Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет8/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Зертханалық жұмыс
Мысал 1. Лентада қандай да бір сан жазылған, және бастиек белгіленген бір ұяшықты бақылайды. Осы санға бірді қосатын бағдарлама құрыңдар. Жағдай суретте көрсетілген

Есепті шешу бағдарламасы 4 командадан тұрады:

1.



3

2

2.



1

3.

М

4

4.

Тоқта

1 және 2 командаларының біртіндеп орындалуы нәтижесінде машина екі такт жұмыс істеп, бастиектің бір позицияға оңға ығысуына алып келеді. Мұндай жылжу келесі бастиектің ығысуында бос ұяшық кездескенге дейін жалғасады – сонда 3 команда бойынша онда белгі қойылады және 4 команда бойынша машина тоқтайды.
Мысал 2. Лентада қандай да бір сан жазылған, және бастиек жазудың сол жағындағы бір(кез келген) бос ұяшықты бақылайды. Осы санға бірді қосу бағдарламасын құрыңдар. Бағдарлама:

1.



2

3

2.



1

3.



4

4.

М

5

5.

Тоқта

3.3. Бақылау сұрақтары
1. Пост машинасының құрылымын атаңдар.
2. Пост машинасы бағдарламасының негізгі командаларын және оның қызметтерін атаңдар.
3.4. Тапсырмалар

  1. Бастиектің алғашқы күйі берілген және бос лентада екі белгі жазу керек.

  2. Лентада бірнеше белгі қатарынан жазылған жазу берілсін және бастиек оң жақ шеткі белгіде орналасқан. Бастиекті солға бірінші бос позицияға дейін алып келу керек.

  3. Лентаның кез келген жерінде үш сан жазылған. Осы сандардың біреуіне бірді қосатын бағдарлама құрыңдар.

  4. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық функциясын модельдейтін немесе жүзеге асыратын бағдарлама құрыңдар. Оның жұмыс алгоритмі екі көрші ұяшыққа анализ жасаудан (кіріс ұяшықтары) және үшінші ұяшықты (шығыс ұяшықтары) өзгертуден тұрады. Егер кіріс ұяшықтары белгіленген болса, онда шығыс ұяшықтарындағы белгі өшіріледі; егер кіріс ұяшығының ең болмағанда біреуінде белгі болмаса, онда шығыс ұяшықтарына белгі қойылады.

  5. a и b екі саны лентада кез келген ара қашықтықта жазылған, осы екі санның қосындысын есептейтін бағдарлама құрыңдар.


3.5. Жеке тапсырмалар

  1. Бастиектің бастапқы күйі берілген және бос лентада үш белгіні бос орындармен кезектестіре отырып жазу керек. Нәтижесінде Пост машинасының келесі күйі алыну керек:



  1. Бастиектің бастапқы күйі берілген және бос лентада төрт белгіні екіден топтастырып жазу керек. Нәтижесінде Пост машинасының келесі күйі алыну керек:



  1. Бастиектің бастапқы күйі берілген және бос лентада үш белгіні төмендегі үлгі бойынша топтостырып жазу керек:



  1. Бастиектің бастапқы күйі берілген және бос лентада үш белгіні төмендегі үлгі бойынша топтостырып жазу керек:



  1. Бастиектің бастапқы күйі берілген және бос лентада төрт белгіні төмендегі үлгі бойынша топтостырып жазу керек:



  1. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның оң жағына бірді қосатын бағдарлама жазыңдар.

  2. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның сол жағына бірді қосатын бағдарлама жазыңдар.

  3. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның оң жағынан бірді азайтатын бағдарлама жазыңдар.

  4. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Оның сол жағынан бірді азайтатын бағдарлама жазыңдар.

  5. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Санды 2-ге өсіретін бағдарлама жазыңдар.

  6. Лентаның кез келген жерінде сан жазылған. Санды 3-ке өсіретін бағдарлама жазыңдар.

  7. Лентаның кез келген жерінде 2-ден кем емес сан жазылған. Санды 2-ге кемітетін бағдарлама жазыңдар.

  8. Лентаның кез келген жерінде 3-тен кем емес сан жазылған. Санды 3-ге кемітетін бағдарлама жазыңдар.

  9. НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық функциясын модельдейтін немесе жүзеге асыратын бағдарлама құрыңдар. Оның жұмыс алгоритмі екі көрші ұяшыққа анализ жасаудан(кіріс ұяшықтары) және үшінші ұяшықты(шығыс ұяшықтары) өзгертуден тұрады. Егер кіріс ұяшықтарының ең болмаса біреуі белгіленген болса, онда шығыс ұяшықтарындағы белгі өшіріледі; егер екі белгі де болмаса, онда шығыс ұяшығында белгі қойылады.

  10. Лентаның кез келген жерінде 3 сан жазылған. Осы санның біреуінен бірді азайту бағдарлама жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет