85
Сипатталған мысал күнтізбелік
жоспарға кіретін жұмыстарды
сандық жəне сапалық сипаттау үшін БНжБ мүмкіндіктерін жинақтауға
мүмкіндік береді. БНжБ бойынша əрбір жұмыс үшін келесідей
сипаттамаларды анықтауға болады:
жұмыс құрамы;
жұмысшылар буынының біліктілік жəне сандық құрамы;
жұмыстың физикалық көлеміне жұмыс сыйымдылықтың
нормалары;
еңбек шығыны нормаларын
қолданатын кейбір ерекше
жағдайларды анықтайтын ескертулер.
Қазіргі уақытта БНжБ нормативті базасының еңбек шығынын
анықтайтын бөлігі де ескірді. Сондықтан, еңбекті техникалық нормалау
жабдықтарының көмегімен жаңа заманауи база жасау қажет.
Техникалық нормалаудың негізгі əдістерінің бірі еңбек үдерісін
суретке түсіру болып табылады. Бұл əдіс бірдей тапсырма алған жəне
қалыпты
еңбек
шарттарымен
қамтамасыз
етілген
жұмысты
орындаушыларды қайталап таныстырмалы іріктеме жасау арқылы жүзеге
асырылады.
Жаңа еңбек нормативтерін жасаудың басқа əдісі кешенді үдеріс
немесе сəйкес қарапайым үдерістердің нормаларынан шығатын уақыт
нормасын есептеуді қарастыратын калькуляциялық əдіс болып табылады.
Күнтізбелік жоспарлаудың тапсырма қоюының негізгі түрлері.
Күнтізбелік жоспарлаудың тапсырмаларының негізгі түрлерін
жасауға негіз
жинақталған еңбек шығындары , қорлар жəне барлық
кешенді жұмыстың жалпы ұзақтығы арасындағы байланыс болып
табылады.
Егер құрылыс ұзақтығы нормаларымен анықталатын немесе
директивті түрде берілетін жұмыстардың жалпы ұзақтығы жəне
жалпыланған еңбек шығындары белгілі болса, онда күнтізбелік
жоспарлаудың тапсырмасы еңбек жəне
көлік қорларыныңжалпыланған
санын анықтауға бағытталады, яғни,
,
.Осындай тапсырмалар
қорлық тапсырма деген атауға ие, ал олардың шешімдері еңбек,
материалды-техникалық жəне қаржы
қорларын қолданудың сандық
шектеулерін, сонымен қатар, сəйкес мерзімдік шектеулерді де ескеруі
тиісті.
Күнтізбелік жоспарлаудың басқа тапсырма түрі берілген қорларда
жəне жалпыланған еңбек шығындарында құрылыстың жалпы ұзақтығын
анықтауға бағытталған
,
.
Мезгілдік тапсырмалар уақыт бойынша
жұмыстардың екі жақты
жасалуын қамтамасыз етеді, алайда, сонымен қатар, қорларға шектеу, баға
жəне жеке мезгілдік шектеулер де есепке алынады.
Күнтізбелік жоспарлаудың тағы бір тапсырма түрі берілген ұзақтық
ішінде кейбір жалпыланған қор арқылы орындауға болатын жұмыстардың
86
жалпыланған еңбек сыйымдылығын анықтауға бағытталған
,
. Егер
жұмыстардың еңбек сыйымдылығы мен сəйкес физикалық көлемі
арасындағы қызметтік байланысты қарастыратын болсақ, онда күнтізбелік
жоспарлаудың бұл тапсырма түрі берілген ұзақтық ішінде жалпыланған
қормен орындалған жұмыстар көлемін анықтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: