Эксперимент есептерінің орны және шыгарту әдістемесі.
Эксперимент есептері химияны оқыту сарамандығына отызыншы жылдарда енгізілді. Эксперимент есептерін шығарудың алдымен кѳрнекі кѳрсету, содан соң зертханалық, ақырында сарамандық эдістері қалыптасты.
Эдістеменің бүл реті қазіргі кезде де қолданылады.Алғашқы кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мүғалім оқушылармен эңгімелесе отырып, жоспар қүрады, қажетті тэжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мүғалімнің ѳзі кѳрнекі керсетеді. Екінші кезеңде есепті шығару жоспары кѳпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тэжірибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін ѳздігінен шығарады.
Химияның бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептерінің типтерін енгізу реті кѳрсетілмеген. Оны мүғалімнің ѳзі анықтайды.
Озат мүғалімдердің тэжірибесінде эксперимент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан басталады.Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын қүрал қүрастыру, оттегін анықтауға байланысты қарапайым есептер шығарылады. Сутегі тақырыбын ѳткенде есептердің мазмүны кеңейіп, жаңадан затқа тэн реакцияны жасау, түз алу, қоспаның қүрамын анықтау жэне бѳлу есептері қосылады.
Есептің қиындығы біртіндеп арттырылады.Мэселен, оқушылар алдымен оттегін анықтауды, содан соң берілген екі газдың, ақырында бірнеше газдың ішінен оттегін ажыратып тануды үйренеді. Есепті шешу тәсілін нақтылы үйрету үшін оқушы жүзеге асыратын қимылдардың алгоритмін(ретін) бастапқыда дайын күйінде беру керек.Оттегін ажыратып тану есебін шешу ретіне мысал келтірейік.
1-есеп. Аузы бекітулі екі сынауықта оттегі жэне кѳмір қышқыл газы берілген.Эр сынауықтың ішіндегісін анықтаңыздар.
63
е ш у і: Оқушыларға жұмыс реті кѳрсетілген нұсқау беріледі; 1) есептің шартын талдаңцар; 2) табиғаттану мен химиядан оттегі жэне комірқышқыл газы туралы білетіндеріңізді еске түсіріңізер; 3) физикалық қасиеттері бойынша берілген газдарды табуға бола ма? 4) қандай тәжірибелер жасау керегін ойластырыңіздар; 5) тэжірибе жасаңыздар; 6) жазбаша есеп беріңіздер. Онда не істегеніңізді, не бақылағаныңызды, бақылаудан шыққан қорытындыны кесте түрінде жазыңыздар.
Эксперимент есептерінің нэтижесін сарамандық сабақтың соңында қорытындылау тиімді екені іс жүзінде дэлелдейді.Ол үшін эр типке жататын есептің шешімін жеке оқушылар жазба есебі бойынша айтады, қалғандары оз шығарғандарымен салыстырып, талқылайды.Есептердің дүрыс жауабын кодоскоп арқылы кѳрсетуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |