— 31 —
Фотостудия ашу
Нарықта өте табысты әрі кең етек жайған кәсіп
түрі. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін
фотостудиялар көптеп
ашылып жатқанмен олардың
саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру
үшін әлі болса да жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет
түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену
тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс
істейді, ал мамандандырылған
арнайы студиялар-
дың саны онша көп емес.
Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін
сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі
– жеңілдетілген режим бойынша жеке кәсіпкер
боласыз. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қа-
жет, аппаратты қызметті жүзеге
асыру орны бойын-
ша салық органдарында тіркеу керек.
Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір
орынжайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге
ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс.
Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, жеке
куәлікке арналған фото болса,
фотостудияны шағын
ауданнан да ашуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: