Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет84/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Г. К. Мадина
п.ғ.магистрі, аға оқытушы
Көкшетау техникалық институты
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
This article talks about some of the exact proven pedagogical – psychological peculiarities in 
teaching of the Kazakh language. Also, discusses several pedagogical methods when working with 
students.
Қазіргі кезде оқу орындарында оқытушылардың педагогикалық-психологиялық қызметін 
жетілдіріп, тиімді педагогикалық технологияларды игеруін диагностикалау және көмек 
көрсету, оқушы-оқытушы арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сараптау, оларды шешу 
жолдарын ұсыну, оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелілігінің үздіксіз мониторингін 
жүргізу, оқушылардың даралық, дарындылық қабілеттері мен сұранымдарын, қанағаттану 
деңгейін анықтау және оны көтеру жолдарын белгілеу бағыттарындағы жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық принциптерді ескеру қажет: тұлғаның да-
муы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі; оқытудың даралану 
және жіктелу принципі; мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді 
жұмыстары үшін шарт жасау принципі; оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, 
тәлімгерлігін еркін таңдау принципі. Оқытушылардың міндеттері: әрдайым оқушыға жақсы 
тілектес болуы, талабы мен қызығушылығын сезінуге; балалардың психологиялық ерек-
шеліктерін жете білуге; зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға; қызығушылық пен 
икемділіктің кең көлемін игеруге; оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын 
болуға; икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге 
дайын болуға; шығармашылық жеке дүниетанымы болуға; дені сау және өмірде тұрақты 
болуға; балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға 
және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.
Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, әдістемелік даярлығын да 
тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесінде сәйкес қойылған мақсат оқытушының 
педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді 
болады. Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары бойынша шынайы диагностика-
лық мәліметтер алу үшін ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері, оқушы әрекетінің өнімін 
зерттеуді, сауалнаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің барлық түрлерін талдау, 
бақылауды, әнгімелесуді, социометриялық талдауды, әр түрлі диагностикалық карталар 
толтыруды, тестілерді пайдалану керек.
Білім ошақтарында жаңа инновациялық технологияларды қолдану барысында, оқытудың 
әр-түрлі әдіс-тәсілдерін еңгізу қажеттілігі туып отыр. Ұстаздардың оқыту үрдісінде жаңа 
көзқарасын қалыптастыру, олардың педагогикалық мәдениеті мен шығармашылық ізденісін 
арттыру, жаңа технологиялық әдістерді меңгеруге үйрету – бүгінгі күннің мұғалімге қойып 
отырған басты талаптарының бірі.


| 93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет