- Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:
- жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі;
- тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие;
- жеке тұлғаның жан-жақты дамуы;
- адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру;
- табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы;
- Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;
- оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты болуын талап етті;
- ана тілі негізінде жан-жақты білім беру;
- оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы;
- танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім;
- тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік);
- бәрін де барлығына оқыту.
- Пәнаралық байланыс туралы: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек».
-
Достарыңызбен бөлісу: |