1. Жасыл эвглена қандай тәсілдермен қоректенеді?
А) автотрофты;
В) сапрофитті;
С) гетеротрофты;
D) миксотрофты;
Е) фагоцитозды.
2. Amoeba proteus қай кластың өкілі?
А) талшықтылар класының;
В) грегариналар класының;
С) кокцидия тәрізділер класының;
D) жалғанаяқтылар класының;
Е) сорғыш инфузориялар класының.
3. Zoomastigina класс тармағының қай өкілінде кинетопласт және толқынды мембрана кездеседі?
А) Choanoflagellata;
В) Kinetoplastida;
С) Polymastigina;
D) Hypermastigina;
Е) Opalina.
4. Лейшманиоз ауруы:
А) протозойлық;
В) гельминтоздық;
С) инфекциялық;
D) трансмиссивтік;
Е) акароидты.
5. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысы “ұйқы ауруын” қоздырғышын адамға тасымалдайды?
А) маса;
В) сона;
С) шіркей;
D) це-це шыбыны;
Е) үнсіз маса (москит).
6. Паразит организмінің негізгі иесі дегеніміз:
А) паразиттің жыныссыз көбеюі өтетін организм;
В) паразиттің жынысты көбеюі өтетін организм;
С) паразиттің көп рет бөліну (шизогония) сатысы өтетін организм;
D) паразиттің дернәсілдік сатылары дамитын организм;
Е) паразиттің инвазиялық (жұқпалы) сатысы дамитын организм.
7. Коньюгацияның копуляциядан ерекшелігі?
А) екі гаметаның қосылуы;
В) екі клетканың қосылуы;
С) екі ядроның қосылуы;
D) екі сегменттің қосылуы;
Е) екі колонияның қосылуы.
8. Қай саркодалылардың цитоплазмасында бір клеткалы симбиотикалық балдырлар - жасыл (зоохлореллалар) немесе сары (зооксантеллалар) кездеседі?
А) жалаңаш амебаларда;
В) сауытты амебаларда;
С) күн тәрізділерде;
D) фораминифераларда;
Е) сәулелілерде.
9. Жасыл эвгленаның дене жамылғысы?
А) пелликула;
В) бір қабатты эпителий;
С) кутикула;
D) хитинді кутикула;
Е) сауыт.
10. Инфузориялардың жыныс процесі не деп аталады?
А) изогамия;
В) анизогамия;
С) коньюгация;
D) оогамия;
Е) копуляция.
11. Споралылардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ерекше белгісі:
А) жыныссыз көбею – шизогония арқылы;
В) ооцистаның түзілуі;
С) екі немесе көптеген иелерінің болуы және экзогенді кезендерінің жоқтығы;
D) арнайы қорек заттарды ұстайтын органоидтардың жоқтығы;
Е) кең таралуы және алуан түрлілігі.
12. Жиырылғыш вакуольдың атқаратын қызметі:
А) ас қорыту;
В) қорек затын тасымалдау;
С) қорғаныштық;
D) жылжу;
Е) осмос қысымын реттеу.
13. Қарапайымдылардың қайсысы автотрофты жолмен қоректенеді?
А) амеба;
В) трипаносома;
С) инфузория-туфелька;
D) грегарина;
Е) вольвокс.
14. Паразит организмінің аралық иесі дегеніміз не?
А) паразиттің жыныссыз көбеюі өтетін организм;
В) паразиттің жынысты көбеюі өтетін организм;
С) паразиттің ересек особьтары дамитын организм;
D) гаметогония процесі жүретін организм;
Е) спорогония процесі жүретін организм.
15. Sporozoa типіне тән тіршілік циклы:
А) агамды цикл;
В) гетерофазды цикл (диплофаза мен гаплофаза);
С) гетерофазды цикл гаметалық редукциямен;
D) гетерофазды цикл зиготикалық редукциямен және спорогония, шизогония, гаметогонияның алмасуы;
Е) гаметогамды цикл.
16. Коньюгация процесі дегеніміз:
А) екі гаметаның қосылуы;
В) копуляция нәтижесінде зиготаның пайда болуы;
С) екі особьтың уақытша қосылуы;
D) жыныссыз көбею;
Е) екіге бөліну.
17. Денесі эпимериттен, протомериттен, дейтомериттен тұратын организм қай кластың өкілі?
А) талшықтылар класының;
В) кірпікшелі инфузориялар класының;
С) саркодалар класының;
D) грегариналар класының;
Е) кокцидия тәрізділер класының;
18. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды?
А) жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар;
В) қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар;
С) ауру қоздырғыштары тасымалдаушы жануарлар арқылы жұғатын аурулар;
D) үй шыбыны арқылы таралатын аурулар;
Е) ауа арқылы таралатын аурулар;
19. Kinetoplastida отрядында қандай талшықтылар жатады?
А) вольвокс;
В) жасыл эвглена;
С) трипаносома;
D) безгек плазмодиясы;
Е) опалина.
20. Ядролық дуализм дегеніміз не?
А) цитоплазмада бір ғана ядро болады;
В) цитоплазмада көлемі бірдей екі ядро болады;
С) цитоплазмада тек генеративтік ядро ғана болады;
D) цитоплазмада көлемдері әртүрлі, атқаратын қызметі түрліше екі ядро болады;
Е) цитоплазмада тек вегетативтік ядро ғана болады.
21. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән?
А) жалғанаяқтыларға, талшықтыларға тән;
В) споралыларға, кірпікшелілерге тән;
С) губкалар мен ішекқуыстыларға тән;
D) кірпікшелі құрттар мен сорғыш құрттарға тән;
Е) жұмыр құрттар мен буылтық құрттарға тән.
22. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома - эфира-медуза-жұмыртқа?
А) гидроидтылар;
В) теңіз гидроидты полиптері;
С) сцифомедузалар;
D) маржан полиптер;
Е) сифонофорлар.
23. Сәулелі симметриялы жануарлар:
А) ішекқуыстылар;
В) жалпақ құрттар;
С) жұмыр құрттар;
D) буылтық құрттар;
Е) буынаяқтылар.
24. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді?
А) гастраль қуысында;
В) қарын қалталарында;
С) суда;
D) энтодермада;
Е) экзодермада;
25. Ішекқуыстылардың төмендегі өкілдерінің қайсысында алғаш рет эктодермалық жұтқыншақ пайда болады?
А) сцифомедузаларда;
В) гидроидтыларда;
С) теңіз гидроидты полиптерінде;
D) маржан полиптерінде;
Е) сифонофорларда.
26. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән?
А) жыныс клеткалары;
В) атпа клеткалар;
С) безді клеткалар;
D) нерв клеткалары;
Е) жағалы-талшықты клеткалар.
27. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар?
А) маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер;
В) биофильтраторлар;
С) жануарлар паразиттері;
D) өсімдіктер паразиттері;
Е) кәсіптік түрлері бар.
28. Ішекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты?
А) планктонды тіршілік етуге байланысты;
В) бекініп тіршілік етуге байланысты;
С) активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты;
D) судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты;
Е) су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты;
29. Метагенез дегеніміз не?
А) бүршіктену нәтижесінде жаңа особьтардың пайда болуы;
В) бүршіктену нәтижесінде колонияның түзілуі;
С) жынысты көбею;
D) жыныссыз көбею;
Е) жынысты және жыныссыз көбею арқылы ұрпақ алмасу.
30. Гидроидтылардың дернәсілі:
А) амфибластула;
В) трохофора;
С) планула;
D) диплеврула;
Е) велигер.
Достарыңызбен бөлісу: |