8 Тақырыптық жоспар
№ р/с
|
Тақырыптың аталуы
|
Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны
|
Дәріс
|
Пр. (сем)
|
Зерт.
|
Студ.
|
Жеке
|
СӨЖ
|
1
|
ҚР Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
2
|
ҚР Еңбек құқығының қағидалары
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
3
|
ҚР Еңбек құқығының субъектілері
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
4
|
Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
5
|
Жеке еңбек шарты
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
6
|
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
7
|
Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
8
|
Еңбекті қорғау.
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
9
|
Еңбек даулары.
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
10
|
Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық рету.
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
11
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның құқықтың басқа салаларынан айырмашылығы
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
12
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша іс-шараларды қаржыландыру
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
13
|
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу және бекіту тәртібі
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
14
|
Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
15
|
Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен және олардың зейнетақы жинақтау қорларының қамсыздандырылуы
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
Семестр бойынша барлығы:
|
30
|
15
|
|
|
|
90
|
Пән бойынша барлығы
|
135
|
9 Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы пәнінің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.
Еңбек құқығының пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі боып табылады.
10 Курс компоненттері
1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.
Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке еңбек ұжымдық шарттармен бекітілген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар.
2-тақырып. Қазақстан республикасы еңбек құқығының қағидалары.
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясында қағидалардың жіктелуі, мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың арақатынасы.
3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.
Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқық субъектілігі.
Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқық субъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары.
4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.
Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. Әлеуметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.
Үш жақты деңгейде(трипартизм) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидалары, олардың қалыптасу тәртібі. Әлеуметтік әріптестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың өкілдері. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары. Әлеуметтік әріптестік тараптарының арасындағы келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдерді орындауды бақылау.
5-тақырып. Жеке еңбек шарты.
Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны. Жеке еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шарты бойынша еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі. Жеке еңбек шартының мазмұны мен мерзімі. Жеке еңбек шартының нысандары.
Жеке еңбек шартының талаптарының өзгеруінің шарттық әдісі. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің еңбек талаптарын өзгерту негіздері.
6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері. Жұмыс уақытының түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылғын ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі. Өндірістің объектілерін аттестациялау қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талабы ретінде.
Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс аптасының, жұмыс ауысымының, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі. Жұмыс уақыты режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеудің түрлері. Жұмыс уақытының жинақталған есебі. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |