Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет5/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс

2.2.3. Дыбыстық хабарды кодтау


Амплитуда мәндерін кодтау үшін екілік кодтау принципін қолданады. Дыбыстық сигнал электр күштерінің импульсінің тізбегі түрінде(екілік нольдер және бірліктер) көрсетілуі керек. Әдетте амплитуда мәндерінің 8,16-биттік немесе 20-биттік көрсетуін қолданады. Үздіксіз дыбыстық сигналдың екілік кодтауында оны сигналдың дискретті деңгейінің тізбегімен ауыстырады. Кодтау сапалығы дискретидациялау(бірлік уақыттағы сигнал деңгейін өлшеу саны) жиілігіне байланысты. Дискредитациялау жиілігін өсіргенде ақпараттың екілік өрнектеуінің дәлдігі де өседі. 8кГц жиілікте (секундына өлшеулердің саны 8000) семплирленген дыбыстық сигналдың сапасы радиотрансляциялау сапасына сәйкес келеді, ал 48 кГц жиілікте(секундына өлшеулердің саны 48000) аудио-CD дыбысының сапасына сәйкес келеді.
Егер 8-биттік кодтауды қолданса, онда цифрлық құрылғының динамикалық диапозонынан (28=256) аналогтық сигнал амплитуда өзгеруінің дәлдігі 1/256 дейін жетуге болады.
Егер дыбыстық сигнал амплитудаларының мәндерін көрсету үшін 16-биттік кодтауды қолданса, онда өлшеу дәлдігі 256-ге өседі.
Қазіргі кездегі түрлендіргіштерде сигналдың 20-биттік кодтауын қолдану қабылданған, дыбыстың жоғарысапалы цифрлеуін алуға мүмкіндік береді.
К=2a формуласын еске түсіреміз. Мұндағы К-дыбыстардың әралуан саны(сигналдың әртүрлі деңгейлерінің немесе күйінің саны), дыбысты а битпен кодтау арқылы алуға болады.

а

К

Ескерту

8

253

Кіріс сигналдарының ақиқаттығы үшін жеткіліксіз, өйткені үлкен сызықтық емес бұрмаланулар болады. Негізінен дыбыстың жоғары сапасы қажет болмаған мультимедиалық қосымшаларда қолданылады.

16

65536

Номпакт-дискілерге жазу кезінде қолданылады, өйткені сызықтық емес бұрмаланулар минимумға келтіріледі.

20

1048576

Дыбыстың жоғарысапалы цифрленуін қажет етеді.

Бірақ бұл деректер максимальды деңгейі 0 дБ болатын сигналдар үшін ақиқат. Егер разряды 16 бит, деңгейі 6 дБ болатын сигналды семплировать ету керек болса, онда оның амплитудасын кодтау үшін шын мәнінде 15 бит қалады. Егер деңгейі 12 дБ сигнал болса, онда 14 бит. Сигнал деңгейін өсірген сайын оның цифрлену разряды үлкейеді, яғни сызықтық емес бұрмалану деңгейі азаяды (техникалық әжебиеттерде “кванттау шуылы” деген термин бар), сондай-ақ деңгейді азайтудың әрбір 6 дБ 1 битті “жейді”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет