№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының


Кесте 3 Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау



бет19/24
Дата22.02.2016
өлшемі3.7 Mb.
#1591
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Кесте 3

Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А

1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін топырақ-климаттық қолайлы жағдайлар

2. Өндірістік потенциал

3. Қолайлы географиялық орналасу – ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі нарықтарына жақын орналасуы

4. Стратегиялық маңызды ресурс – кең мал жайылымы болуы

5. Азық-түлік бойынша көп түрлерімен өзін өзі қамтылуы

6. Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстардың бай кен орындарының болуы

7. Еңбек ресурстары, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларының мамандарын даярлайтын түрлі профилді жоғары оқу орнының болуы

8. Жұмыссыз әйелдер санының төмендеуі

9. Экономикалық белсенді халық санының арасында әйелдер санының өсуі

10. Еңбек миграциясы

11. Белсенді, кәсіпкерлікке жақын адами капитал

12. Отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу

13. Жоғары медициналық-демографиялық көрсеткіштер

14. Кардиохирургия қызметінің дамуы

15.Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы



Басымдылық В

1.Экспортқа бағытталған өндірістің болуы (таукен, металлургия өнеркәсібі, мұнай және газ айдау, тоқыма).

2. Тоқыма кластерін дамыту үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың болуы.

3.Шағын және орта бизнес секторының дамуы

4. Шарап және мақта кластлері

5.Тарихи және мәдени орындардың болуы, бай флора және фаунаның болуы



Басымдылық С

1. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге сыртқы және ішкі нарықтың болуы.




Басымдылық А

1. Тұрғындардың әлеуметті-маңызды ауыруларының жоғарғы деңгейі

2. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың очагі

3. Тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығының төмен индексі. Бала және ана өлімінің жоғары деңгейі (тиісінше 1 мың туылғандарға 20,98 және 100 мың тірі туылғандарға 37,1)

4. Кадрлар жетіспеушілігі және кадрларды даярлауда төмен деңгей

5. Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің аз болуы

6. Денсаулық қорғау сұрақтары бойынша халықтың төмен деңгейде ақпараттандырылуы

7. Сапалы ауыз сумен төмен қамтамасыздандырылу: Сарыағаш ауданында (елді мекендердің жалпы санынан 6,5%), Шардара ауданында (14,8%), Бәйдібек, Казығұрт (26,2%), Ордабасы (23,7%), Отырар (38,1%), Созақ (30,8%), Түркістан қ. (17,1%), Арыс қ. (44,8%).

8.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, трактор паркінің машиналарының тозып кетуі (80% астам)

9. Ауыл шаруашылығы саласына қызмет көрсететін қаржы қызметінің тапшылығы

10. Ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымының төмен дамуы

11. Өндірістердің ұсақтылығы

12. Қолданылатын астықпен малдардың генетикалық потенциалының төмен деңгейі

13. Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік деңгейінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі

14. Әлеуметтік бағытағы көрсеткіштердің төмен деңгейі – облыс бойынша бала бақшалардың, мектептердің, спорт клубтарының, профилакторий, санаторийлардың, медициналық-әлеуметтік ұйыдардың жетіспеушілігі

15. Абаттандырудың төмен деңгейі


Басымдылық В

1. Облыстың энерго ресурстарының тапшылығы (ауданның электро-энергиясына жалпы қажеттілігінің 45%-47% қамтамасыз ету).

2. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақтарының қанағаттанаралықсыз техникалық жағдайы.

3.Облыстың аудан мен қалаларында инновациялық белсенділіктің төмендігі

4. Еңбек ресурстары артылған қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, Кентауда-8,7%, Түркістанда-8,9%, Шымкентте -9,3%.

5. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану, су жетіспеушілігі.


Басымдылық С

1. Елді мекендердің көшелері мен облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы (жалпы тармақтардың 55% күрделі жөндеуді талап етеді).



Мүмкіндіктері

Қауіптері

Басымдылық А

1. Энергияның альтернативті көздерін (гидроэнергия, жел, күн) қолдану және жасау жолымен аймақтың энергетикалық тәуелсіздігіне жету

2.Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлікті-логистикалық терминал салу

3. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы.

4. Азық түлік қауіпсіздікті қамту.

5. Агроөнеркәсіп кешенінде сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіру.

6. Кедендік Кенеске кіру нарықтың кеңеюіне байланысты жаңа мүмкіндіктер береді.

7. Агроөнеркәсіп кешеніне кадрларды даярлау.

8. Кластерлерді құру және дамытуға қажетті жағдайларды құру: құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтикалық өнімдер, энергетикалық кластер, туристтік кластер.

9. Шымкент қаласында халықаралық көлік-логистикалық орталық құру.

10. Төмен бағалар

11. Туризм.

12. Шағын бизнес.

13. Қол өнері.

14.Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен халықтың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін қамту.

15. Потенциялын пайдалану мақсатында салаларды қаржыландыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.

16. Алдын алу шараларын қамту.

17. Заманауи нарықтық жағдайға бейімдеу.

18. Заманауи медициналық нысандардың құрылысына қаржыландыруды көбейту, оның ішінде мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде.

19. Жаңа құрал жабдық сатып алуға шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу.

20. Жас мамадарды жұмыс орнында қалу және тарту жұмыстарын күшейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде.


Басымдылық В


  1. Облыстың жоғары транзиттік потенциалын, темір жол, әуе, автокөлік құралдарымен халықаралақ көліктік коридорға ену мүмкіндіктерін қолдану.

  2. «Оңтүстік» СПК АҚ базасында аймақтың экологиялық және экономикалық мәселелерін шешу мүмкіндігін беретін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру жолымен инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту.

  3. Экологиялық мәселелерді шешуде жаңа технолгияларды, табиғатты басқару әдістерін қолдану, табиғи кешендерді қалпына келтіріп және деградациясының алдын алу.



Басымдылық С

1. Қазіргі туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, діни және аң аулау туризимтерін дамыту.

2. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілілігін арттыру.

3. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту.



Басымдылық А

1. Электротасымалдаушылары және сумен қамтамасыз ету бойынша облыстың көрші мемлекеттерден тәуелділігі.

2. Азық-түліктік қауіпсіздік қаупі, импорттық тауарлар үлесіне ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту.

3. Импорттың үлесінің өсуі.

4. Ауыл шаруашылығы өніміне республика ішінде бағалардың өсуі.

5. Экономикалық және қаржы дағдарысы салаларға қаржы тартылуына кедергі жасауда.

6. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдері, Кеден Кенесі елдері жағынан бәсекелестік.

7.Облыс тұрғындарының денсаулықты қорғау мәселеріне немқұрайлы көзқарасы қалыптасқан.

8. Қаржыландырудың жеткіліксіз болуы денсаулық сақтау ресурстарының (құрал-жабдық, ғимарат) тозуына, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмеуіне әкеліп соғады, ал бұл, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің сапасын төмендетеді.

9. Медициналық қызметкерлерінің еңбекақысы және жұмыс жағдайларының төмендігі медициналық кадрлардың әсіресе ауылдық жерлерде, саладан кетуіне әкеліп соғуда, бұл, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін төмендетеді.



Басымдылық В

1. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу бойынша қазіргі қуаттылықтардың болмауымен байланысты, тіркелмеген қоқыс орындарының көбеюіне орай, санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің төменгі деңгейімен байланысты эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауы.

2. Кәсіпорындар мен көлік құралдарының атмосфераға көптеп шығару салдарынан экологиялық қауіпсіздік қаупі

3. Тұрғындардың жасырын миграциясы мен контрабанданың артып кетуі.

4. Әлеуметтік шиеленістің өсімі.

5. Өмір сапасының төмендеуі.


Басымдылық С

1. Ресурстардың тиімсіз қолданылуынан облыстың минералды – шикізат базасының тозуы.






Облыс мынадай салалық өнімдерді өндіру бойынша әлемдік нарыққа шығады. Олар:

  • уранмен оның өнімдерін қайта өндіретін ірі жабдықтаушы ретінде;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері;

  • алыс және жақын шет елдерге тоқыма саласының өнімдері (Ресей, ЕО елдері, Орта және Орталық Азия т.б.);

  • трансформаторлар («Кентау трансформаторлар зауыты» АҚ) – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан;

  • фармацевтикалық сала өнімдері («Химфарм» АҚ) – Ресей, Болгария, Өзбекстан;

  • электротехникалық және электронды құралдар («Электроаппарат» АҚ) – Ресей, Украина;

  • металлургия өнеркәсібінің өнімдері («Южполиметалл» ӨК» АҚ – қорғасын, цинк, темір жол рельсін ауыстыру құралы) – Белоруссия, Ресей, Украина, ҚХР.


Аймақтық және Ұлттық нарыққа:

  • өнеркәсіп өнімдерімен жабдықтаушы – мұнай өнімдерін қайта өңдеу, фармацевтика, металлургия, машина жасау салалары бойынша (электротехникалық және электрондық машина жасаумен «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Кегок», «Қазақстан темір жолы» сияқты ұлттық компаниялар жұмыс жүргізеді), құрылыс материалдары;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері және оның өнімдерін қайта өңдеу;

  • инновация жабдықтаушысы;

  • облыста жеміс-көкөніс кластерін құру мен дамытуға жағдай жасау мүмкіндік бар;

  • облыста туристік-жергілікті әлеует орын алған.


Ежелден мамандандырылған жүйеге талдау жүргізу нәтижесі облыстың аудандары мен қалаларын жіктеуге мүмкіндік береді:

Бәйдібек ауданы – ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем, жүн өнімдері мен түйе сүтін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту, құрылыс материалдарын өндіру;

Қазығұрт ауданы – жүзім, алма шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту және жандандыру, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет өнімдері) өндіретін кәсіпорындарды дамыту;

Мақтаарал ауданы – жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту және жандандыру, ауыл шаруашылығы және мақта өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту;

Ордабасы ауданы – жеңіл өнеркәсібін қайта өңдеу саласымен, құс шаруашылығымен, құрылыс материалдарымен айналысатын кәсіпорындарды дамыту;

Отырар ауданы – ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем, жүн өнімдері мен түйе сүтін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту;

Сайрам ауданы –шарап жасау саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін – сүт, көкөніс, жеміс, бақша дақылдарын қайта өңдеу, туристік саласын дамыту;

Сарыағаш ауданы - жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту, мақта өнімдерін қайта өңдеу саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды дамыту, курорттық зона әлеуетін пайдалану;

Созақ ауданы – кен өндіру өнеркәсібін әрі қарай дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем және жүн өнімдерін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту;

Төлеби ауданы – жеңіл өнеркәсібін қайта өңдеу саласын және туристік саланы дамыту;

Түлкібас ауданы – жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту, мал шаруашылығын қарқынды дамыту (сүтті мал шарушылығы, шошқа өсіру шаруашылығы және құс шаруашылығы) жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту, туристік саланы дамыту;

Шардара ауданы – мақта өнімдерін қайта өңдеу мен балық шаруашылығы салаларын дамыту;

Арыс қаласы – тамақ және жеңіл өнеркәсібін, темір жолға қатысты қызмет көрсету саласын дамыту;

Түркістан қаласы – машина жасау өндірісінің жаңа түрлерін меңгеру, өнеркәсіп

өнімдерін өндіру, туристік саланы дамыту;

Кентау қаласы - машина жасау өндірісінің жаңа түрлерін меңгеру, өндіретін кәсіпорындарды дамыту;

Шымкент қаласы – бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару мақсатында өнеркәсіп өнімдерін модернизациялау, фармацевтикалық саланы әрі қарай дамыту, жеңіл өнеркәсіпті дамыту және тамақ өнеркәсібі саласын кеңейту.
Ауылдық елді-мекендердің әлеуетін көтеру және жағдай жасау
2012 жылдың қорытындысымен 868 ауылдық елді-мекендердегі адам саны 1551 мың адамды құрады. Облыстың ауылдық жерлерінде 831 мектеп, оның ішінде 48 мектеп – апатты жағдайда, 37-сі – 3 ауысымдық мектеп қызмет етеді. Оқушы саны – 543,5 мың оқушыны қамтыды, бұл 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда 178,3 мың оқушыға артық.

827 ауылдық елді мекенде 367 мектеп – типтік, 463 мектеп – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.

8671 баланы қамтыған 100 балабақша, оның ішінде 45 баланы қамтыған 2 – шағын орталық қызмет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қамтылу пайызы – 7,3% құрады. Бұл көрсеткіштерді 2008 жылмен салыстырғанда балабақша – 19 бірлікке, бала саны – 1477 балаға, ал қамтамасыз ету пайызы – 1,3%- ға артқан.

Балалардың балабақшамен қамтылу пайызының төмен деңгейі – оралмандардың келуімен демографиялық жағдайдың өсуінен орын алып отыр.

2011-2015 жылдарға 99 жаңа мектеп және 24 балабақша құрылысын жүргізу нәтижесінде білім нысандарының жағдайы жақсарады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлерінде 826 денсаулық сақтау мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде:



  • 9 аудандық орталық аурухана;

  • 6 ауылдық аурухана;

  • 7 өкпе ауруына қарсы диспансер;

  • 15 емхана;

  • 5 ауылдық емхана;

  • 203 дәрігерлік амбулатория;

  • 48 ауылдық аурухана;

  • 244 медициналық пункт;

  • 289 ФАП.

Облыс бойынша ауылдық елді-мекендерде медициналық қызметтерді 2619 дәрігер, 7688 орта білімді қызметкерлер, оның ішінде 786 дәрігер мен 1750 орта білімді маман квалификацияны жетілдіру курстарын өткен.

Стационарлық медициналық қызметтерді 5310 медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген 65 медициналық мекеме көрсетеді.

2011-2014 жылдарға 179 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарланған, іске асыруда.

868 ауылдық елді-мекеннің 481 орталықтандарылған, 374 орталықтандырылмаған және 13 тасымалды сумен қамтамасыз етілген.

2011-2015 жылдарға 572 ауылдық елді-мекендер орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, бұл тасымалды су мәселесін шешетін болады.

2012 жылы 881 ауылдық елді-мекеннің 606 орталықтандарылған, 275 орталықтандырылмаған және 45 тасымалды сумен қамтамасыз етілген.

2011-2015 жылдарға 165 ауылдық елді-мекендер орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, бұл тасымалды су мәселесін шешетін болады.

ОҚО бойынша газ құбырларының ұзындығы – 3757,1 км құрады.

2012 жылы ОҚО бойынша газ құбырларының ұзындығы – 5 473,5 шқ құрады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газбен 139 ауылдық елді-мекендер қамтамасыз етілген, бұл жалпы елді-мекендердің санының 15,9% құрайды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газбен 16 ауылдық елді-мекендер қамтамасыз етілген, бұл жалпы елді-мекендердің санының 8% құрайды.

2015 жылға дейін қосымша 277 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2009 жылы 876 елді-мекеннің 855-і орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген.

20 елді-мекен электр жүйесімен қамтамасыз етілмеген, бұл жайылымдағы мал шаруашылықтары.

2012 жылы 868 елді-мекеннің 860-і орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген.

16 елді-мекен электр жүйесімен қамтамасыз етілмеген, бұл жайылымдағы мал шаруашылықтары. Бұл мәселенің шешіміне күн шуақты аккумулятор, қуатты генератор сияқты электр қуатының балама көздерін ұсынуға болады.

2013 жылдың 1 қарашасына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 19050,2 шқ құрайды, оның ішінде 4330,3 шқ немесе, 22,8% облыстық маңызы бар жолдар болып табылады. Жолдардың төселімі бойынша: 4121,3 шқ (95,1%) – асфальтты бетонды, 166,1 шқ (3,9%) – қара тасты, 42,9 шқ (0,9% ) - табиғи топырақты жолдар болып табылады.

2011-2015 жылдарға жолдардың 58% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады.



Мақсатты индикаторлар:




Көрсеткіштер

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Міндет 1. Берілетін білімнің сапасын жақсартуы

1

Апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысын жүргізу, бірлік

17

2

2

5

5

2

Мектептердің құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан мектептердің орнына, бірлік




2
1

12
9

2
1

14
10

14
13

3

Ауылдық мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы, бірлік

6

6

4

5

3

Міндет 2. Медициналық көмектің қол жетерлікпен қамтамасыз ету

1

Денсаулық сақтау нысандардың құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан орнына, бірлік



44
18



79
48

69
43

91
49

48
28

Міндет 3. Ауылдық тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету

1

Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің үлесі (жалпы бар АЕМ санынан) , %

60,0

70,0

80,0

90,0

100,0

2

Сумен қамтамасыз ету нысандардың құрылысы, бірлік

58

220

94

106

94

Міндет 4. Ауылдық елді мекендерді газдандыру

1

Ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету, бірлік


20

21

96

60

80


Міндет 5. Ауылдық елді мекендерді жарықтандыру

1

ЛЭП-ң 85% асқан тозушылығымен ауылдық елді мекендердің санын азайту


10

9

8

7

6

Міндет 6. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

1

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың деңгейінің жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайы, %


50

52

53

56

58

2

Авто жолдарды күрделі және орташа жөндеу (км)


933,7

894,3

952,8

1077,6

906,9



Көрсеткіштер

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Міндет 7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін әлеуметтік сала мамандарын тарту

1

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру мақсатында келген әлеуметтік сала мамандарының саны, адам.

508

564

618

310

300

2

«РИЦ Максимум» ЖШС арқылы орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде ауыл халқын, млн. теңге.

3 000

3 000*

3 000*

3 000*

3 000*




  • Ескерту: «РИЦ Максимум» ЖШС айналымдағы қаржысы есебінен


2.2.5 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудегі саясатты талдау
2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 17 аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылды.

Даму бағдарламаларының жүзеге асырылу тиімділігін талдау Бағдарламалардың өздерінің негізінде, сондай-ақ орындалуына жауапты, жергілікті атқару орындарына ұсынылған. Бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есеп берулер негізінде жүргізілді.

Бағдарлама тиімділігін бағалау келесі принципке негізделді: мақсаттың нәтижесін нақты түрде өлшеу немесе бағалау мүмкін болмайтын етіп құрылған мақсаттағы Бағдарламалар болмауы тиіс. Мұндай бағдарламалардағы мақсаттар қайта қойылып немесе мүлдем алынып тасталуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет