11 Курс саясаты
Студенттердің міндеттері: ұдайы сабаққа қатысу, пән бойынша тапсырмаларды өткізу кестесінің талаптарын орындау, кітапханада және интернет залында әдебиетпен өздегінен жұмыс істей білу.
Оқытушылар студенттермен бірігіп жұмыс істей үрдісінде келесі ережелерге сүйенуі қажет:
1. Оқытушы мен студент бір-біріне сыйласымды, сыпайы және мейірімді болу керек.
2. Сабақтарда белсенді болыңыз. Оқытушыға сұрақтар қойыңыз. Сабаққа қатысу жеткілікті емес. Материалды толық меңгере білу керек.
3. Оқытушы студентпен творчестволық түрде жұмыс істеуге міндетті. Студент мұғаліммен қарым-қатынаста болуға міндетті және орындалатын практикалық, өздік жұмыстар бойынша консультация алуға міндетті.
4. Қате жібергенге ұялмаңыз. Кім еш нәрсе істемейді, сол қателеспейді.
5. Барлығын түсінген адам сияқты түр жасамаңыз. Түсінуге тырысыңыз.
6. Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Егер сіз үш және одан да көп сабақты себепсіз босатсаңыз (себебі құжат бойынша бекітілуі керек), онда оқытушы сізден деканаттың сабаққа рұқсат қағазын талап етуге құқылы. Есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды баңаңа әсер етеді.
7. Өз уақытында практикалық, өзіндік жұмыстардың кестесі бойынша есептесіп отыру қажет. Бұл қорытынды бағаға әсер етеді. Аяқталмаған есептесулер және өздік жұмыстар есептелмейді. Әр жұмыстың өз уақытында және толық көллемде орындалған тапсырмаларына жоғары балл қойылу ұйғарылғанды.
Марапаттық баллдар 0,2 ÷ 2 балл:
- творчествалы тұрғыдан келгені үшін;
- оқу үрдісіне белсенді қатысқаны үшін;
- студенттік конференцияға қатысқаны үшін;
Айып балдары 0,2 ÷ 2 балл, жалпы саннан төмендегі жағдайда шегеріледі (азайтылады):
- материалдарды өз уақытында көрсетпегені үшін;
- жұмысты сапасыз орындағанда;
- сабақты жібергенде;
- сабаққа кешіккенде
Студенттердің өзінің қатысуынсыз бақылау жүргізілмейді.
8. Аудиториялық сабақтарға кешігуге 5 минутқа дейін рұқсат етіледі, басқа жағдайда студентке сабаққа кіруге рұқсат етілмейді. Объективті себептер болса оқытушыны алдын-ала ескерту керек. Ұдайы сабақ босату-жақсылыққа әкелмейді. Ол студенттің сабаққа деген қатынасын сипаттайды.
9. Этика бойынша оқытушы сөйлеп тұрғанда дауыс шығарып сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан қуылады. Сабақ кезінде басқа тақырыпқа әңгімелесуге болмайды.
10. Сіздің міндетіңіз сабаққа дайын болып келу. Бар әдебиетті пайдаланыңыз, өз уақытында кітапханадан әдебиетті алыңыз.
11. Ішкі тәртіп ережесі орындалуы тиіс.
12. Басқа біреудің жұмысын көшіріп алуға үзілді-кесілді тиым салынады
13. Мүмкіндігінше консультацияға қатысу.
14. Сабақ кесінде сот.телефондар ажыратылған болу керек.
15. Кесте бойынша тапсырылмаған практикалық және өздік жұмыстар оқудың меңгеру сапасын төмендетеді. Студенттердің күнделікті еңбекке ізденушілікке тәрбиелеу үшін олардың сапалы жұмысын - өз уақытында (дер кезінде) рейтинг картасы бойынша бағалау оқытушылар үшін өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |