— 34 —
кіреберістері мен аялдамаларда
хабарландырулар
жабыстыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Немесе сізге интернет арқылы танымал
жұлдыздарға жарнама жасатуға да болады. Бірақ бұл
жарнаманың бағасы да сәйкесінше қымбат болады.
Ательенің табысы
келесі қызметтерді ұсынудан
тұрады: киімді тігу, жөндеу және қайта өңдеу, дайын
киімдер
мен перделерді тігу, басқа да қызмет түрлері.
Бұл кәсіппен үйде отырып та жұмыс жасауға
болады. Тек үйіңіздің бір бұрышына тігін машинасын
қойып, үйден қажетті тапсырыстар қабылдап,
онлайн
түрде интернеттен сатып пайда таба аласыз.
— 35 —
Кофе-киоск
Тамақ саласына қатысы бар тағы бір бизнес –
кофе. Мұнда кофехана ашу міндетті емес. Мысалы,
өзімен бірге алып кетуге болатын кофе қазір
сұранысқа ие. Кеңседе қызмет ететіндердің көпшілігі
күніне бір рет болса да кофе ішеді. Кофе нарығының
статистикасы «кофені өзімен бірге»
бизнес ретінде
– ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге сай келетін, өте
тиімді идея екенін дәлелдейді. Бұл бизнесті ашу үшін
көп салымды қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: