— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет57/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 137 —


 — 138 —


 — 139 —


 — 140 —


 — 141 —
Енді жоғарыдағы формаға қарап отырып, әр 
жолын толтыруды үйренейік.
1. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы 
жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші 
(салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәй-
кестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі (бұдан әрі – 
ЖСН (БСН)); 
2) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған 
кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды 
тұлғаның атауы көрсетіледі.
3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі 
(араб сандарымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің бөлек санаттары. 
Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В, C 
немесе D торкөздерінде көрсетілген санаттардың 
біріне жатқан жағдайда белгіленеді;
А – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес 
сенімгерлік басқарушы;
В – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік 
басқарушы құрылтайшысы;
С – «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық 
есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепті 
жүргізеді;
D – «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық 
есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепті 
жүргізбейді; 
С және D торкөздері жеке кәсіпкерлермен 
белгіленеді;


 — 142 —
5) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер са-
лық есептілігін бірінші рет тапсырып отырған бол-
саңыз «бастапқы» одан кейінгі есептіліктер «кезек-
ті» толықтырулар мен түзетулер енгізу мақсатында 
болса «қосымша», ал егер салық басқармаларынан 
келген хабарламаға жауап ретінде тапсырылып оты-
рған салық есептілігі болса «хабарлама бойынша 
қосымша» деген түрі, ДК жабатын кезде «тарату» түрі
белгіленеді;
6) Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе. 
Егер салық төлеуші Салық кодексінің 686 – 
бабының 2-1 тармағына сәйкес салық органдарына 
деректерді тіркеу және беру функциясы бар 
бақылау – касса машинасын немесе үш құрамдасты 
интеграцияланған жүйесін тіркеуге қойған жағдайда 
торкөз белгіленеді.
А – Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің 
және иесінің атауы көрсетіледі;
В – Тіркеу карточкасының нөмірі көрсетіледі;
С – Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені 
тіркеуге қойылған күн көрсетіледі;
7) хабарламаның нөмірі мен күні. Декларация-
ның 4-түрі түрін табыс еткен жағдайда толтырыла-
ды;
8) «Кеден декларацияларын толтыру 
үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» 
Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 
20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валю-
талар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды; 
9) резиденттік белгісі.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент 
салық төлеушісі белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет