Рұқсат беру құжатының атауы Мемлекеттік мекеменің атауы және оның мекен жайы



жүктеу 45.07 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі45.07 Kb.


Рұқсат беру құжатының атауы

Мемлекеттік мекеменің атауы және оның мекен жайы

Мемлекетік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар

Қаралу мерзімі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру.

«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

- осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

- тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист» біліктілігін растайтын дипломның немесе түпнұсқасы және көшірмесі, көшірмелер салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген № 086/у нысан бойынша медициналық анықтама;

- Салық кодексі белгіленген куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;

- көлемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фотосурет;

- ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарын (арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген адамдарды қоспағанда, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

«Б» және (немесе) «Д» санаты «А», «В» және «Г» бағандарында рұқсат ету белгісі мен куәлігі бар (тиісті машиналарда жалпы жұмыс өтілі алты айдан кем емес) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге беріледі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 34-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады;

«Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктерді алу үшін емтихан пунктіне мынадай құжаттар ұсынылады:

- осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

- рұқсат етілген «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі немесе рұқсат етілген «А», немесе «А1», немесе «В1» санатты бар жүргізуші куәлігі;

- куәлік беру үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбіртек;

- көлемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фотосурет.

Куәлікті ауыстыру (айырбастау) емтихан пункті құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және дипломның көшірмесі мен оқуды бітіргені туралы куәлікті және емтихан комиссиясының хаттамасының көшірмесін қоспағанда, осы стандаттың 9-тармақтарында көрсетілген талаптардың негізінде жүргізіледі.

порталға жүгінген кезде:

«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін:

- осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

- тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

- медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

- жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшірмесі;

- көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

«Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін қосымша:

- тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

- ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:

- осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

- тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

- медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

- көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

- куәліктің телнұсқасын алу үшін:

-себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

- медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

- көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);



- сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасының электрондық көшірмесі.

тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет