Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет4/10
Дата08.09.2023
өлшемі386 Kb.
#476907
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
КУрс КОМПОНЕНТТЕРІ
5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Тақырып№1. Жаңа дәуірдегі Азия, Африка елдерінің тарихы курсының пәні мен міндеттері. Жаңа дәуірдегі Азия, Африка тарихын дәуірлеу. Жаңа дәуірдегі Азия, Африка елдері тарихының түп деректері мен тарихнамасы. Жаңа дәуірдегі Азия және Африка елдерінің даму ерекшеліктері; жаңа дәуір қарсаңындағы Азия, Африканың саяси картасы.

Тақырып№2. Индонезияның Голланд отарына айналуы Голландық жаулап алу қарсаңындағы Индонезияның әлеуметтік-экономикалық құрылысы. XVIII ғ. Голланд отаршылдарының Индонезиядағы саясаты. 1825-1830 жж. Явадағы халық соғысы. XIXғ. Ортасындағы Явадағы Голландық езгінің күшеюі.


Тақырып№3.Ұлы Моғолдар империясның дағдарысы мен ыдырауы. Үндістанның ағылшын отарына айнала бастауы. XVIIIғ. II жартысындағы Ұлы Моғолдар мемлекеті. XVIIIғ. I жартысындағы Үндістандағы ағылшын отарлық жаулап алушылықтары. XVIIIғ. II жартысындағы Үндістан халықтарын отарлық қанау және оның нәтижелері.
Тақырып№4. XVIIIғ.II жартысы-XVIIIғ. Осман империясы. XVIIғ-II жартысы-XVIIIғ. Осман империясының халықаралық жағдайы. XVIIIғ- XIXғғ. Тоғысындағы Осман империясына Европа отаршылдарының енуі. Түркиядағы реформалар.
Тақырып№5.XVIIғ II-жартысы-XIXғ. Қытай империясы Маньчжур басқыншылығы қарсаңындағы Қытайдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы. XVII-XVIIIғғ. Цин державасының экономикалық жағдайы. XVII-XVIIIғғ. Сыртқы саясат және соғыстар. Цин державасының Батыс мемлекеттерімен алғашқы байланыстары.
Тақырып№6. XVIIғғ. II-жартысы- XIXғ. басындағы Жапония. Жаңа дәуірдегі Жапонияның феодалдық құрылысындағы ерекшеліктер. Токугава режимі кезіндегі Жапонияның әлеуметтік құрылымы. XVII-XVIIIғғ. Жапонияның сыртқы саясаты. XVIIғ.-II жартысы-XVIIIғ. Шығыс елдерінің дамуының жалпы қорытындысы.
Тақырып№7.Үндістандағы Ост-Индия компаниясының жаулап алуының аяқталуы XIXғ.I-ж Ост-Инд компаниясының жаулап алушылық соғыстары. Ост-Инд компаниясының Солтүстік Үндістанның Солтүстік-Батыс облыстары мен сикхтер мемлекетін жаулап алуы XIX ғ. 1-ж. Үндістандағы британ орташылдарының саясаты. 1857-59ж.ж. Үндістандағы халықтық азаттық көтерілістер. Көтерілістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері, негізгі орталықтары. Соғыстың партизандық сатысы. Женілу себептері, салдары, маңызы.
Тақырып№8. XIX ғ. Қытай. XIX ғ. басында шетелдіктердің Қытайға енуі. XIX ғ. басында Англияның Қытайды ашуға тырысуы. “I-апиын соғысы”. Тең емес келісім шарттар. Тайпиндер көтерілісі және тағы да басқа азаттық қозғалыстар. Тайпиндер көтерілісінің себептері. Көтерілістің сатылары. “II-апиын соғысы” Тайпиндер көтерілісінің соңғы кезені және жеңілу себептері. Басқа да үкіметке қарсы көтерілістер. Көтерілістің маңызы.
Тақырып№9. XIX ғ. Иран. XIX ғ. басындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы және саяси жағдайды. XIX ғ. II-ж. Иран европалық державалар және Ресей. Иранға шетел капиталының ағылуы. 1852 ж. Бибидтер көтерілісі. XIX ғ. II-ж. Иранға шетел отаршыларының одан әрі енуі.
Тақырып№10.XIX ғ. I-ж. Туркия. XIX ғ. I-ж. Европалық державалардың Туркия үшін күресінің күшеюі. Туркияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Танзимат /1839-1853/ және Танзиматтың екінші кезені/1856-1870/. Туркиядағы либералдық конституциялық қозғалыс.
Тақырып№11.XIX ғ. I-жартысындағы Азия мен Африкадағы араб елдері. XIX ғ. I-ж. Аравия, Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, Египет. Шетел капиталының Египетке, Сирияға, Ливанға ағылуы. Европа державалары мен АҚШ-тың Магриб елдеріне енуі. Тропиктік және Оңтүстік Африка халықтарының қоғамдық құрылысы және мемлекеттік құрылымдары. Европалық державалардың Тропиктік және Оңтүстік Африкадағы орталық жаулап алуы.
Тақырып№12. XIX ғ. Жапония. Жапониядағы аяқталмаған буржуазиялық революция. XIX ғ. басындағы Жапонияның экономикалық жағдайы. Феодалдық қатынастарының шиеленісуі. Токугаво сегунаты жүйесінің саяси дағдарысы. Елдің “ашылуы” және тең емес келісім шарттар жасасуы. Шетелдік интервенция. Сегунатты құлату. Мэйдзи қайта құрылуы. 1868ж. оқиғалар мен “Мэйдзи қайта құрылуының” маңызы. XX ғ. басындағы Жапонияның саяси-экономикалық дамуы. /1900-1914/.
Тақырып№13. XIX ғ. Үндістан халықтарын қанаудың күшеюі. XIX ғ. соңғы үштігі- XX ғ. басындағы Үндістандағы капитализмнің дамуы. Үнді буржуазиясының қалыптасу ерекшеліктері. Үндістанда буржуазиялық-ұлттық қозғалыстың тууы. Үнді ұлттық конгресінің құрылуы. Ұлттық қозғалыстың радикалдық-демократиялық қанаты.
Тақырып№14. XIX ғ. соңы-XX ғ. басындағы Индонезия, Вьетнам, Қытай және Оңтүстік Азияның басқа да елдері. XIX ғ. соңында Индонезия, Үндіқытай, Бирма, Сиамның европалық державалардың жартылай отары мен отарларына айналуы. XIX ғ. соңы-XX ғ. басында Оңтүстік Шығыс мемлекеттеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар. XIX ғ. соңы-XX ғ. басындағы Корея.
Тақырып№15.XIX ғ. сонындағы Араб елдері. Африканы империалистік бөліске салудың аяқталуы. Аравия түбегі мен Солтүстік Африка елдерін европалық капиталдық құлдыққа түсіру. Өңтүстік Тропиктік Африканы империалистік бөліске салу. Империализм дәуіріндегі Африка халықтарын отарлық қанау тәсілдері. XIX ғ. аяғы-XXғ. Басындағы Африка халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы.
Тақырып№16.XIX ғ. Қытайды жартылай отарға айналдыру. XIX ғ. аяғындағы Қытайдың капиталистік дамуы. XIX ғ. 70-80ж.ж. Қытай, Европалық державалар, АҚШ. 90ж.ж. Европалық державалардың,АҚШ-тың, Жапонияның, Қытайды территориялық жаулап алуы. Қытайдағы антиимпериалистік көтеріліс,маңызы. XIX ғ. сонында Туркия, Иран, Ауғаныстанның жартылай отарға айналуы. XIX ғ.70ж. Осман империясының саяси жағдайы. XIX ғ. соңы Иранның саяси ахуалы. Иранды экономикалық матау. Иранның саяси тәуелсіздігі. Ауғанстанды жартылай отарға айналдыру процестерінің ерешеліктер.
Тақырып№17. Империализмнің дәуіріндегі отарлық жүйесінің пайда болуы. Империализмнің дәуіріндегі отарлық қанау тәсілдері. Отарлық тәуелді елдердегі капитализмнің дамуы. Буржуазиялық –ұлттық қозғалыс.
Тақырып№18. 1905-1907 ж.ж. Азияның оянуы. 1905-1911ж.ж.
Иран революциясы: алғашарттары, басталуы, негізгі сатылары, барысы, басты оқиғалары. Революция жылдарындағы Ирандағы империалистік державалардың саясаты. 1905-1911ж.ж. Иран революциясының сипаты, ерешеліктері,жеңілу себептері, маңызы. 1908ж. Түрік революциясы. Революцияның алғашарттары, сипаты, қозғаушы күштері, ерекшеліктері, басталуы, негізгі оқиғалары, нәтижелері. I-дүние Жүзілік соғыс қарсаңындағы Түркия. XX ғ. басындағы Қытайдың экономикалық-саяси жағдайы.1911ж. Қытайдағы буржуазиялық революция /1905-11ж.ж./ Синьхай революциясының қорытындысы мен маңызы.1905-08ж.ж. Үндістандағы революциялық өрлеу. Революциялық қозғалыстардың алғашарттары, басталуы, жеңілуі себептері және маңызы.
Тақырып №19. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Азия және Африка елдері.
Соғыс және отарлық әлемі:I дүниежүзілік соғыстағы отарлар жөніндегі мәселе. I дүниежүзілік соғыстағы империалистік державалардың мақсаттары. 1914 – 1918 жж. Азия және Африка елдері. Түркияның соғысқа қатысуы. 1914 – 1918 жж. Иран, I дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай, 1914 – 1918 жж. Үндістан; Шығыстағы әлеуметтік-экономикалық адымдар.
Тақырып №20.1914 – 1918 жж. Қытай.
I дүниежүзілік соғыстың аяғына таманғы Қытайдың әлеуметтік- экономикалық құрылысындағы негізгі белгілер. 1914 – 1924 жж. Қытайдағы ішкі саяси ахуал 1918 – 1924жж. Қытайдағы ішкі саяси ахуал 1918 – 1924 жж. елдің ішкі саяси жағдайы. 1925 – 1927 жж. Қытайдағы революция . Гоминьданның режимнің орнығуы (1927 - 1937). Қытайдағы кеңестер ұранымен революциялық қозғалыс. (1927 – 1937) Жапон агрессорларына қарсы біртұтас ұлттық майдан құру үшін Қытайдағы халықтық қозғалыс. 1937 – 1945 жж. қытай халқының жапон империалистеріне қарсы азаттық соғысы. Соғыстың басталуы. Қытай компартиясы мен Гоминьдан арасындағы ынтымақтастықтың орнауы. 1937 – 38 ж. жапон –қытай майданы. Гоминьдан аудандарындағы ахуал. Оккупацияланған территориядағы жағдай. II дүниежүзілік соғыстың тынық-мұхиттық театры. Жапонияның капитуляциялануы.
Тақырып № 21. Жапонияның соғыстан соңғы дамуы. (20 ғ. 20-30 жж).
20-30 жж. Жапонияның экономикалық дамуы. 20-30 жж. Жапонияның ішкі-саяси дамуындағы негізгі белгілер. 20-30 жж. Жапонияның сыртқы саяси жағдайы. Жапон империализмінің агрессиясының өршуі. 1937-1945 жж. Жапония. 1937-1941 жж. Жапонияның сыртқы саясаты. Жапонияның II дүниежүзілік соғысқа қатысуы, милитаристік Жапонияның талқандалуы.
Тақырып № 22 1918 – 1945 жж. Үндістан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы.
I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан: Үндістанның экономикалық дамуындағы негізгі белгілер, саяси жағдайы. И.Ганди және гандизм. Азаматтық бағынбаушылық қозғалысы (1919-1922, 1930). I дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Үндістан. II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан. Үндістанның соғысқа қатысуы. Үндістанның әлеуметтік- саяси дамуындағы белгілер.
Тақырып №23. 1918 –1945 жж. Иран.
Соғыстан соңғы кезеңдегі Иранның жағдайы. Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыс, оның нәтижелері. 20-30жж Иранны эканомикалық және саяси дамуы. II дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Иранның сыртқы саясаты. II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Иран.
Тақырып №24. 1918-1945 жж. Түркия.
Соғыстан соңғы кезеңдегі Осман империясының сыртқы саяси жағдайы. 1918-1923 жж. Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. Түркиядағы капитализмнің даму ерекшеліктері. 20-30 жж. Түркияның ішкі саясаты. 1925-39 жж. Түркияның сыртқы саясаты. II дүниежүзілік соғыс кезендегі Түркия.
Тақырып №25. 1918-1945 жж. Монғолия, Индонезия, Корея
II дүниежүзілік соғысқа қатысуы, экономикалық және саяси дамуындағы негізгі белгілер. 1918-1945 жж. Африка елдері.
Тақырып №26. 1948-90 жж. Моңғолия.
МХО дің экономикалық, саяси дамуы. МХО-дің сыртқы саясаты.
Тақырып №27. 1946-90 жж. Қытай.
1946-49 жж азамат соғысы және халық революциясының жеңісі. 50 жылдардағы ҚХР-дағы қайта құрулар. 60-70 жж. ҚХР. 80-90 жж. Қытайдың дамуы.
Тақырып №28. 1946-1990жж. Корея.
КХОР және Корей республикасының құрылуы. 1950-1953 жж. соғыс. 60-90 жж. КХДР мен Корей Республикасының экономикалық және саяси жағдайы.
Тақырып №29.1946-90 жж. Жапония.
Соғыстан соңғы Жапонияның экономикалық және саяси дамуы. 1946-1960 жж. Жапонияның сыртқы саяси жағдайы. Қазіргі сатыдағы экономикалық, саяси дамуы (80-90жж.).
Тақырып №30. Индонезия және АСГАН-ң басқа елдері.
Индонезияның тәуелсіздігін жариялау және антиотарлық соғыс. 1965 ж. дейінгі Индонезияның ішкі және сыртқы саяси дамуы. 1965-1967 жж. мемлекеттік төңерістен кейінгі Индонезия. Қазіргі кезеңдегі саяси және әлеуметтік даму мәселелері.
Тақырып №31. 1946-90 жж. Үндіқытай елдері (Вьетнам, Лаос, Камбоджа)
Француз отаршылдық империясының ыдырауы.үндіқытай елдерінің ішкі саяси дамуы және сыртқы саяси жағдайы.
Тақырып №32. 1945-90 жж. Түркия.
Соғыстан соңғы жылдардағы Түркияның экономикалық және саяси дамуы. Өкімет басына демократиялық партиялардың келуі және оның ішкі саясаты. Түркияның қазіргі кездегі дамуы (1980-90 жж.)
Тақырып №33 1946-90 жж. Ауғанстан.
Соғыстан соңғы жылдардағы Ауғанстан. 1978 жылғы сәуір революциясы. 80-90 жж. Ауғанстанның экономикалық және саяси жағдайы.
Тақырып №34. 1946-90 жж. Иран.
Соғыстан соңғы жылдардағы Иран. «Ақ революция». 80-90 жж. Иранның экономикалық және саяси дамуы.
Тақырып №35. Отаршылдықтан арылу және ұлттық азаттық жолындағы араб әлемі. (1945-1956).
1957-1968 жж. араб елдерінің дамуындағы негізгі тенденциялар. Жолдар торабындағы араб Шығысы (1969-90 жж.)
Тақырып №36. Орталық және Оңтүстік Африка елдерінің азат болуы және дамуы.
Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Азаттық күрестің негізгі күштері мен қайраткерлері. Африка мемлекеттерінің саяси және экономикалық ұйымдары. 80-90 жж. Африка елдерінің дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет