 мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру


Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары келесілерді құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады



бет2/2
Дата07.03.2022
өлшемі17.28 Kb.
#456023
1   2
Қазақстан Даму Банкі

Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары келесілерді құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады:
1) инфрақұрылым объектілерін (энергетикалық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік);
2) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты өндіруді немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды, өнеркәсіптік өндірістерді;
3) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты шығаруды немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды, ауыл шаруашылығы өндірістерін;
4) туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттықсауықтыру және қонақ үй қызметтері саласындағы объектілерді (коммерциялық негізде) дамытуға бағытталған.

Қазақстан Даму Банкінің шетелдегі инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары ҚР инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің, қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капитал экспортының дамуына ықпал ететін жобалар болып табылады.


Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық басымдықтарына сәйкес келетін жобалар үшін банк келесідей қызметтерді ұсынады:  орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) несие беру, оның ішінде:
 жобаларды бірлесіп қаржыландыру және қайта қаржыландыру;
 жобаларды жобалық қаржыландыру.
Қазақстан Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін қарыздың ең аз сомасы 5 млн АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленеді. Қазақстан Даму Банкіне келесілерді қаржыландыруға тыйым салынады:
 қару-жарақ шығаруға;
алкоголь өнімін өндіруге;
 есірткілерді, есірткі құралдарын және психотропты заттарды өндіруге;
темекі бұйымдарын өндіруге;
 тұрғын үй құрылысына;
 мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдықсауықтыру кешендерін салуға;
 геологиялық барлау жұмыстарына.
Қазақстан Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен жаңғыртылған өндірістер пайдалануға берілді, оның ішінде келесілерді атап өтуге болады:
 көлік саласында (Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда Портын солтүстік бағытта кеңейту және Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шеңберінде айлақ салу жөніндегі жобалар);
 Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға байланысты тоқыма және тігін өнеркәсібі («Ютекс» АҚ, «Меланж» АҚ);
 құрылыс индустриясында («Экотон+» АҚ, «Амитех Қарасай Пайп» ЖШС, «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС);
 машина жасау саласында («Агромашхолдинг» АҚ, «Оңтүстік полиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ);
 целлюлоза-қағаз өнеркәсібіндегі жобалар («Іле Картонқағаз комбинаты» АҚ, «Қазақстан қағазы» АҚ), биоэтанолды өндіру жөніндегі «Биохим» өндірістік кешенін құру жобасы және т.б. көптеген жобалар.
Негізгі несие қызметін жүзеге асырумен қатар, Қазақстан Даму Банкі келесілерге қызмет көрсету бойынша агент функцияларын орындайды:
 қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар);
 мемлекет кепілдік берген қарыздардың есебінен қаржыандырылатын жобалар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет