Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


К. Көпеш п.ғ.магистрі, аға оқытушы Назарбаев Университеті «КЕРІ АУДАРЫЛҒАН САБАҚ» – ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ



Pdf көрінісі
бет82/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

К. Көпеш
п.ғ.магистрі, аға оқытушы
Назарбаев Университеті
«КЕРІ АУДАРЫЛҒАН САБАҚ» – ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ
Flipped lesson is very efficient type of lesson in teaching a language. As a result of its imple-
mentation students increase their activeness and train researching, collecting and creative abilities.
ХХІ ғасыр жетістіктерінің бірі – тіл үйрету барысында оқытушының жаңа технология-
ларды қолдана отырып, білім сапасын арттыруға, шәкірттерінің белсенділіктерін арттыруға 
мүмкіндік алуы. Кері аударылған сабақ – сол мүмкіндіктердің бірі – қызықты, нәтижелі пе-
дагогикалық қадам деп айтуға болады. Ғаламтор адамдардың ажырамас бір бөлшегі болған 
заманда, оның мүмкіншіліктерін сабақ барысында қолданудың өзектілігі артып отыр. Қазіргі 
таңда бұл модель бойынша әр түрлі тақырыпта құрастырлған бейнелекцияларды www.youtube.
com желісінен табуға болады немесе әр оқытушы өз пәні бойынша сабақ тапсырмаларын 
https://www.playposit.com, http://bit.ly/nuflip және т. б. ресурстар көмегімен құрастыра алады.
Кері аударылған сабақ мазмұны бойынша жұмыс жасар алдында әр оқытушы маңызды 
бірнеше элементке назар аударуы керек:
• Студентке аудиторияға келгенге дейін жаңа тақырып туралы түсінік беріледі.
• Студент білімін бағалаудың бірнеше жолы ұсынылады.
• Аудиториядағы белсенділік жоғары деңгейдегі танымдық әрекетке бағытталады.
Студенттер аудиториядан тыс білген ақпараттарын, жаңа сөздерді немесе грамматикалық 
құрылымды сабақ барысында тереңдету, жан-жақты талқылау, өз ойын, сыни көзқарасын 
айту үшін қолданады. Студент пен оқытушының орындары ауысады: студенттер өздеріне 
жауапкершілікті көбірек алады, яғни материалдың негізгі мазмұнын жеке немесе топтарда 
меңгереді. Студенттің жауапкершілігі мен танымдық белсенділігі арта түседі.
Бейнесюжеттер, бейне-лекциялар кері аударылған сабақтың негізін құрайды. Студент-
тердің деңгейін, сабақ тақырыбы мен мақсатын ескере отырып, оны оқытушы алдын ала 
құрастырып, студенттерге сілтемесін жібереді немесе онлайн-файл форматында сақтайды. Кері 
аударылған сабақ барысында оқытушы тренер немесе кеңесші ретінде, студенттердің өздік 
жұмыстарын көтермелеп, алдағы жұмысқа ынталандырып отырады. Осы модель бойынша оқу 
үдерісі оқытушыдан іздеу, сұрыптау, зерделеу жұмыстарымен қатар, біліктілікті талап етеді.
Кері аударылған сабақтың біркелкі немесе бір типті моделі жоқ. Сабақ барысы алдын ала 
қаралып, тапсырмалар орындалған 5–7 минуттық бейне-сюжет (бейне-лекциялар, көркем 
фильмнен үзінді, түрлі бағдарламалар, бейнеклиптер және т. б.) төңірегінде құрылады. Онлайн-
сұрақтар немесе тапсырмалармен жұмыс жасау барысында студент түсінбеген сөздер немесе 
оқиғаларға бірнеше рет қайтып оралу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушы сабақта талқылау 
жұмысын жүргізу барысында студенттерді топқа бөліп тапсырма беру, оларға рөл тағайындау 
арқылы аудиториядан тыс жүргізілген жұмыстың нәтижесін бақылап, қорытындылай алады. 
Бұл модель бойынша жұмыс жасау барысында сабақ құрылымының жаңаруымен қатар, үйге 
берілетін тапсырмалар да түбегейлі өзгеріске ұшырайды.


| 91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет