Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет8/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Нұралы Құдайберген
тех. ғ. к., Жаңашыл зияткерлік
технологиялар академиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМІ 
(ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ)
This paper deals with the new techniques of teaching the Kazakh language by using the latest 
information technology achievements in the form of talking pencils. First, the data compiled from 
the vocabulary often used in conversation the Kazakh language. It was stored in the memory of 
the pencil by using the Dot Cod technology. The technology TTS (text-to-speech) KZ is one of the 
achievements to sound the text in the Kazakh language.
Бұл қазақ тілін үйретудің жаңа әдісі және соңғы ақпараттық технология жетістігін пай-
далана отырып, сөйлейтін қалам түрінде жасалған компьютерлік бағдарлама.
Алдымен, қазақ тілінің ауызша сөйлесудегі жиі қолданылатын сөздік қоры жасады. 
Алғашқы 10, 100, 1000, 6500, 65000 жиілік сөздер іріктеліп, қазақ тілінің ауызша сөйлеу 
сөздігінің жиілік дерек қоры арнайы VoiceDataBaseKZ ақпараттық бағдарламаға енгізіледі.
Содан кейін, қазақ тілінің ауызша сөйлеуде қолданатын негізгі сөздігі Dot-Cod техноло-
гиясын пайдалана отырып арнайы VoicePenKZ сөйлейтін қаламға жазылады.
Әрі қарай, қазақ тілінің ауызша сөйлеу сөздігінің жиілік дерек қоры аясында кез-келген 
компьютерде MS Word бағдарламасы көмегімен терілген мәтінді сөйлейтін мәтінге айнал-
дыратын VoiceInkKZ компьютерлік бағдарламасымен принтер арқылы қағаз бетіне басып 
шығырамыз, компьютер бетіне, iPad бетіне шығарамыз.
Осыдан кейін, сөйлейтін бейнелер жасау арқылы ауызша сөйлеудің сапалы және тиімді 
иновациялық әдісін VoiceSymbolKZ компьютерлік бағдарламасына жазамыз.
Соңында, қазақ тілінің ауызша сөйлеу сөздігінің жиілік дерек қоры аясында қазақ тілінің 
ақылды грамматикасын интеллектуалды сараптаушы жүйе технологиясы көмегімен қағаз 
бетіне, компьютер бетіне, iPad бетіне шығара алатын VoiceGrammarKZ бағдарламасын 
жасаймыз. Бұл қазақ тілінде грамматикаға сай сауатты сөйлеуге тез арада үйрететін соны 
технологиялардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі ауызша сөйлеуде жиі қолданылатын 
1000 сөздің инновациялық технологияны пайдалана отырып жасалған сөйлейтін VoiceDictionary 
KZ-RU-EN сөздігі жасалады.
Ақырында, Интернеттегі, компьютердегі кез келген қазақ тілінде жазылған мәтінді қазақ 
тілінде автоматты дыбыстау (оқу) технологиясы TTS (text-to-speech) KZ – қазақ тілінің жаз-
баша компьютерлік мәтінін ауызша сөйлету жүйесі жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет