Табым десем бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын,
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем қозады әруағым.
Түпсіз қара тұнықта суды кешсем,
Tan қолыма медеу қып ұстар талым.
(Сәбит)
Бізде қару, бізде танк,
Бізде ұшқыш, самолёт.
Біз – болатпыз, біз – күшпіз.
Бізде қайрат, бізде от,
Бізде план, программ,
Бізде құрал, бізде ұран,
Біздің елге бір елі,
Тұмсығын жау сұға алмас.
Өйткені біз беттесек,
Бұзбайтұғын қамал жоқ!
(Жақан)
Мұнар да, мұнар, мұнар күн.
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
(Махамбет)
Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім бергенді.
(Абай)
Символ (грекше – symbolon – нысана, бейне, белгі). Тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады.
Тұрды патша (арыстан) қайғырып, уайым жеп, –
«Ала қойды болады қайткенім еп?»
Аю, түлкі қасында – уәзірлері,
Кеңеседі оларға «Қайтемін?» – деп.
Қолбаң етіп, қорс етіп, сөйледі аю:
Батыр патшам, не керек көп ойлану.
Қойды жан деп есіркеп кім аяйды?
Ақылы ала қойдың – қырып салу...
Ирония (грекше – еіrоnеіа – ажуа, келеке). М.Әуезовтің «Айман – Шолпанының» бір жерінде Теңгеге Айман былай деп жауап береді: «Менде де бар бір жаман, Не қылайын қазақтың. Жүйрігі мен жорғасын». Бұл сөзді Айман шын көңілмен айтып отырған жоқ, Көтібарды ажуаға, келекеге айналдырып отыр. Сөйлем құрылысының сыртқы түріне қарағанда, Көтібарды жүйрік, жорғаға балап, мақтап отырған сықылды.
Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық,
Шалқардан ағып жатқан сөзі тұнық.
Қамалдан тартынбайтын ғазиз ерім,
Көлге кеп түсіп кетсін көзін жұмып.
Асылым құдай берген өз бағыма,
Тең келмес жеті Біржан тырнағына.
Найманда ұлы дария саяткерім,
Балық боп ілінгемін қармағына...
Сарказм (грекше – sarkasmus – қинау, sar – дене) – мысқыл, зілді кекесін. Адамның не өмір құбылысының белгілі бір жағын күлкі ету, шенеу, мысқыл ету, бірақ екеуінің өзара жақындығымен қатар, айырмасы да бар. Баймағамбет Шерниязға ханымды мақташы дегенде, Шернияз:
Шекеңнің сөйлер сөзге желгенін-ай,
Алланың шүкір қылдым бергеніне-ай.
Сипаты бейне жұмақ үрдің қызы,
Ханымның келбетінің келгенін-ай, – дейді.
Әсірелеу (гипербола) – құбылысты өте асырып көрсетуді айтады.
..Жоғарғы ерні қөк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп,
Асқар төбе бел еді,
Бірде шауып желеді,
Көлденең жатқан көк тасқа
Тіктеп тиген тұяғы
Ұршығынан енеді...
...Қарсы келген қабақтан
Қарғып асып жөнелді.
Зеңгір-зеңгір таулардан
Секіріп асып жөнелді...
(«Қобыланды» жыры)
Литота (грекше – litotes – қарапайымдылық).
Етектейін еріннен.
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Күлтеленген құйрықтан,
Бір тұтамы қалыпты.
(«Тарғын» жыры)
Достарыңызбен бөлісу: |