Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру»



бет13/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» білім беру бағдарламасы бойынша
КУРСТЫҚ ОҚЫТУДЫ ИГЕРУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ

Бағдарламаның мақсаты ТжКБ ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін педагогтердің практикалық білімін, іскерлігін мен дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
- академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу білігін дамыту;
- ТжКБ жүйесінде білім алушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың бағалау рәсімдері шеңберінде оқыту нәтижелерін критериалды бағалауды пайдалануға үйрету;
- еңбек нарығы мен Индустрия 4.0 қажеттіліктерін ескере отырып, оқытатын модульдер/пәндер саласындағы бейін бойынша педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру;
- оқыту әдістемелерін және психологиялық-педагогикалық тәсілдерді қолдануға ықпал ету және BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау;
- инклюзивті білім беру жағдайында кедергісіз білім беру ортасын құру шарттарымен таныстыру;
- студенттердің сандық дағдыларын қалыптастыру үшін педагогтардың IT-құзыреттерін дамыту.
Күтілетін нәтижелер - тыңдаушылар біліктілігін арттыру курстарын аяқтау бойынша:

  • академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлей алады (кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын қолдана алады және жұмыс берушілердің талаптарын ескере алады);

  • оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін құра алады;

  • еңбек нарығы мен Индустрия 4.0 қажеттіліктерін ескере отырып, оқытылатын пәндер/модульдер бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын құра алады;

  • білім алушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістемелерін қолдана алады;

  • инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыра алады;

  • студенттердің сандық дағдыларын қалыптастыру дағдылары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет