/2 log21/2+1/4 log21/4+1/8 log21/8+1/8log21/8)=1/2+2/4+3/8+3/8=14/8=1,75(бит).
б) Енді симметриялыжәнебіркелкітөртжақтыкішкенепирамиданылақтырғанда алынған ақпаратсанынесептейміз:I = log24=2( бит ).
1.3. Бақылау сұрақтар

  1. Ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі?

  2. Хартли формуласын атаңыз.

  3. Шеннон формуласын атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет