Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет11/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

WorldSkills стандарты - құзыреттер стандарттарының ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби шеберлікті бағалауға негізделген іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу рәсіміне қойылатын белгіленген міндетті қағидалар мен талаптардың жиынтығы.
Оқу жұмыс бағдарламасы - оқу жұмыс жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі үшін ТжКОБ ұйымы әзірлейтін құжат.
Оқу жұмыс жоспары - ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және/немесе модульдердің тізбесін, көлемін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
Оқыту нәтижесі - білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімдерінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі.
Ерте араласу - (ағылш. "early intervention") - дамуы бұзылған немесе осындай бұзушылықтардың пайда болу қаупі бар ерте жастағы балаларға және олардың отбасыларына көмек көрсету жүйесі.
Ринолалия - (грек.rhino-мұрын+ lalia-сөйлеу)-сөйлеу процесінде мұрын қуысында шамадан тыс немесе жеткіліксіз резонитация нәтижесінде пайда болатын сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық бұзылуынан туындаған дауыс тембрінің және дыбысты айтудың бұзылуы.
Скрининг - (ағылш. "to screen" – елеу) - неғұрлым нақты диагностикаға немесе көмекке мұқтаждарды анықтау мақсатында тексерудің жылдам, қолжетімді, шамамен алынған әдісі.
Даму скринингі - бұл кейіннен олардың пайда болу себептерін нақтылау және барабар көмек көрсету үшін осы жасқа тән әртүрлі қызмет түрлері мен мінез-құлықты ұйымдастыруда және реттеуде қауіп факторлары мен проблемаларын анықтау бойынша балаларды жаппай қайталанатын тексеру. Скрининг технологиясы-бұл Даму бұзылыстарын немесе олардың пайда болу қаупін анықтауға бағытталған әдістер жиынтығы. Скринингтік әдістер-бұл нақты мәселелерді анықтауға бағытталған диагностикалық әрекеттер, олар қарапайым, қол жетімді және сенімді болуы керек.
Ерте көмек қызметі - ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету қызметі. "Абилитация қызметтері" және "ерте араласу қызметтері" сияқты терминдермен қатар практикада қолданылатын термин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет