— 162 —
жарғысында мүлікті құру мен табысты бөлу тәртібі де
белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтін
басқа ережелер де болуы
мүмкін.
Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің
мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті
мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан
Республикасының заңды
тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырады.
Мемлекеттiк тiркеу деректерi, оның iшiнде
серiктестiктiң фирмалық атауы, жарғылық
капиталының мөлшерi, құрылтайшыларының
құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан
жерi туралы мәлiметтер бизнес-сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті
мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
1. құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік
берген адам қол қойған серіктестік құру туралы
өтінішті;
2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін
бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын
түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынуға тиіс.
Осылай тіркеуден өткен ЖШС деректері
автоматты түрде
салық органдарының базасына
енеді. ЖШС 2 салық режимінің біреуін таңдауға
құқылы:
— 163 —
1. Жалпыға бірдей салық режимі
2. Оңайлатылған декларация негізіндегі салық
режимі
Патент негізіндегі салық режимін ЖШС
пайдалана алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: