— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет49/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 114 —
5. Giveaway. Қайтарып бер әдісі. Қазіргі кезде біздің 
арамызда ол «гив» деп аталады. Иә, бұл әдіс бәрі-
не таныс. Керемет сыйлықты тігіп, спонсорларға 
жазылуды сұрайтын. Сіз де сол спонсорлар қа-
тарына қосылып, оқырман санын көбейте ала-
сыз. Бірден аудиторияңыз өседі, десе де олар-
дың сіздің парақшаңызда қалу ықтималдылығы 
төмен. Себебі сыйлық ойнатылғаннан кейін олар 
оңай шығып кетуі мүмкін. Ал бұл олқылық болмас 
үшін сол оқырмандарды өзіңізде ұстап қалуыңыз 


 — 115 —
керек. Сәйкесінше контентіңізді жақсартып, 
парақшаңызды одан да қызықты қыла түсуіңіз 
керек. 
Сіз білмейтін инстаграмның сан түрлі құпияларын айта кеттім. 
Жай ғана әлеуметтік желіде отырып уақыт кетірмей, қайта тап сол 
қолыңыздағы телефон арқылы табыс табуға итермелейтін қанша 
мысалдарды көрдіңіз. Алайда оны жүзеге асырып, әрекетке-берекет 
қылып тірлік жасау өз еркіңізде!


 — 116 —


 — 117 —
IV бөлім
Дара кәсіпкерлік және 
Жауапкершілігі шектеулі 
серіктестікті тіркеу, 
қызметін тоқтату мен салық 
есептіліктерін тапсыру.


 — 118 —
Дара кәсіпкерлік және Жауапкершілігі 
шектеулі серіктестікті тіркеу, қызметін 
тоқтату мен салық есептіліктерін тапсыру.
Халық арасында ИП (индивидуальный 
предприниматель) деп кең тараған бұл термин қазақ 
тілінде дара кәсіпкер деп аталады. Салық Кодексінде, 
Кәсіпкерлік Кодексте де дәл осылай жазылған. 
Сондықтан осы бөлімде де дара кәсіпкер (ДК) деп 
қолдануды құп көрдік.
Кітаптың бастапқы бөлімінде кәсіп ашуға шабыт 
сыйлауға тырысып, сосын сол кәсіптің түрлерімен 
таныстырып, жаңа бизнестің бағыттарын анықтап, 
ендігі «кәсіпкер» боламын деп бел буған жандар үшін 
осы бөлімде дара кәсіпкерлік және Жауапкершілігі 
шектеулі серіктестікті тіркеу, қызметін тоқтату мен 
салық есептіліктерін тапсыру және т.б сұрақтарға 
толыққанды жауап беретін боламын.
Дара кәсіпкерлік туралы ашып айтпас бұрын
жалпы «кәсіпкерлік» дегенді қалай түсінеміз? Әуелі 
осыған тоқталып, тақырыпты тарқатып алғанымыз 
жөн. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік 
Кодексінің 2-бабында келесідей анықтама берілген: 
«Азаматтардың, оралмандардың және заңды 
тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет