— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет69/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 165 —
жариялау; 

барлық кредиторларға жекелеп заңды тұлғаны 
тарату туралы жазбаша хабарлама жіберу; 

таратылатын заңды тұлғаның есеп айырысу және 
валюталық шоттары бойынша карточкалардағы 
лауазымды тұлғалардың қолдарын ауыстыру 
және банкте тарату шотын ашу; 

қысқартылатын жұмыскерлерді хабардар ету 
және қысқарту бойынша шаралар кешенін, 
олармен есеп айырысуларды жүргізу және 
оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу; 

дебиторлық қарызды анықтауға және алуға 
шараларды анықтау; 

кредиторлық және дебиторлық қарыздың 
тізілімдерін құрастыру; 

аумақтық салық комитетімен бюджетке міндетті 
басқа да төлемдер және салықтар бойынша есеп 
айырысулар; 

олардың жарғылық капиталындағы акциялар 
немесе үлестерді сату (салымдар) жолымен басқа 
заңды тұлғалар (қатысушылар) құрамынан 
шығу; 

активтер және міндеттемелер 
инвентаризациясын жүргізу, аралық тарату 
балансын құрастыру және бекіту

сатуда (тендерлерде, аукциондарда) мүлікті 
(конкурстық массаны) өткізу және қолданыстағы 
заңнамамен көзделген кезектің тәртібінде 
кредиторлармен есеп айырысулар жүргізу. 
Ескерту: бұл жерде тек заңды тұлғаның 
өзінің ғана емес сонымен қатар құрылымдық 
бөлімшелердің (филиалдардың, өкілдіктердің 


 — 166 —
және т.б.) қарыздары өтеледі

тарату салық есептілігінде көрсетілетін салықтар 
және басқа міндетті төлемдерді төлеу оны 
ұсынған күннен бастап он күн ішінде жүргізіледі. 
Таратылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ оның 
құрылымдық бөлімшелерінің салық қарызы 
оның ақшасы есебінен, соның ішінде мүлкін 
өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актілерімен 
белгіленген тәртіпте өтеледі. 

Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық 
қарызын өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда 
салық қарызының қалған бөлігі 34-баптың 
2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде белгіленген 
жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның 
құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) 
өтеледі; 

лицензияларға заңды тұлғада бар мемлекеттік 
лицензияларды тапсыру; 

барлық кредиторларды қанағаттандырғаннан 
кейін қалған мүлікті акционерлер немесе 
қатысушылар арасында бөлу, ал одан бас 
тартылған жағдайда аталмыш мүлікті кез келген 
үшінші тұлғаның меншігіне немесе иелігіне беру; 

түпкілікті тарату теңгерімін құрастыру және 
бекіту; 

тарату рәсімін аяқтау туралы есепті меншік 
иесі, оларға өкілетті орган немесе сот алдында 
дайындау (конкурстық өндіріс); 

салық органдарынан бюджет алдында салықтық 
берешегі бар немесе жоқтығы туралы анықтама 


 — 167 —
алу және салық есебінен алу; 

қызмет көрсететін банкте шотты жабу 
(шоттарды); 

жою үшін заңды тұлғаның мөрін қабылдау туралы 
аумақты ішкі істер органында анықтамалар алу; 

аумақтық әділет басқармасында заңды тұлғаны 
тарату рәсімдерін жүргізу туралы құжаттар 
пакетін ұсыну; 

заңды тұлғаны таратуды тіркеу туралы құжатты 
әділет департаментінде алу; 

таратылған заңды тұлғаның қалған құжаттарын 
аумақтық мұрағатқа тапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет