Зертханалық жұмыс №8 Тақырыбы: Мәліметтер енгізу әдісі арқылы кесте құру



Дата14.07.2016
өлшемі128.31 Kb.
#197991
Зертханалық жұмыс №8.1.

Тақырыбы: Мәліметтер енгізу әдісі арқылы кесте құру


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access). Пайда болған Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.

  2. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде файлға жаңа Қалалар деген ат беріңіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз.

  3. Кестелер тізімінде Мәліметтер енгізу әдісімен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Өріс1 (поле1), Өріс2 (поле2) және т.с.с. стандарттық өрістері бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрісі бар кесте құрылады.

  4. Өріс1 (поле1) және Өріс2 (поле2) бағандарының бірінші жолына сәйкесінше 1 және Астана деген мәліметтерді енгізіңіз. Екінші жолына – 2 және Алматы. Үшінші жолына – 3 және Талдықорған.

  5. Бағандардың атауларын өзгерту үшін жанама менюден Баған атауын өзгерту (Переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бірінші бағанға Реттік нөмірі, екіншісіне Аты, үшіншісіне Қаланың коды, Төртіншісіне Тұрғындар саны атауларын енгізіңіз.

  6. Оң жақ жоғарғы бұрышындағы терезені жабу батырмасын басып, кестені жабыңыз. Макеттің өзгерісін немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? деген сұраққа жауап беру үшін Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сұхбат терезесі пайда болады, оған кестенің Қалалар атауын енгізу керек. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Түйінді өрісті қазір құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ(нет) батырмасын басып жауап беріңіз.

  8. Тізімдегі Қалалар кестесін ерекшелеп, мәліметтер базасы терезесінің аспаптар панеліндегі Ашу (Открыть) батырмасының көмегімен құрылған кестені ашуға болады.

  9. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Зертханалық жұмыс №8.2.

Тақырыбы: Негізгі кестелерді құру

Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.



  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.

  3. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде \Менің құжаттарым(Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасының терезесі ашылады.

  4. Кестелер панелін ашыңыз.

  5. Конструктор режімінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.

  6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:

өріс атауы өріс типі

    • оқырмандардың аты-жөні мәтіндік

    • кітаптың аты мәтіндік

    • кітаптың авторы мәтіндік

    • кітаптың нөмірі мерзім\уақыты

    • бағасы қаржылық

  1. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.

  2. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.

  3. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.

  4. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:

өріс атауы өріс типі

    • кітаптың аты мәтіндік

    • кітаптың авторы мәтіндік

    • баспасы мәтіндік

    • шыққан жылы мерзім\уақыты

    • кітаптың нөмірі мәтіндік

    • көлемі сандық

    • бағасы қаржылық

  1. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.

  2. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Зертханалық жұмыс №8.3.

Тақырыбы: Кестеаралық байланыстарды құру


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз,өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестесінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.

  4. Аспаптар панелінен Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис→Мәліметтер схемасы (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдердің кез-келгенін қолданыңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.

  5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз – Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.

  6. Shift пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.

  7. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.

  8. Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.

  9. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема связей) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады.

  10. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Зертханалық жұмыс №8.4.

Тақырыбы: Таңдамаға сұранысты құру
Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктелініп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесінде енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде-бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз.

  10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Access программасын жабыңыз.



Зертханалық жұмыс №8.5.

Тақырыбы: Параметрлі сұраныс құру
Сұрыптау шарты қалай жұмыс істейтінін біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.

Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін енгізуге мүмкіншілік туғызады.

Кітаптарды іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұранысты құру (Запросы) белгісін екі рет шертіңіз, үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. №8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесіне негізделінген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

    • кітаптың аты мәтіндік

    • кітаптың авторы мәтіндік

    • бағасы қаржылық

    • баспасы мәтіндік

  5. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет. Егер біз бағалары 400-ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едік. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кітаптар қажет болса, онда <100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берсек, онда <[Ең жоғарғы бағаны енгіз] деп жазуымыз қажет.

  1. Сұраныс (Запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.

  2. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.

  3. Өзіңіз қалаған мәнді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Оқулықтар кестесіндегі енгізілген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.

  4. Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Зертханалық жұмыс №8.6.

Тақырыбы: Қорытынды сұраныс даярлау

Оқулықтар кестесіне кітапханадағы барлық оқулықтардың параметрлерін енгізе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемін және орташа бағасын білуге болады. Қандай да бір сандық өрістің барлық жазбаларына қолданатын есептеулерді қорытынды сұраныс дейді. Қорытынды сұраныста өрістің барлық ұяшықтары бойынша орта мәннің шамасы мен мәндердің қосындысын есептеуге, өрістегі мәліметтердің ең үлкен немесе ең кіші мәндерін табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгі бойынша сұраныс бланкісінің көмегімен дайындалады.



Айталық, кітапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және техникалық болсын. Біздің мақсатымыз - әрбір категориядағы әдебиеттің орташа бағасын анықтайтын қорытынды есепті шығару.

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, бұрын даярланған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз да, ОК батырмасын басыңыз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесіндегі Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесін таңдаңыз.

  4. Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестені жобалау режімінде ашыңыз – мұнда біз әрбір кітап қай категорияға жататыны туралы мәліметтер сақталынатын қосымша Категория өрісін құра аламыз.

  5. Кестенің құрылымының басына жаңа өріс енгізіңіз. Ол үшін бірінші өрісті (Кітаптың аты) ерекшелеп алып, Insert батырмасын басыңыз.

  6. Жаңа өрістің атын енгізіңіз – Категория және оның типін анықтаңыз – мәтіндік.

  7. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабар алдында, кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігін құптаңыз.

  8. Оқулықтар кестесін ашып, оның әрбір категориясын мазмұнды мәліметтермен толтырыңыз. Әрбір категориядағы басылымдардың бағасын еркіңізше қойыңыз. Кестенің басқа өрістерін толтырмай-ақ қоюыңызға болады, өйткені олар қорытынды есептеулерді жүргізгенде қатыспайды.

  9. Оқулықтар кестесін жабыңыз.

  10. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз.

  11. Конструктор режіміндегі сұранысты құру белгісін екі рет шертіңіз. Ашылған Кестелерді қосу (Добавление таблицы) терезесінен Оқулықтар кестесін таңдаңыз, соның негізінде қорытынды сұраныс дайындалады. Кестелерді қосу терезесін жабыңыз.

  12. Оқулықтар кестесінің үлгі бойынша сұраныс бланкісіне келесі өрістерді енгізіңіз: Категория, Кітаптың аты және Бағасы.

  13. Бағасы өрісі үшін өсуі бойынша сұрыптауды қосыңыз.

  14. Microsoft Access аспаптар панелінен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид→Групповые операции) қолданыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігінде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшін іріктелініп алынған барлық өрістердің осы жолына Топтау (Группировка) мәні енгізіледі.

  15. Топтау жүргізілетін өріс үшін (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) жолында Топтау мәнін қалдырыңыз. Басқа өрістердің осы жолына қорытынды функцияларды енгізуге болады. Ол үшін осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тізімді алуға болады. Соның ішінен осы өрістегі мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.

  16. Бағасы өрісіне басылымдардың орта құнын анықтап беретін Avg қорытынды функциясын енгізіңіз.

  17. Кітаптың аты өрісіне Count қорытындысы функциясын тағайындаңыз. Count функциясы – топқа кіретін жалпы жазбалар санын анықтайды.

  18. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жауып, оны Кітаптардың орта құны деген атпен сақтап қойыңыз. Дайын болған сұранысты іске қосып, дұрыстығын тексеріп көріңіз.

  19. Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Зертханалық жұмыс №8.7.

Тақырыбы: Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу

Отырар кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік



  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.

  3. Конструктор режімінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте келесідей өрістерден тұратын болсын:

өріс атауы өріс типі

    • кітаптың аты мәтіндік

    • кітаптың авторы мәтіндік

    • баспасы мәтіндік

    • шыққан жылы мерзім\уақыты

    • кітаптың нөмірі мәтіндік

    • көлемі сандық

    • бағасы қаржылық

  1. Тағы бір Access-ті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханыс мәліметтер базасын ашыңыз.

  2. Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, оны кесте режімінде ашыңыз. Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын алмасу буферіне орналастырыңыз.

  3. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.

  4. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бірінші жолын ерекшелеп алыңыз.

  5. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда: 10.Жазбалар қойылсын ба? Иә деп жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.


Зертханалық жұмыс №8.8.

Тақырыбы: Алғашқы қалыпты даярлау


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Оқырмандар кестесін ашыңыз.

  4. Ол кестеге келесі өрістерді қосыңыздар:

өріс атауы өріс типі

    • туған жылы мерзім\уақыты

    • мекен-жайы мәтіндік

    • телефоны мәтіндік

    • білім мәтіндік

  1. Жаңа өрістерге қажетті жазба мөлшерін енгізіңіз.

  2. Access-тің негізгі терезесіне қайта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі Жаңа объект (Новый объект) батырмасын басыңыз. Тізімінен Автоқалып (Автоформа) объектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған және енгізу үшін ашулы тұрған қалып аламыз.

  3. Қалыпты конструктор режімінде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып, оларды өшіріп тастаңыз.

  4. Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың нөмірі, Туған жылы, Мекен-жайы, Телефоны, Білімі басқару элементтерін жаңа орынға орналастырыңыз.

  5. Файл→Сақтау(Файл→Сохранить) командасын орындап немесе Қалыптар конструкторы аспаптар панеліндегі Сақтау(Сохранить) батырмасын басыңыз.

  6. Пайда болған Сақтау (Сохранить) сұхбат терезесіндегі Қалыптың атын енгізу өрісіне қалыптың атын Оқырманның кітапшасы деп көрсетіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Қалыптар (Формы) терезесін жабыңыз.

  8. Қалыптар тізімін алу үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бірінші қалып пайда болады.

  9. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет