72. Гепатит А және гепатит В,С жұқтыру жолдары
В және С вирусты гепатиттері ауыр ағымда өтеді, олар созылмалы гепатит, бауыр циррозы, гепатоклеткалық ісік туғызуы мүмкін.
«А» вирусты гепатитінің неғұрлым жоғары деңгейі 10-17 жастағы балалар арасында тіркелсе, «В» және «С» вирусты гепатиттерімен, негізінен, 25-35 жастағы ересектер сырқаттанады.
Вирусты гепатиттердің барлық түрінде ауру көзі науқастар болып табылады, ал парентералдық (қан құю арқылы жұғаты «В» және «С» гепатиттері) түрінде – созылмалы түрімен науқастанатындар мен вирус тасымалдаушылары ауруды жұқтыру көзі болып келеді.
В және С вирусты гепатиттері төмендегі жолдармен жұғады:
-
парентералдық (қан құю арқылы)
-
жыныстық
-
жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде беріледі
-
тұрмыстық жағдайда жеке бас гигиенасын сақтамағанда жеке құралдарды (тарақтар, тіс пастасы, маникюрлік наборлар, қырынуға арналған құралдарды) қолданғанда жұғуы мүмкін.
Облыс аумағында 2010 жылдың 1-тоқсанында «А» вирусты гепатитінің 14 жағдайы тіркелді (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 жағдайға төмен), В вирусты гепатитіне 8 адам шалдығып, өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға азайса, ал С вирусты гепатитімен науқастанғандар саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр – 4 жағдай.
Парентералдық гепатиттердің шамамен, 75 %-нда жыныстық (9 жағдай) және 1 жағдайдан – инъекциялық наркотиктерді пайдаланғанда, сонымен қатар жұқтыру жолы анықталмаған және басқа да себептер арқылы жұқтырылып отыр.
А және В гепатиттерінің алдын алудың негізгі жолы – вакцинация.
73. Туберкулезбен ауырып қалғанын адам қандай симптомдар арқылы біледі?
``Туберкулез ауруының негізгі көзі – туберкулез ауруымен ауырған адамдар мен жануарлар сыртқы ортаға қақырық, түкірік, несеп және т.б. да заттар арқылы ауру қоздырғышының сыртқы ортаға шығаруы әсерінен. Бұл ауру негізінен тыныс жолдары арқылы таралады. Кейде тамақпен ауру малдың еті, сүті арқылы немесе науқас адамның пайдаланған ыдыс-аяғын қолданғаннан сау адамға жұғуы мүмкін. Туберкулез ауруы жұққан адманың барлығы бұл аурумен ауыра бермейді. Туберкулез ауруының қоздырғышы адам ағзасына түскеннен кейін ағзада өзгерістер болуы ықтимал. Бірақ ол өзгерістерді адамдар елең қыла бермейді. Егер туберкулез ауруы жұққан адамда ауруға қарсы тұру қабілеті төмен болса, ол кісінің ауыруы әбден ықтимал. Ауру басталуы алғашқыда ешқандай белгі бере қоймайды. Сондықтан да, кейде ауруға шылдыққандар арасында өкпе ыдырауы, ми қабының туберкулезі секілді аурудың асқынған түрлері тіркеліп жатады.
Аурудың алғашқы белгілері:
• екі аптадан артық жөтелу;
• әлсіздіктің пайда болуы;
• тамаққа тәбеттің төмендеуі;
• тершеңдік;
• дене қызуының көтерілуі;
• кеуденің ауыруы;
• қақырықта қан көрінуінің бірі пайда болса, бірден дәрігерге көрініп тексерілу қажет.
74. Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдарын атаңыздар
``Туберкулез ауруының негізгі көзі – туберкулез ауруымен ауырған адамдар мен жануарлар сыртқы ортаға қақырық, түкірік, несеп және т.б. да заттар арқылы ауру қоздырғышының сыртқы ортаға шығаруы әсерінен. Бұл ауру негізінен тыныс жолдары арқылы таралады. Кейде тамақпен ауру малдың еті, сүті арқылы немесе науқас адамның пайдаланған ыдыс-аяғын қолданғаннан сау адамға жұғуы мүмкін. Туберкулез ауруы жұққан адманың барлығы бұл аурумен ауыра бермейді. Туберкулез ауруының қоздырғышы адам ағзасына түскеннен кейін ағзада өзгерістер болуы ықтимал. Бірақ ол өзгерістерді адамдар елең қыла бермейді. Егер туберкулез ауруы жұққан адамда ауруға қарсы тұру қабілеті төмен болса, ол кісінің ауыруы әбден ықтимал. Ауру басталуы алғашқыда ешқандай белгі бере қоймайды. Сондықтан да, кейде ауруға шылдыққандар арасында өкпе ыдырауы, ми қабының туберкулезі секілді аурудың асқынған түрлері тіркеліп жатады.
Туберкулез ауруы, әсіресе, кішкентай балалар мен жасөспірімдерге қауіптірек. Себебі, кішкентай балаларда қорғану қабілеті толық жетілмеген болса, ал жасөспірімдерде ағзаның тез өсуіне гормоналды өзгерістерге байланысты туберкулез ауруы ағама да ауырырақ. Туберкулез ауруын анықтауда балалар арасында жылына бір рет манту сынамасын жүргізу, жасөспірімдер арасында міндетті түрде жылына бір рет флюорографиялық тексерістен өту, ал ересектерде ауру белгілері пайда болса, қақырықты микроскопиялық тексерістен өткізу міндетті. Туберкулез ауруына тексерілу, емделу тегін.
75. Есірткінің, алкогольдің адам ағзасына әсерін атаңыздар
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
- ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы;
- отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
- өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
- алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі.
Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.
Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.
Қарындағы алкоголь 2 минуттан сон, қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының, клеткалары зардап шегеді. Сонда адамның шартты рефлекс қызметі нашарлап, күрделі қозғалысының қалыптасуы баяулайды, орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістерінің (процестерінің) ара қатынасы өзгереді. Алкогольдің әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, ол өзін-өзі басқара алмайтын болады. Алкоголь ми қыртысының маңдай бөлігіндегі клеткаларға сіңгенде адам эмоциядан «ада болып» жөні жоқ қуанады, орынсыз күледі. Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күшейе түскен қозу соңынан дереу тежелу процестері кенет бәсеңдейді. Ми қыртысы мидың төменгі бөліктерінің жұмысын бақылай алмай қалады. Ал адам ұстамдылықтан, ұяттан айрылып, ол сау күйінде айтпайтын сөзді айтып, істемейтін істі істейді.
76. Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы (не істеу, не істемеу керек)?
Тұтқынға алындыңыз ба? Егер сіз мықты болмасаңыз тұтқыннан босағанға дейін әр түрлі амалдардан аулақ болыңыз, әйтпесе сіз өз өміріңізге де және басқа тұтқындардың өміріне де қауіп төндіресіз, егер іс тұтқындарды атуға баратын болса, онда кім бірінші атылатыны белгілі.
Тұтқындардың өзін-өзі ұстауы:
- артық назарға ілігпес үшін тұтқындаушылардың көзіне тік қарамаңыз және шұғыл шара жасамаңыз.
- тұтқынға алудың алғашқы минуттарында ғана қашуды ұйымдастыруға болады, себебі айналада әлі байбалам (паника) орнып тұрады.
- тұтқынға түскен кезде қарсыласпаңыз және күйгелектенбеңіз. Күйгелектік жұқпалы нәрсе, ал күйгелек террорист сіз үшін өте қауіпті, ол сізді тұтқындарды босатқанға дейін тірі қалдырмауы мүмкін.
- егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және шынымен де ауру болсаңыз сіздің алдын –ала босану мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Құсу мен астмалық ұстаманы қоздыруға тырысыңыз, бірақ тым артық кетіп қалмаңыз. Симмулянттарды бірінші кезекте атып тастайды.
- вариант ретінде, тұтқындар арасында террористтердің талабын қолдау ретінде қол жинауды ұйымдастырыңыз, сонда олар сізді бірінші жіберуі мүмкін, себебі хатты баррикаданың екінші жағына жеткізу керек қой.
- егер сіз озіңізді тұтқындаушымен қарым-қатынасқа түскен болсаңыз, онда сыпайы болуға тырысыңыз, бұл тұтқындалушының бірінші міндеті.
- Хельсинки синдромы жақсы әрекет етеді, тұтқындаушыларға сүйкімділік таныту және олардың әрекетін түсінуге тырысу, басшылыққа алып отырған іс-әрекеттерін қолдау. Сөз беруден тайынбаңыз бірақ олар шындыққа жанасымда болуы қажет және орындалуы керек.
- егер сізді авиа ұшу кезінде тұтқынға алған болса, ең қолайлы орын ол самолеттің құйрығы.
- басқа тұтқындар үшін сөйлемеңіз және ланкестерден аулық тұрыңыз. Себебі штурм кезінде ланкеске снайперлер оқ атуы мүмкін, сол кезде ол сізді тірі қалқан есебінде қолданғысы келуі мүмкін.
- күшіңізді үнемдеңіз! Аз қимылдаңыз, бар ресурстарыңызды орынды қолдана біліңіз, өзіңіздң физикалық және психологиялық формада ұстаңыз, себебі, қажетті сәтте шешім қабылдау үшін айтарлықтай күшке ие болу үшін.
- тұтқындау кезінде сіздің қожайыныңыз сізді тұтқынға алған адам, сондықтан дәретханаға шығуға, тамақ ішуге, тіпті отырып тұруға да рұқсат сұрау керек.
- егер сізді бомбаға орап тастаған болса онда сәтін тауып арнайы бөлімге хабарлау керек.
- тұтқындарды босату кезінде ең дұрысы басты қолмен жауып жерге жату керек, болмаса жақын маңда панлау орны болса соған дейін еңкейіп зигзаг тәрізді жүгіріспен жетіп алу керек, бірақ ол қауіпті, өйткені арнайы қызметкерлер сізді террорист деп ойлап қалуы мүмкін. Осы жайттар үшін тұтқындау кезінде терезенің, есіктің қасында тұрған қауіпті. Егер шабуыл кезінде арнайы қызметтегілер газды шабулды қолданса деміңізді ұзақ ұстауға тырысыңыз, не болмаса сулы киім және бет орамал арқылы дем алыңыз.
77. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері
Әлеуметтанушылар әлі күнге дейін «секта» сөзінің анықтамасын таба алмай келеді. Кейбір теолог ғалымдар оны Жазмыштан (Писание) үзіліп алынған немесе кеңінен таралып мойындалмаған діни топ ретінде таниды. «Секта» сөзі бүгінгі күнде көбінесе «өлім» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Әлемдегі ең қауіпті 9 сектаның тізімін ұсынып отырмыз.
1. Сатья Саи Баба сектасы. Сатья Саи Баба сөзі санскрит тілінен аударғанда «шынайы ана мен әке» деуге болады, ол 1926 жылыҮндістанның оңтүстігіндегі ауылда туған. Саи Бабаның айтуы бойынша ол 14 жасында комаға жақын жағдайды басынан өткерген. Екі ай бойы оны қатты аурулар мазалап ол есінен жиі танып қалатын. Осы біртүрлі аурудан кейін «оның парапсихологиялық қабілеттері өсіп кеңейді» және Саи Баба өзін тірі құдай, Шива құбылысы болып есептеліп Ширдилік әйгілі үндістандық «әулие» және таңқаларлық іс жасаушы Шри Саи Бабаның басқа түрі менмін деп жариялады.
2. «Храм Народов» (Халықтар шіркеуі) сектасы. Секта Гайанада пайда болған және әлемдегі ең қауіпті секта деп танылған. 1978 жылы 18 –ші қарашада Гайана джунглилерінде АҚШ-ның мыңға тарта адамы өзін-өзі өлтірген. Сектаны қайсыбір уағыздаушы Джим Джонс құрған, ол ұрып-соғу, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау арқылы сөзсіз бағынуға мәжбүр еткен.
3. «Аум Синрике» сектасы Жапонияда пайда болған. Кейбір елдерде оның қызметіне тыйым салынса да, кейбір жекелеген топтары ТМД-да өмір сүріп жатыр. Аум Синрике ілімі көп ретте буддизм мәтінінің негізінде іргесі қаланған, олар негізінде өздерінде буддизм мен иоганың дүниетанымының қауіпті өоспасы ретінде танылған. Секта жетекшісі – Секо Асахара Ресейге бірнеше рет келіп саяси және діни қайраткерлермен кездесті. Аум Синрике Жапонияда теракт, оның ішінде нәтижесінде 12 адам қайтыс болған Токио метросындағы сияқты бірнеше теракт дайындады. Сот Асахарануды 17 айыптаудың 13-і бойынша кінәлі деп тапты және 2004 жылы өлім жазасына кесті.
4. «Врата рая» (Жұмақ қақпасы-Heaven’s Gate)-1975 жылы АҚШ-та Маршалл Эпплуайт және Бонни Неттлз негізін салған. 1997 жылы Эпплуайт жердің Хейла-Бопп кометасымен соқтығысуынан қаша алмайтын себепті өзінің сектасының 39 ізбасарын өзін-өзі өлтіруіне көндірді.
5. Мэнсон сектасы. Өзін пайғамбар деп сезінген, манияға берілген бір адам ақ пен қара нәсіл арасында соғыс жариялайды. Чарльз Мэнсон 1969 жылы бірнеше адамды өлтіргені, оның ішінде режиссер Роман Поланскидің жұбайы актриса Шэрон Тейтті өлтіргені үшін жазаға тартылды. Үкім бойынша ол газ камерасында азапталып өлтірілуі керек еді, бірақ 1977 жылы Калифорнияның жоғарғы соты өлім жазасы конституциялық емес деп таныды, сондықтан оны өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Былтырғы жылы оның мерзімнен бұрын босауы туралы өтінішінен бас тартты.
6. Бхагавана Шри Раджниш (Ошо) сектасы. 1966 жылы Раджниш университетті тастап джайнизмнен, тантризмнен, дзен-буддизмнен, дауосизмнен, суфизмнен, психоанализмнен және т.б. үзінді болып табылатын осылардың қоспасынан тұратын өзінің ілімдерін уағыздай бастады. Раджништің «діннің» басты ереже постулатында: «Құдайды сүй, және өзіңнің қалағаныңды істе» деп айтылған. Ең көп тараған жері АҚШ. Раджништің тап өзі 1984 жылы Далласта жүздеген адамдарды сальмонелл бактериясының көмегімен уландырған деген болжам бар. АҚШ-нан жер аударылған соң Раджниш өзінің ізін жалғастырушылар бар жерге тоқтағысы келді, бірақ 21 ел оған не еліне кіруге тыйым салды, не Греция сияқты ешқандай түсініктемесіз елдерінен қуып шығарды. Қазір әлемде 200 –ге тарта Ошо медитациондық орталығы бар деп есептеледі. Олар бұрынғы Совет Одағының территориясы болып саналған Петерборда, Воронежде, Одессада, Краснодарда, Минскіде, Тбилисиде, Рига мен Мәскеуде әлі де өмір сүріп жатыр.
7. «Орден Храма Солнца» (Күн Шіркеуінің Ордені) –кейбір БАҚ-ы, мысалы «Совершенно секретно» газеті оның қызмет ету аясы Ресей териториясы екенін ашып көрсетті. 1984 жылы неонацист, Бельгиялық Люк Жур негізін қалаған. Ғылымға сәйкес астрология, алхимия, мистика, иога мен кабалистика қоспасы ретіндегі Жер апокалипске қайтымсыз түрде жақындап келеді. Бірақ, өлім деген мүлде жоқ, ол жай бұлыңғыр сағымнан басқа ештеңе де емес. 1995 жылы 22-желтоқсанда Францияның Альпілерінде, Греноблден қашық емес жерде «Орден Храма Солнценің» (Күн Шіркеуі Орденінің) 16 жақтаушысының, оның ішінде 3 кішкентай балалардың жаппай өзін-өзі жағу салты болды. Кейбір құрбан болғандар басына атып өлтіріліп, содан кейін барып отқа орануға берілді.
8. Raeliano сектасы – Фрвнцияда өткен ғасырдың 70 жылдарда пайда болды. Негізін салушы-бұрынғы спорт шалушысы, Раэль ретінде кеңінен танылған Клод Ворильон, ол 1973 жылдың 13 желтоқсанында Францияның орталығындағы сөнген жанартау шұңқырында басқа планеталармен кездесті, олардың біреуі өзін Құдай (Elohim) деп атады. Elohim оған жердегі өмірді басқа планетарлықтар гендік инженерия, соның ішінде клодаудың көмегімен жасағанын айтқан. Раэль өз сектасына адамдарды мәңгілік өмірді уәде етіп шақырады. Ол сол құпияның иегері ретінде танылды. Осы «шіркеудің» өзін жалғастырушылардың бірі 2003 жылы БАҚ-да әлемдегі бірінші клон болып табыламыз деп үндеу тастады. Бұл жаңалықты ғалымдар көп ұзамай-ақ жоққа шығарды.
9. Но-но-Напа («гүл ілімі») – жапондық необуддистік секта. 1987 жылы негізі қаланған. «Оқытушы» Хоген Фукунага магиялық қабілеттілігі бар адам болып адамның өткені мен келешегін олардың аяқтарына қарап оқып бере алады. Сектаның жоғарыдағылары күштеп қорқытумен айналысты, олар: қатерлі ісік (рак) немесе басқа да өлімге душар ететін ауруларды алдын-ала болжайтын, ол адамдардың 1 рет қабылдауы 900 $ тұратын арнаулы тазалау шараларына қатысуға мәжбүрледі. Алаяқтығы үшін айыптағаннан кейін Фукунага сотқа тартылып үкім бойынша 1 млн. $ жуық айып төледі. Секта осы жолды ұстаушыларды басқа атпен Yorokobi Kazoku no Wa ұжымдастырып отыр.
78. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
Енді осы ағымдар қарапайым адамдарды қандай айла-әдістермен еліктіретініне тоқталайық:
Біріншіден, жаңадан қабылданған "шәкірт" ұйым мүшелерінің психологиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың "махаббатына бөленеді". "Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы күнәға белшесінен батуда" деген сияқты әпсананы құлағына құяды. Нәтижесінде, судай жаңа діни ағымдардың осы "бақытты отбасының" бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады.
Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал ұйымнан тысқары әлемнен қол үзген адам уақыт өте келе "ұстазының" айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылатыны түсінікті жәйт.
Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қолданысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады.
Төртіншіден, "отбасында құпия болмау керек" дегенді желеу еткен "ұстаз" "шәкіртіне" жасаған күнәларын мойындатып, арылуға "көмектеседі". Ішкі сырларын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген "шәкірттің" бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі.
Бесіншіден, "рухани тұрғыда шынығу" үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.
Адам осындай жағдайда бұрын-соңды тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар болады. Аталған мәселеге қарсы тиімді күресудің саналы түрде жасалған мәдени тетіктері де қалыптаспаған. Сол себепті көптеген мәселені шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, жүзеге асыру қажет. Оған төмендегі бағыттағы қызметтерді енгізген абзал:
- біріншіден, теріс пиғылды діни ұйымға кірген адамдарға психологиялық ықпал ету және олардың санасын арбау бойынша медико-психологиялық зерттеулер ұйымдастыру. Зардап шеккендерді емдеу және сауықтыру әдістерін, диагностикалық және психологиялық әрекет әдістерін жасау. Теріс пиғылды діни ұйымдардың ықпалына түскен адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне психологиялық, дәрігерлік көмек ұйымдастыру. Психологиялық қауіпсіздік туралы мемлекеттік заңды әзірлеу үшін медико-психологиялық негіздеме дайындау;
- екіншіден, мемлекеттік құрылымдар және діни ұйымдардың қарым-қатынасын үйлестіретін тетіктер жасау және жүзеге асыру. Іріткі салушы культтердің әрекетінен зардап шеккен азаматтарды қорғау бойынша заң, құқық қорғау, сот органдары және діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі арнайы құрылымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- үшіншіден, балалар мен жастардың зайырлы білім алу құқығын бұзбайтын және шектемейтін тұрғыда рухани тәрбие беретін бағдарламалар жасау және оларды бірізділікпен жүзеге асыру;
- төртіншіден, азаматтарға теріс пиғылды діни ағымдардың жағымсыз салдарын ескерту және сауықтыруда әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және рухани-педагогикалық шаралар жүйесін айқындау.
Осындай шараларды қабылдаған күнде ғана еліміздің ертеңгі қауіпсіздігіне қатер төндіретін дәстүрлі емес діндердің іріткі салуының алдын алуға болады
79. Жедел жәрдем түрлері, қолдану тәсілі, клиникалық өлім белгілері
Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.
Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).
Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.
Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.
Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады. Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
Үсітіп алу дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған–көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.
Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ–қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).
Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.
Ыстық өту - сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.
Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |