Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы



бет5/14
Дата18.10.2023
өлшемі278.5 Kb.
#481078
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.
Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының сала жүйесі және ғылым жүйесі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалас құқық пәндер жүйесінде алатын орны.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебесі және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандырушылық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері, пайда болу. өзгеру және тоқтатылу негіздері, оның құрылымы және жіктелуі. Құқықтық қатынастардың негізгі түрлері: материалдық, мүліктік, мүліктік емес, процедуралық, процессуалдық (процедуралық-процессуалдық). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша құқықтық қатынастардың субъектілері және олардың құқықтық мәртебесі.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері: заң актілері, заңға тәуелді актілер сипатында нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасымен мақұлданған халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасында мақұлдануға жатпайтын басқа да халықаралық шарттар, Конституцияны және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ресми талқылау нормалары.
12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі және еңбекке қабілетсіз азаматтарды қаржыландыру. Жергілікті бюджет әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көздері. Әлеуметтік салық төлеу тәртібі, әлеуметтік салық ставкаларының дифференциациясы, жеңілдіктер.
Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық-қаржыландыру жүйесіндегі орны мен ролі.
Жеке зейнетақы жинаулары - әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көзі ретінде. Жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру: міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, оларды төлеу тәртібі, міндетті зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмау. Міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агент, жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру жүйесінде алатын орны. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі қаржыландыру шаралары. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау Концепциясына» сәйкес Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру институтын қалыптастыру және дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет