Жатыр мойны обырының алдын алу үшін: - Қазақстан Республикасында жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламаны енгізу - әйелдердің денсаулығын қорғауда үлкен үлес қосты.
- Скринингтің негізгі мақсаты - қатерлі ісікке дейінгі өзгерістерді анықтау, бастапқы формалардан бастап обырдың инвазивті формасының дамуына дейінгі кезең. Қатерлі ісікке дейінгі кезеңді уақтылы анықтау әйелдерге аурудан 100% айығуға мүмкіндік береді.
Жатыр мойны обырының скринингі 2009 жылдан бастап жүргізіледі, әйелдердің нысаналы топтары – 30-дан 70 жасқа дейін, әр 4 жыл сайын тексеріледі. - Скрининг әдісі жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу болып табылады, ол қала мен аудандардың әрбір емханасында әйелдер қарау кабинетінде жүргізіледі.
- Қалалық және аудандық емханалардың әйелдерді қарау кабинетінде тұрақты тексерілу, гинеколог дәрігерге қаралу, скринингтен уақтылы өту - жатыр мойны обырын ерте кезеңде анықтаудың және емдеудің сәттілігінің кепілі.
- Полиптер, жаралар, эрозия, қабыну аурулары және жатыр мойнының басқа аурулары сияқты ісікке дейінгі сырқаттарды уақтылы емдеу болып табылады.
Онкоцитология
Достарыңызбен бөлісу: |