Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы


Жамбас-сан буыны(artculatio coxae)



бет4/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#173687
1   2   3   4   5   6

Жамбас-сан буыны(artculatio coxae)

Жамбас-сан буыны барлық жағынан жақсы жетілген бұлшық еттермен жабылған, ол сүйек құрылымдарын /ортан жіліктің басын, ұршық ойысын/ сипап табуды қиындатады. Trochanter minor-ді сипап сезуге болады. Олар пупартов байламынан төмен орналасқан. Fossa acetabuli мықын, шат, отырықшы сүйектерінің біріккен жерінде орналасқан. Алдыңғы –төменгі сегментінде ұршық ойысының жиегінде incisura acetabuli /ойыс/ бар, ол тесікке айналады, өйткені үстінде Lig. transversum acetabuli орналасқан. Acetabuli-дің жиектеріне Labrum glenoidale бекітіледі, ол шеміршек талшықтарынан тұрады. Шеміршектің беті жарты ай тәрізді пішіндес болады. caput femoris-ті гиаинді шеміршек жауып тұрады және ойысы бар, оған Lig. terets бекітіледі. Ортан жіліктің басы мойнына ажыратылады, мойын ортан жіліктің денесінен екі ұршық арқылы бөлініп тұрады.



Буын сөмкесі. Lacum glenoidale-ден басталып алдынан – linea interochanterica-ға, артынан ортан жіліктің мойнының сыртқы және ортаңғы бөлігінің арасына бекітіледі. Ортан жіліктің көп бөлігі жамбас-сан буынының қуысында жатады. Ол синовиальды қабықпен жабылған. Буынды сөмке-сыртқысы–ұзынша және ішкісі-циркулярлы талшықтардан құралған тығыз фиброзды тканьннен құралған.
Жамбас-сан буынының байлам аппараттары

Байлам аппараттары төрт байламнан тұрады: 1. Lig. iliofemorale /алдынан/ spina ilei anterior-ден басталып және жартылай Linea intertrochanterica-ға келіп бекітіледі, ал жартылай екі шоғырмен буын қабының /zona orbicularis weberi/ үстінен ортан жіліктің мойнын қоршайды.

Байлам қабықтың алдыңғы бетімен өтеді. Ол денедегі ең мықты /3000 кг/ күшті көтереді байлам. Ол бұлшық ет қимылын тежейді /жазылуын, бүгілуін және сыртқы айналып кетуін/.


  1. Lig. pubocapsulae /ішінен/ eminenta iliopectinea-дай және жапқыш тесіктен жиегінен басталады. Байлам буынның ішкі бетімен өтіп және жартылай trochanter minor-ға бекітіледі, ол жартылай буын қабығына бірігеді.

  2. Lig. ischiocapsulare /артынан/ отырықшы сүйек төмпешігінен басталып, буын қабығының артқы бетімен өтіп және буын қабына бірігеді.

  3. Lig. teres fossa acetabuli-ден басталып және foves capitis femoris-ке бекітеді.

Осы байламдардың арасында нашар бекітілген жерлер қалады, осы жерлер шығып кеткенде ажырап кетеді. Буын қуысы кейде bursa iliopectinea-мен байланысады.

Буынның қанмен қамтамасыз етілуі: A. gluteae inferioris-тің соңғы тармақтарымен, аа. circum flexae femoris medialis және lateralis-пен, a. obturateria-дан a. acetabuli шығады, ол Lig. teres-ке және ортан жіліктің басына кіріп кетеді.

Жүйкеленуі: буынның алдыңғы-сыртқы бөлігі, n. femoralis тармақтарымен, артқы-бөлігі отырықшы сүйектің тармақтарымен қоректендіреді.

Жамбас-сан буынының қозғалысы: бүгілу және жазылу, алып келу, алып кету және айналдыру. Spina ilii anterior және tuberculim pubicum арасы арқылы өтетін ұзынша сызық ұршық ойысын және ортан жіліктің басын екіге тең бөледі. Trochanter majoris ұшы арқылы өтетін көлденең сызық ортан жіліктің ортасы арқылы өтеді. Trochanter majoris ұшы spina ilii anterior superior және tuber ischi-ді біріктіретін сызықта жатады /Roser-Nelaton сызығы/.

Осы сызықтарды пайдаланып ортан жіліктің басының орналасуын және fossa acetabuli-ге қатынасын анықтайды.

Тізе буыны аймағы (recio geni)

Шекарасы: жоғарыдан-тізе ұршығынан екі елі жоғары санды айналдыра жүргізілетін көлденең сызықпен, төменнен /балтырда/ - tuberosita tibiae деңгейінде балтырды айналдыра жүргізілген көлденең сызықпен шектелген.

Regio genii anterior және regio genu posterior-ге бөлінеді. Олардың арасындағы шекара санның айдаршығының артқы жиегінен ұзынша етіп жүргізілген сызық болып табылады. Regio genii anterior –тізе буынының алдыңғы беті. Бұл аймақты қарағанда тізе ұршығы және Lig. patellae proprium pateiiae, -ның бүйірінде біліктер /қанат тәрізді қатпарлардан/ plioae arares /құралған/ көрінеді. Аймақтың төменгі бөлігінде – tuberositas tibiae-ны, одан жоғары - Lig. patellae proprium, m. guadrilipitis femoris –ті, patella-ның бүйір жиектерін және негізін сипап сезуге болады. Сыртқы жағынан асықты жіліктің шыбғының басын, оның арасында tuberositas tibiae-tuberculum gerdi /tractus iliotibialis-тің бекітілген жер/ және санның сыртқы айдаршығын ішкі жағынан – tibiae-ның ішкі айдаршығын және tuberculum adductorium орналасқан санның ішкі айдаршығын сипап сезуге болады.

Қабаттары:


  1. Терісі қалың, қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы patella-ның бүйірінде жақсы жетілген, ал алдыңғы жайында мүлдем жоқ болуы мүмкін. Бұнда тері асты тамырлар және жүйкелері өтеді. Клетчаткада бір қатар кілегей сөмкелер орналасқан. Bursa mucosa infrapatellaris тері мен Lig. patellare proprium арасында жатады. Bursa mucosa praepatellaris subcutanea ұршығының алдында жатады. Кілегей сөмке «кавалеристов» сынның ішкі айдаршығының деңгейінде тері астында жатады.

  3. Меншікті шандыр fascia latae-ның жалғасы, тізенің аймағының алдыңғы бөлігін жабады және шығып тұрған сүйекке бекітіледі. Тізе ұршығы аймағында шандырдың астында борпылдақ клетчатка қабаты бар, онда кілегей сөмке – bursa praepatellaris subfascialis жатады.

  4. Бұлшық еттер M. guadricipitis femoris-тің сіңірі тізе ұршығын қоршап, жиектерімен бірігеді және соңғы жағы Lig. patellare proprium-ге жалғасады. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлерінен басқа тізе ұршығының екі бүйірінен сіңір талшықтарының шоғырлары өтеді /retinaculum/. Retinaculum patellae mediale margo infraglenadalis tibiae-ға бекітіледі, retinaculum patellae laterale жерді төмпешігі аймағында timia-ға бекітіледі. Ішкі жағынан mm. sartorii, gacelis, semetendinosi және semimembranosi сіңірлері өтеді, ол tuberositas tibiae аймағына бекітіледі де «қаз табанын» түзеді. Сыртқы жағынан m. bicipitis femoris сіңірі өтеді. Санның төрт басты бұлшық етінің сіңірінің астында, patellae-дан жоғары, сүйекте m. articularis genu бөлігі жатады. Бұл бұлшық ет жиырылғанда тізе буынының буын сөмкесі тарылады. Bursa infrapatellaris profunda Lig. patellare proprium және tuberositas tibiae-ның жоғарғы бөлігінің арасында жатады.Ол буын қуысынан май бөлігімен ажыратылады. Bursa mucosa subtendinea patellae-ның алдыңғы бетінде сүйек қабығымен төрт басты бұлшық еттің сіңірінің арасында жатады. Bursa mucosa suprapatellaris тізе ұршығынан жоғары, m. guadricipitis femoris сіңірінің артында жатады. Бұл сөмке буын қуысымен байланысты, басқа сөмкелер байланыспайды. Меншікті шандыр астында көптеген аретриальды тор орналасқан – rete patellae және rete articulate genu.


Тізе буынының артқы беті:

Тізе буынын бүккенде ойыс көрінеді, ол жоғарыдан және ішкі жағынан mm. semitendinosi және semimembranosi мен, сыртқы жағынан-асық жіліктің шыбығының басына бекітілетін екі басты бұлшық еттің сіңірімен шектелген. Бұлшық еттері жақсы жетілген, тері асты клетчаткасы аз адамдарда төменгі бөлігінде m. gastrochemii-дің басын сипағанда сезіледі. Тізе буынын жазғанда fossa poplitea-де, жоғарыдағы құрылымдар аз байқалады.

Қабаттары:


    1. Тері жұқа, қозғалғыш.

    2. Тері асты клетчаткасы санның клетчаткасының жалғасы. Осы қабатта орналасқан беткі шандыр клетчатканы екі қабатқа бөледі. Май қабатта ортаңғы сызықпен v. saphena parva өтеді, fossae popliteae- ден төмен меншікті шандырға жанасса v. poplitea-ге құяды. Сирек жағдайда saphena parva санға көтеріліп saphena magna –ға құяды.

    3. fascia poplitea fasciae latae-ның жалғасы және одан әрі тізе апоневрозына жалғасады. Тізе асты шандырында тесіктер бар, онымен беткі веналар және лимфалық тамырлар терең веналармен лимфалық тамырлармен байланысады.

    4. Тізе асты ойысының түбін Planum popliteum құрайды. Ол тізенің артқы бетінде Lig. popliteum obliguum буын сөмкесінің артқы бетінің сыртымен және қиғаш жоғарыға қарай жүреді.

Құрылымдары

Ойысты клетчатка толтырып жатады және клетчатка тамыр-жүйке шоғырын қоршап,

отырықшы жүйке жолы арқылы сан аймағының артқы бетіндегі клетчаткамен, hiatus adductorius арқылы өтетін сан тамырлары жолымен сан аймағының алдыңғы бетінің клетчаткасымен, төменде m. golei сіңірінің доғасымен қоршалған тесік арқылы балтырдың артқы бетінің терең клетчаткасымен /n. tibialis жолымен/ байланысады.


  1. Тамырлар мен жүйкелер. A. poplitea a. femoralis-тің жалғасы, ол бірнеше талшық береді де балтырға canalis cruropopliteus-ке өтеді. Тақым ойысында артериялардан бұлшық еттерге және буындарға талшықтар шығады. /a. superior medialis – m. adductoris magni сіңірінің астымен, genu superior -lateralis/ екі басты бұлшық еттің сіңірнің астымен өтеді. /genu media-тізе иілімінің деңгейінде шығады да, буынға өтеді де, Lig. cruciatum –ге және синовиальды қабық қатпарына тармақтар береді. г/а. genu interior medialis –epicondylus medialis tibiae астымен Lig. collaterale tibiale бойымен жүреді. д/ a. genu interior lateralis, m. gastrocnemii-дің сыртқы басының астымен, екі басты бұлшық еттің сіңірініі және Lig. collaterale tibiale астымен өтеді. Бұл аталған артериялар rete articulare genu-ді түзеді. V. poplitea-жалғыз, сирек жағдайда екеу болады. Ол аттас артериямен бірге жүреді және оларды дәнекер тканьді шандыр қоршап тұрады. Лимфалық тамырлар ірі тамырлармен бірге жүреді және lymphonoduli poplitei-ге құяды. Отырықшы жүйке тақым ойысының үстіңгі бұрышында екі негізгі тармаққа бөлінеді-n. tibialis және n. peroneus communis. n. tibialis a. tibialis posterior-мен бірге canalis cruropliteus-тен өтеді. Тақым ойысында одан бұлшық етке тармақтар және surae medialis /балтырға барады/ шығады. N. peroneus communis m. bicipiti сіңірінің ішкі жиегінде жатады. Тақым ойысында одан n. cutaneus suare lateralis шығады. Осы аталған тармақтардан басқа, осы екі бағанадан буын сөмкесіне және буынға жүйкелер шығады.


Тамыр-жүйке шоғырларының топографияссы

Тереңде ортаңғы сызық бойында a. poplitea жатады. Санның айдаршығының жоғарғы бөлігінде клетчатка қабатымен ажыратылған. Артерияның артында және сыртқы жағында v. poplitea, оданда әрі артына таман және сыртқы жағында n. tidialis жатады. N. peroneus communis екі басты бұлшық еттің сіңірінің ішкі жиегінің үстімен өтеді.

ЖОБЕРОВ ОЙЫСЫ: тізе буынын бүккен кезде көрінеді. Шекаралары: алдынан m. adductor magni сіңірімен, артынан – mm. semitendinosi, semimmbranosi және graclis сіңірімен, жоғарыдан-m. sartorii жиегімен және төменнен-ішкі айдаршық және m. gastocnemii-дің ішкі басымен шектелген.

Аяқты созғанда үлкен алып келуші бұлшық еттің сіңірі, артында –аталған үш бұлшық еттің сіңірі тақым асты ойысының клетчаткасына кіріп кетуі мүмкін, ал түбінде сүйектің үстінде a. poplitea жатады.


Тізе буыны

Буын ортан жіліктің төменгі бөлігінен және асықты жіліктің жоғарғы бөлігінен құралған. Асықты жіліктің шыбығы буынның жоғарғы бөлігінен құралған. Асықты жіліктің шыбығы буынның құрамына кірмейді. Ортан жіліктің айдаршықтары гиалинді шеміршекпен жабылған. Арт жағында, олардың арасында терең ойыс-fossa intercondyloidea орналасқан. Ойыстың түбінде крест тәрізді байлам бекітілген. Асықты жіліктің буынды беті айдарщықтардан құралған. Олардың арасында крест тәрізді байлам бекітілетін төмпешік-eminentia intercondyloidea бар. Fatelle-ның артқы беті буынның құрамына кіреді. Menisci interarticulares талшықты шеміршек қабаты, оны көлденең кессе сына тәрізді пішінде болады. Сыртқы менискінің пішіні О-әріпі тәрізді және tidiae-ның сыртқы айдаршығының буынды бетінде жатады, ішкі менискі-С-әріпі тәрізді пішінде және алдынан lig. transversorum-ге өтеді, ол буын бетінің алдыңғы жиегімен өтіп, сосын сыртқы менискіге сыртқы жағынан бекітіледі. Lig. cruciatum anterius fossa intercondylodeae аймағында condl lateralis-тің ішкі бетінен басталып, ойысқа және алдыңғы жағынан eninentia interconoilodea tibiae –ға келіп бекітіледі. Байлам қиғаш, сырттан ішке және арттан алға қарай бағытталады. Lig. cruciatum posterius-тің ойысқа қарай condyli medialis-тің сыртқы бетімен eminentia intercondyliidea tidiae-нің артымен өтеді. Іштен сыртқа қарай бағытталған. Байлам балтырдың айналуын және сагитальды жазықтықта қозғалысын тежейді.

Буын сөмкесі шеміршектен 1 см қашықтықта сүйекке бекітіледі. Сөмке практикалық жағынан маңызы зор қайырымдар /завороты/ түзеді. Тізе буынында тоғыз қайырылым бар: 1. recessua superior-алдыңғы, жоғарғы қайырылым-синовиальды қабық санның төрт басты бұлшық етінің сіңірінің артқы бетінен санға өткенде түзіледі. Жоғарғы қайырылым 85 процент жағдайда әр түрлі көлемде тесікпен bursa mucosa suprapatellaris-пен байланысады. 2,3. Recassua anteriores superiores lateralis және medialis қабықтың айдаршықтан менискіге өткенде түзіледі. 4,5. Recessus antoriores interiores lateralis және medialis мениск жиегімен tibia арасында түзіледі. 6,7. Recessus posteriores superiores lateralis және medialis синовиальды қабықтың саннан айдаршықтың артқы бөлігінен менискіге өткенде түзіледі. 8,9. Recessus posteriores interiores lateralis және medialis қабықтың менискінің артқы жиегінен tibia-ға өткенде түзіледі. Синовиальды қабық крест тәрізді байламды алдынан жабады және олардың арасына соқыр қап түрінде кіреді. Негізгі байламдар буын қуысының сыртында қалады. Қайрылымдардан басқа, қатпарларда түзеді. Буынның артқы бөлігінде ортаңғы сызық бойында құрамында май қабаты бар қатпар жатады. Буынның алдыңғы бөлігінде тізе ұршығының екі бүйірі жиегінен екі қатпар түзеді. Жапырақшалардың арасында майлы масса жатады-Rlicae alares.

Тізе буыны қуысының көлемі тізені бүккенде үлкейеді, буынды сұйықтық жиналғанда аяқ жартылай бүгіліп тұрады /боннетовский орын/. Бұл кезде сұйықтық буында жатса, Patella-ны алға ығыстырады және осының нәтижесінде «қозғалыс белгісі» /баллотирования Patella / пайда болады. Оны жәйлап итерсе қозғалыста болады. тізені қатты бүккенде қуыстың көлемі кішірейеді.



Байлам аппаратары. Буын қабығы сыртқы жағынан келесі байламдармен бекітілген: бүйір жағынан Lig. collaterale tibiale, оның ұзынша шоғырлары epicondylus medialis femoralis-тен tibia-ға, epicondylus lateralis-тен fibulae-нің басына кетеді, Lig. collaterale tibiale. Артынан Lig. popliteum obliguum, Lig. popliteum arcuatum сыртқы айдаршықтан өтіп және Lig. popliteum obliguum астында жатады. Санның эпифазарлы сызығы алдынан буын қабығымен жабылған, артқы жағы бос. Tibiale-ның эпифазарлы сызығы буын қабығының бекітілген жерінен төмен орналасқан. Fibulae- ның жоғарғы ұшындағы эпифизарлы шеміршек одан да төмен орналасқан. Тізе буыны екі бағытта ғана қозғалады-бүгіледі және жазылады. Тізе буыны бүгілуі тұрғанда балтырдың сыртқы және ішке қарай едәуір айналуы мүмкін.
Сирақ аймағы.

Сирақтың алдыңғы аймағы

Шекарасы: жоғарғысы-tuderositas tibiae арқылы өтетін көлденең сызық, төменгісі-екі тобықтың негізінен жүргізілген көлденең сызық, ішінен- tibiae-ның ішкі жиегі, сыртынан-асықты жіліктің шыбығының бұлшық етін m. soleus-тен бөліп тұратын жүлге.



Қабаттары:

  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы, ішкі жағынан v. saphena magnae, сыртынан- v. saphena parvae өтеді.

  3. Беткі шандыр.

  4. Балтырдың меншікті шандыры – Fascia, s. aponeurosis cruris. Бұл аймақта екі бұлшық етті остеофиброзды арна бар-алдыңғы және сыртқы. Алдыңғы арна немесе жазғыш арнасы: Fascia cruris, артынан membrana interossea, ішінен-асық жілікпен, сыртынан-septum intermussulare anterius пен құралған. Алдыңғы арнада ішінен асқы жілікке жанаса m. tidialis anterior /condylus lateralis tibiae- да басталып, оның сыртқы бетінде, membrana interossea және Fascia cruris/ асықты жіліктің шыбығынан ішкері-m.extensor digitirum longus /fibulae-нің алдыңғы қабырғасынан, membrana interossea және жартылай Fascia cruris –тен басталады/. Екі бұлшық ет жоғарғы бөлігінде алдыңғы арнаны толтырады. Төменгі бөлігінде осы бұлшық еттердің араснда m.extensor hallucis longus жатады /fibulae-нің ішкі бетінен басталады/. Осы үш бұлшық еттің сіңірлері Lig. transversorum cruris –тің астымен аяқ басының үстіне өтеді. Бүйір арналары: алдынан-septum intermusculare anterius, артынан- septum intermusculare posterius, сыртынан- Fascia cruris ішінен-асық жіліктің шыбығымен құралған. Арнада mm. peronei longus және brevis жатады. M. peronei longi-дің екі басының арасынан n. peroneus superficialis өтеді /canalis musculoperoneus superior/. M. peronei longi-дің сіңірлері бірінші метатарзальды сүйектің неігізіне бекітілген. M. peroneus brevis m. peronei longi-ден төмен асықты жіліктің шыбығынан басталады. Ол жартылай жауып тұрады және V метатарзальды сүйекке бекітіледі. Екі бұлшық еттің сіңірлері сыртқы тобықтың артымен өтеді.

  5. Тамырлар және жүйкелер. A. tidialis anterior, a. popliteae-нің тармағы, ол жоғарғы тесік арқылы алдыңғы арнаға membrana interossea -ге өтеді және шандырды бөліктерімен байланысты сүйек аралық жарғақта жатады. Балтырдың жоғарғы бөлігінде ол м. tidialis anterior /ішінен/ және m. digitorium longus /сыртынан/ арасымен өтеді. Ортаңғы және төменгі бөлігінде артерияның сыртында m. extensor hallucis longus-те жатады. Артерияның бағыты teberositas tibiae мен capitulum fibulae /tuberculum gerdi/ тобықтың арасындағы қашықтықпен байланыстыратын сызықпен анықталады. Vv. tidialis anterior жіңішке тамыр, артерияның екі жағымен жүреді. Олар артерияны қоршап тұратын көптеген анастомоздар – n. ischiadicus-дің тармағы, асық жіліктің шыбығының басын орап балтырдың алдыңғы аймағына өтеді. Бұл жерде ол екі тармаққа бөлінеді: n. peroneus superficialis және profundus n. peroneus superficialis canalis musculoperoneus superior-ге бүйір бұлшық ет арнасымен өтеді, және балтырдың ортасында және төменінде тесік арқылы / Fascia cruris / тері асты клетчаткасына сосын аяқ басының үстіне шығады. n. peroneus profundus septum intermusculare anterius арқылы алдыңғы бұллшық етті арнаға және балтырдың жоғарғы бөлігінде артерияның сырытнда, ал төменінде ішкі жағында жатады. Жазғыш бұлшық еттердің жүйкелендіреді және аяқ басының үстіне өтеді.


Сирақтың артқы аймағы

Қабаттары:



  1. Терісі жұқа, қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған, бірақ алдыңғы аймағына қарағанда жақсы дамыған. Бұл жерде беткі шандырдың жұқа жапырақшасы өтеді. Тері асты клетчаткасында v. saphena parva жатады. Ол әр түрлі көздерден пайда болады және балтырдың жоғарғы бөлігінде Fascia cruris-ке қиғаш өтіп, m. gastrocnemii-дің бастарының арасымен өтеді және v. poplitea-ге құяды /тақым ойсының төменгі бұрышында/. N. cutaneus surae medialis-n. tibialis-тің тармағы балтырдың ортаңғы бөлігінде клетчаткаға өтеді және терінің ішкі жағын жүйкелендіреді. N. cutaneus surae lateralis –n. peronei communis тармағы, балтырдың ортаңғы, төменгі бөлігінде меншікті шандырдан өтіп, ахиллов сіңірінің сыртқы жағында, оның тармағы ramus anastomoticus peroneus n. cutanei surаe medialis тармағымен байланысады және төменгі жағында n. suralis деген атпен жалғасады.

  3. Балтырдың артқы бетінде балтыр апоневрозы екі жапырақшадан тұрады. Артқы жапырақшасы бүккіш арнада екі бөлікке алдыңғы және артқыға бөлінеді. Бүккіш бұлшық еттің арнасының артқы бөлігінде икра тәрізді бұлшық етті құрайтын үш бұлшық еттер жатады: mm. gastrocnemius, soleus және plantaris. M. solei басталған жерде tibia мен fibula-дан сіңір талшықтары шоғыры өтеді, олар arcus tendineus m. solei-ні құрайды. Икра және камбало тәрізді бұлшық еттердің арасынан m. plantaris-тің ұзын, жіңішке сіңірі өтеді. Аталған бұлшық еттер төменгі жағында tendo calcaneus, s. achillis мықты сіңіріне бірігеді, сосын tuber calcanei-ге бекітіледі /табан бұлшық етінің сіңірі кейде өз бетімен өкше сүйегіне бекітіледі/. Бүккіш бұлшық еттер арнасының алдыңғы бөлігі алдынан сүйек аралық жарғақпен, артынан –балтыр шандырының алдыңғы жапырақшасымен, ішінен- tibia және сыртынан- fibulaмен шектелген, бұнда үш бұлшық еттер бір қатарда орналасқан. Ішкі жағында m. flexor digitorium longus, сыртқы жағында- m. flexor hallucis longus жатады. Осы қабаттың ең мықты бұлшық еттері. Олардың арасында m. tibialis posterior жатады. Canalis cruropopliteus саңлау, алдынан- m. tibialis posterior мен, артынан – m. soleus-пен, ішінен m. flexor digitorium longus және сыртынан - m. flexor hallucis longus пен шектелген. Жоғарғы кіруші тесік arcus tendineus m. solei /артынан/ және m. popliteus /алдынан/ арасындағы саңлау. Шығушы тесік екеу: жоғарғы және төменгі. Бірінші /алдыңғы/ membrana interosseea-ден жоғарғы орналасқан, ол арқылы a. tidialis anterior алдыңғы бұлшық етті арнаға өтеді, төменгі /артқы/-ахиллов сіңірінің басы мен м. tidialis posterior арасында жатады.

  4. Тамырлар және жүйкелер. А. tidialis posterior a. popliteae-нің тармағы, canalis cruropopliteus-тен өтіп, Lig. laciniatum –ге дейін келіп, a. plantaris medialis және Lаteralis-ке бөлінеді. Жоғарғы бөлігінде a. tidialis-тен жуан тармақ a. peronae шығады, ол canalis musculoreroneus inferior-ге өтіп, асықты жілікітің шыбығы мен m. flexor hallucis longus –тің арасында жатады. А. tidialis posterior-тің бағыты tidiae-нің ішкі қырынан бір елі жоғары өтетін сызықпен және төменде ішкі тобықтың артқы жиегімен ахиллов сіңірінің арасымен анықталады.vv. tibialis postereoris екеу, көптеген анастомоз жасайды. N. tidialis –n. ischiadici-дің тармағы артерияның сыртынан өтіп және бүккіш бұлшық еттерді қоректендіреді. Lig. laciniati деңгейінде rr. Calcanei-ні береді және n. plantaris medialis пен lateralis –ке бөлінеді.


Сирақ-аяқ басы буынының аймағы

Шекарасы: жоғарыдан-екі тобықтың негізі арқылы, төменгісі-аяқ басынан көлденең, олардың соңынан төмен. Балтыр-аяқ басы буыны аймағы төрт бөлікке бөлінеді: 1. алдыңғы-екі тобық арасы, 2. артқы –ахиллов сіңіріне сәйкес келеді, 3. ішкісі-malleoli medialis-тің артқы жиегі мен ахиллов сіңірінің аралығы, 4. сыртқысы- malleoli Lаteralis-тің артқы жиегі мен ахиллов сіңірінің аралығы.



Сирақ-аяқ басы буынының алдыңғы бетінің қабаттары

  1. Тері қабаты жұқа, тобық аймағында нашар қозғалады.

  2. Тері асты клетчаткасы біршама дамыған. Оның ішінде ішкі тобықтың алдынан v. saphena magna және n. peroneus superficialis өтеді. Тобық аймағында тері асты кілегей сөмкелері орналасқан.

  3. Меншікті шандыр-тің жалғасы болып табылады. Талшықтары көлденең бағытта болады және cruris-ті түзеді, ол тен шеткері жатады. Крест тәрізді байламнан ұзынша перделер терең кетеді де, байламмен бірге астыңғы үш өзек түзеді. Ішкі өзектен –тің сіңірі өтеді. 5-6 см жоғары басталып, m. extensoris digitorium com дейін созылады. Сыртқы өзектен malleoli өтеді. Олардың синовиальды қынабы соңынан 3-4 см жоғары басталған. Орта ұшына үшінші өзек орналасқан арқылы anterior m. extensoris hallucis longi және сіңірлері өтеді. Жүйке артерияның ішкі жағында орналасқан. Бас бармақтың ұзын жазғыш бұлшық етінің синовиальды қынабы екі тобықты және бас бармақтың тарзометатарзальды буынына дейін біріктірілетін сызықтан 2-3 см жоғарыға дейін созылады.

Сирақ-аяқ басы буынының артқы бетінің қабаттары

  1. Тері біршама қалың, қозғалғыш және көлденең жүлгелер бар.

  2. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған.

  3. меншікті шандыр екі жапырақшадан тұрады, алдыңғысы балтырдың апоневрозының алдыңғы жапырақшасының, артқысы-артқысының жалғасы болып табылады. Екі жапырақшаның арасында клетчатка қабаты жатады және ахиллов сіңірі, m. plantaris-тің сіңірі өтеді. Оның ішкі жағында Achillis-тің сіңірі /егер ол өз бетімен-ке бірікпей жүрсе/ бекітіледі. Сіңір мен өкше төмпешігінің арасында кілегейлі сөмке-орналасқан.


Сирақ-аяқ басы буынының ішкі бетінің қабаттары

  1. Тері қабаты жұқа, қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған. Оның ішінен беткі шандырдың жұқа жапырақшасы өтеді.

  3. Меншікті шандыр қалың және malleolus medialis және өкше сүйегінің арасында байлам түрінде -/Lig. laciniatum/- созылады. Бұл байлам ішкі тобық пен өкше сүйегінің араснда –остеофиброзды өзек – canalis malleolaris түзіледі, ол арқылы аяқ басына бүккіш еттерінің сіңірі, vasa tibialia және n. tibialis өтеді. Бүккіш бұлшық еттердің сіңірі меншікті қынаппен қоршалған. Олар мынадай әріппен орналасқан: ішкі тобықтың артынан tendo m. flexoris digitorum, оның артында m. flexoris digitorum және одан да әрі артында және сыртқы жағында – m. flexoris hallucis longi сіңірі өтеді. Олардың синовиальды қынабы буынның қуысымен байланыспайды. Сіңірдің жолдары әр түрлі m. tidialis posteriores-тің сіңірі қынабы тобықтан 4-5 см, m. flexoris digitorum communis 3-4 см және m. flexoris hallucis longi 2 см жоғары көтеріледі. Барлық қынап os naviculare-ге дейін созылады. М. flexoris hallucis longi дің сіңірлі қынабы М. flexoris hallucis digitorum longi мен сирек жағдайда және өте сирек жағдайда барлық қынаптар бір-бірімен және буын қуысымен байланысады.

  4. тамыр-жүйке шоғыры шандыр қынабымен қоршалған және Lig. laciniatum астымен жүлгемен m. flexoris digitorum longi /алдымен/ және м. flexoris hallucis longi /артынан/ сіңірлер арасымен өтеді. А. tibialis posterior және vv. Comitantes n. tidialis-тің алдында жатады. Кейде өзектің өзінде артерия аа. plantares medialis-ке және Lаteralis-ке бөлінеді. Осы жерде одан rami calcanei шығады. N. tidialis артерияның артында және тобықтың артында nn. Plantaers medialis-ке және Lаteralis-ке бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет