ДҮние жүзі тарихы



жүктеу 61.46 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі61.46 Kb.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

1. Құдайлардың рақымына ие болу үшін ежелгі адамдар оларға…

A) Картиналар апарған.

B) Комедия қойған.

C) Құрбандықтар апарған.

D) Ақша апарған.

E) Трагедия қойған.



2. Х.Колумбының Америка құрлығын ашқан жылы:

A) 1480.


B) 1499.

C) 1492.


D) 1477.

E) 1474.



3. 1600 жылы 8 ақпанда Еуропада болған оқиға.

A) Шіркеу соты Д.Бруноны отқа өртеді.

B) Түрік әскері Константинопольді басып алды.

C) Германиядағы шаруалар соғысы.

D) Еуропада реформациялық басталды.

E) Францияда жакерия көтерілісі болды.



4. Ленинград қорғанысы …

A) 900 күнге созылды.

B) 250 күнге созылды.

C) 1 айға созылды.

D) 2 айға созылды.

E) 1,5 айға созылды.



5. «Ѓасырлар тоѓысында» кітабыныњ авторы

A) М. Шаханов

B) Н.Є. Назарбаев

C) Є. Кекілбаев

D) О. Сулейменов

E) А. Аќаев



6. Қосөзенде жазу үшін пайдаланған материал:

A) Қағаз.

B) Папирус.

C) Саз тақтайшасы.

D) Дайындалған тері.

E) Жібек.



7. Афины акрополінің құрылысын басқарған адам:

A) Поликлетт.

B) Эсхил.

C) Мирон.

D) Фидий.

E) Гомер.



8. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1094 жылы.

B) 1090 жылы.

C) 1086 жылы.

D) 1079 жылы.

E) 1099 жылы.



9. Германиядағы халықтық Реформацияның көсемі.

A) Лойола.

B) Лютер.

C) Альба.

D) Кальвин.

E) Мюнцер.



10. 1848-49 ж.ж. Италия революциясының басты мәселесі:

A) Австрия құрамында қалу.

B) Буржуазиялық қатынастарға жол ашу.

C) Феодалдық тәртіпті сақтау.

D) Абсолютизмді сақтау.

E) Ұлттық тәуелсіздікті алу, елді саяси біріктіру.



11. Қытайдағы 1850-1864 жылдардағы Тайпиндер көтерілісінің басшысы:

A) Ли Сючен.

B) Юань Шикай.

C) Хун Сюцюань.

D) Лу Синь.

E) Чан Кайши.



12. XVIII ғасырда ағылшын дәрігері Э. Дженнердің медицина саласында ашқан жаңалығы:

A) Көз ауруын емдеу.

B) Шешекке қарсы алдын ала егу.

C) Рентген сәулесімен емдеу.

D) Соқырішекке операция жасау.

E) Линза жасау.



13. 1898 жылы АЌШ пен Испания соғысы нәтижесінде АЌШ-тың иелігіне өткен арал:

A) Мальвин.

B) Канар.

C) Соломон.

D) Маршалл.

E) Пуэрто-Рико.



14. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) М. А. Врубель.

B) А. Н. Бенуа.

C) М. В. Добужинский.

D) В. А. Серов.

E) И. Е. Репин.



15. Біріккен Египет (Мысыр) мемлекетінің бірінші астанасы:

A) Вавилон.

B) Мемфис.

C) Ахетатон.

D) Фивы.

E) Асцан.



16. Римнің ең соңғы жаулап алу соғыстары кезіндегі император

A) Траян.

B) Октавиан.

C) Цезарь.

D) Антоний.

E) Август.



17. Алғашқы славян ағартушылары:

A) Ян Гус және Ян Жижка.

B) Неміс епископтары.

C) Мюнцер мен Лютер.

D) Кирилл мен Мефодий.

E) Болеслав пен Мешко.



18. Германия қалаларындағы орташа дәулетті тұрғындар:

A) Жергілікті буржуазия.

B) Бюргерлер.

C) Дворяндар.

D) Аббаттар.

E) Епископтар.



19. 1855 жылы Ресей патша тағына отырды:

A) II Александр.

B) III Александр.

C) II Николай.

D) Павел.

E) I Николай.



20. Революцияшыл жұмысшы табының гимні "Интернационал" әнінің сөзін жазған адам:

A) Эжен Потье.

B) П. Дегейтер.

C) Карл Маркс.

D) Лео Франкель.

E) Петр Лавров.



21. 1925 жылы Германияда фашистер құрған партия.

A) Христиан-демократиялық.

B) Республикалық партия.

C) Ұлттық-социалистік жұмысшы партиясы.

D) Еркін демократтар партиясы.

E) Социал-демократиялық.



22. Герман Федеративтік Республикасы құрылған жыл:

A) 1951 ж.

B) 1945 ж.

C) 1948 ж.

D) 1949 ж.

E) 1947 ж.



23. Үндістан тәуелсіздігі туралы заң қабылданды…

A) 1951-жылы.

B) 1947-жылы.

C) 1945-жылы.

D) 1949-жылы.

E) 1950-жылы.



24. “Маршалл жоспары” – бұл:

A) XX ғасырдың 30-жылдарындағы президент Рузвельттің саясаты.

B) Араб-мұсылман жанжалын бейбіт реттеу жоспары.

C) Фашистік Германияның Францияға басып кіру жоспары.

D) II дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс елдеріне АҚШ-тың экономикалық көмегі.

E) Президент Рейганның ішкі саясаты.



25. Скандинавиядағы норман мемлекеттері:

A) Литва, Латвия.

B) Карелия, Эстландия.

C) Польша, Чехия.

D) Финляндия, Исландия.

E) Дания, Щвеция, Норвегия.



26. Ресей үшін Ливон соғысының негізгі міндеті:

A) Украинаны Польшадан азат ету.

B) Каспий теңізінде ықпалын күшейту.

C) Ресейдің Балтық теңізіне шығуы.

D) Ресейдің Азов теңізіне шығуы.

E) Ресейдің Қара теңізге шығуы.



27. XX ғасырдың басына қарай Азия территориясының қанша бөлігін отарлар құрады:

A) 68,8%.

B) 70%.

C) 30%.


D) 56,6%.

E) 43,9%.



28. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде екінші майданын қай ел әскерлері ашты?

A) Ирландия, норвегия, канада, француз әскерлері.

B) Греция, португалия, совет әскерлері.

C) Италия, ағылшын, канада, швед, американ әскерлері.

D) Испания, американ, француз, юогславия әскерлері.

E) Америка, ағылшын, француз, канада әскерлері.



29. XX ғасырдың II жартысындағы Азия-Африка мәдени өркениеті неше топқа бөлінеді?

A) 3


B) 4

C) 1


D) 5

E) 2


30. XX ғасырдың II жартысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, американдық жазушы:

A) У.Фолкнер.

B) В.Хора.

C) А.Франс.

D) П.Неруда.

E) Т.Манн.



ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


1C 2C 3A 4A 5B 6C 7D 8E 9E 10E 11C 12B 13E 14D 15B 16A 17D 18B 19A 20A 21C 22D 23B 24D 25E 26C 27D 28E 29B 30A


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет