Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет96/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Айгерім Құсайынқызы
аға оқытушы,
«Нархоз» Университеті
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ ТІЛ ЖАЙЛЫ…
In this article author releases her personal view in terms of mother tongue from bilingual policy 
point view. Benefits of being bilingual and Kazakhstan’s position regarding of 3 lingual futures had 
been a main topic.
Қазақстанның үш тұғырлы саясатын Елбасымыз осыдан 10 жыл бұрын жария етуі 
Қазақстанның ішкі саясатының ұтысты тұстарының бірі. Ал, Канада қоғамында қос тілді 
азамат болу түйіндеменің төбесін бір елі көтерер артықшылықтардың бірі, ал әлемдік үздік 10 
ЖОО-ның 7-нің иесі атанып отырған Американдықтардың 75 пайызы монотілді ұлт атанған-
дығын әрі тек бір тілмек шектелген ұлттың болашағы бұлыңғыр болатынын баспасөз өкілдері 
жар сала жазғанымен, нәтиже жақын 10 жылда бола қоймайды дейді зерттеушілер. Себебі, 
ғылым мен жаңа сатыға көтерілудің бір сатысын шетел тілін меңгеруден бастағандар ұтыста.
Канадада ресми қос тілді саналғанымен, француз тілінің географиясы 10 провинцияның 
тек екеуінде кең қолдауға ие. Ал қазақстандық студенттердің полиглот болуы канадалық 
оқытушыларды таңдандырмай қоймайды, тіптен кейде қазақстандықтарға қызғанышпен 
қарайтындықтарын да жасырмайды. Қазақстандықтардың елде жүргенде байқай бермейтін 
потенциалдарының бірі де осында.
Болашақта Қазақстанның ЖОО кемінде 50 пайызы 3 тілді оқу ордаларына айналса, 
болашақтық жастардай жат елге білім іздеп емес, өз елінде білім құдығын қазумен қалған 
жастар көбірек болады. Әлбетте, бұл уақыт еншісіндегі дүние. Бұл қажеттілік, уақыт талабы 
әрі заман іріктейтін сынақ.Француз ойшылдарының бірі: «Қанша тілді білсең, бір сарайға 
сонша кілтің бар» деген болатын, ендеше әдемдік бәсеке жолында Қазақстан сынды 3 тілді 
ұлттар да баршылық, олар әлем жұртшылығының 13 пайызын құрайды.
Ал, 3 тілді еркін меңгерген Қазақстандықтар үшін біздің елдің алдында тұрған кез-кел-
ген стратегиялық міндет қол жеткізерлік меже болады. Себебі, қазақ жастары түрлі аспапта 
ойнайтын музыканттар іспеттес, ал түрлі аспап дайын болса, оркестрдің үйлесімді симфония 
шығару да қалыпты дүние. Өзге ұлттың тілін білу арқылы, қазіргі Болашақтықтар ертеңгі 
Қазақстан болашағының үні үйлесімді шығу үшін шеберліктерін шыңдауда.


106 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет