Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет7/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Зертханалық жұмыс

Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Абстрактылы автоматтар. Пост машинасы
(3 апта 2 сағ)


3.1. Жұмыс мақсаты – Абстрактылы автомат ұғымымен танысу. Пост машинасының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін оқып үйрену.
3.2. Әдістемелік нұсқау
3.2.1 Абстрактылы Пост машинасы
Абстрактілі Пост машинасы бірдей ұяшықтарға бөлінген шексіз лентадан, оқитын-жазатын бастиектен тұрады. Әрбір ұяшық бос немесе толтырылған болуы мүмкін. Қай ұяшық бос, қайсысы белгіленгендігі туралы ақпарат – лентаның қалып-күйі ұғымы енгізіледі. Машинаның жұмыс процесінде лентаның күйі өзгереді. Лентаның күйі мен бастиектің жағдайы туралы ақпарат Пост машинасының күйін сипаттайды.
Бақылайтын ұяшықтағы бастиекті « » таңбасымен, ал ұяшық ішіндегі белгіні «M» таңбасымен белгілейміз. Бос ұяшық ешқандай белгіден тұрмайды. Бір тактыда (оны қадам деп атайды) бастиек бір ұяшыққа оңға немесе солға ығыса алады және белгіні қояды немесе жояды. Пост машинасының жұмысы – берілген жеке бұйрықтардан тұратын бағдарламамаға сәйкес бір күйден екінші күйге өту болып табылады. Әрбір команданың құрылымы мынадай: xKy, мұндағы x – орындалатын команда номері; K – орындалатын әрекет туралы нұсқау; y – келесі команда номері (мұрагер). Алты әрекеттен тұратын машина командаларының жүйесі келесі кестеде келтірілген:

Рет




Команда

команда жазылуы

машина әрекетін сипаттау

1

Қадам оңға

X y

Бастиекті бір ұяшыққа оңға ығыстыру

2

Қадам солға

X y

Бастиекті бір ұяшыққа солға ығыстыру

3

Белгіні қою

XMy

Бақыланатын ұяшыққа белгі қою

4

Белгіні өшіру

XCy

Бақыланатын ұяшықтан белгіні жою

5

Басқаруды беру



Бақыланатын ұяшықта белгі болмаса басқару y1 командасына, ал белгі болса –y2 командасына беріледі.

6

Тоқтату

x тоқта

Машина жұмысын тоқтату

Бұл тізім келесі шарттармен толықтырылу керек:
- командасытек бос ұяшықта ғана орындалуы мүмкін;
- командасы тек толтырылған ұяшыққа ғана қолданылады;
- кез келген команданың мұрагерінің номері(y)берілген бағдарламада міндетті түрде болатын команданомеріне сәйкес келуі тиіс.
Егер берілген шарттар орындалмаса, онда машинаның нәтижесіз тоқтатылуы болады, яғни жоспарланған нәтижені алғанға дейінгі тоқтату. Бұл жағдайдан командасымен тоқтатудың айырмашылығы ол нәтиже береді, яғни алгоритм орындалуының нәтижесі алынғаннан кейін тоқтайды. Сондай-ақ, егер бір де бір команда тоқта командасының номеріне көрсетілмесе немесе бағдарлама бұл командаға өтпесе - машина ешқашан да тоқтатылмайтын жағдай да болуы мүмкін.
Тағы бір ескеретін мәселе: кез келген шектелген алфавит таңбалары цифрлармен кодталатын болғандықтан, берілген сөзді түрлендіру сандарды өңдеудің кейбір ережелері түрінде көрсетілуі мүмкін. Сондықтан Пост машинасында тек бүтін оң сандарды жазу(көрсету) қарастырылады.
k бүтін саны Пост машинасының лентасында k+1 бірінің артына бірі орналасқан белгіленген ұяшықтар түрінде жазылады, яғни унарлық санау жүйесі қолданылады. Санның көрші жазулары лентада бір немесе бірнеше бос ұяшықтармен бөлінген. Төменде 0, 2 және 3 сандарының жазылу мысалы келтірілген.


M


M

M

M



M

M

M

M




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет