Зертхналық жұмыс №2 Бойль- мариотт заңын тексру Мақсаты



Дата04.03.2024
өлшемі120.5 Kb.
#494257
Зертханалық жұмыс №2. «Бойль - Мариот заның тексеру»



Зертхналық жұмыс № 2
Бойль- Мариотт заңын тексру
Мақсаты: Бойль – Мариотт заңын тексеру. МКТ бойынша алған білімдерін бекіту.
Құрал жабдықтар : 1. Газ заңдарын зерттеуге арналған құрылғы ( 2.1 суретке қараңдар). 2. Барометр. 3. Зерттелетін газ - ауа.
Теория. Изотермиялық процесске, яғни температура тұрақты (Т1 = T2) болуымен жүретін процесске арналған Бойль — Мариотт заңы, газ заңдарының жеке жағдайы болып табылады.
P1V1 = Р2V2, немесе P1/ Р2= V1/ V2
Температурасы тұрақты болған жағдайда газдың берілген массасы үшін қысымы көлеміне кері пропорционал өзгереді деп санауға болады. Бұл тәуелділікті тәжірибе негізінде тексеруге болады.

Сурет. 2.1


Жұмыстың орындалу реті:
1. Өлшеу құралдарының бөлік құнын анықтаңдар.
2. 2.1. суреттегі құрылғыны жинаңдар.
3. Монометрдің 5 және 6 кранын ашып, 7 винтті бұрау арқылы цилиндрдың жоғарғы қақпағын құрылғының бесінші бөлігіне қарма –қарсы орналастырыңдар да, 6 кранды жабыңдар.
4. Монометрдің көрсеткішін 2.1 кестеге жазыңдар.
Кесте 2.1

Тәжірибе номері

Борометр көрсеткіші Р0, Па

Манометр көрсеткіші ∆Р, Па

Сильфондағы ауа қысымы
Р, Па

Ауа көлемі V, м3

Тұрақты РV=C, Па*м3

Тұрақтының орташа мәні Сорт, Па*м3

Салыстырмалы қателік

1




















2

















3





















5. Тәжірибені газдың сол массасына, сильфондағы газ көлемін үлкейте отырып 2 – 3 рет қайталап жасаңдар (6 кранды ашпаңдар). Нәтижесін 2.1. кестеге жазыңдар.
6. Әр бір тәжірибе үшін С тұрақтысының мәнін анықтаңдар, алынған мәндерді салыстырып қорытынды жасаңдар.
7. Сорт тұрақты мәнін анықтап қателікті есептеңдер.
Методикалық нұсқаулық:

  1. Цилиндр жұқа фольгадан жасалған, сол себепті жұмыс істеу барысында жылдам қозғалыстан сақ болу қажет және сильфонды қатты сығуға немесе созуға болмайды.

  2. Монометр шкаласы бойынша атмосфералық қысым мен сильфон ішіндегі қысымның айырымы анықталады.




  1. Монометр газ қысымын атмосферада (атм.), ал борометр мм.сын.бағ. анықтайтын болғандықтан, келесі шамаларды қолдану керек:

1 мм.сын.бағ. ≈ 133 Па, 1 атм ≈ 105 Па.
4. Зерттеліп отырған газдың көлемін куб метрмен өлшеңдер. Сильфон диаметрі – 100 мм, құрылғы шкаласының бөліктер ара қашықтығы – 15 мм.


Қорытынды сұрақтар:
1. Молекулалы – кинетикалық теорияны пайдалана отырып, Бойля — Мариотт заңын түсіндіріңдер.
2. Қалыпты жағдайдағы 1 кг ауа үшін, Р және V тәуелділігінің изотермиялық процесстегі графигін тұрғызыңдар.
3. Салмақсыздық жағдайда газ қысым түсіреді ме?
4. 273 К температурадағы, қысымы 30 атм., көлемі 20 л ауаның массасын анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет