Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет44/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылыс кеңістігін жеке жұмыстар алаңына бөлу.
Жеке нысанды немесе нысандар тобын біріктерін құрылыс кеңістігі 
жобалық шешімдердің сипатына жəне белгіленген жеке алаңдарда 
жұмыстарды реттімен орындау мүмкіндігіне тəуелді жұмыстардың жеке 
алаңына бөлінуі мүмкін. Мысалы, көше орамының құрылысы кезінде 
барлық 
нысандарда 
жұмысты 
параллельді 
жүргізу 
көлік 
коммуникацияларына түсетін үлкен ауырпалық кесірінен мүмкін емес. 
Сондықтан, көше орамының жалпы құрылыс кеңістігін жеке қаласалу 
кешендеріне бөледі.
Еңбек қорларымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жеке 
жұмыстар алаңы онда белгілі бір уақыт мезетінде тек бір жұмыс түрін 
жүргізуді қамтамасыз ету шартынан ерекшеленетіндігіне əкеліп 
соқтырады. Ол жұмыстар түрін орындаудың қауіпсіздігі жəне жоғары 
өнімділігінің талаптарына сəйкес болуға тиісті.
Жалпы құрылыс кеңістігінен жұмыстардың жеке алаңдарын 
ерекшелеу негізгі белгісі нысанның əр түрлі бөліктерінде немесе нысандар 
кешенінде жұмыстарды орындау барысындағы уақыт ішінде жұмыстарды 
бірге атқару болып табылатын құрылыс ағынын ұйымдастырудың қажетті 
шарты болып табылады. Егер нысан бір жеке алаң ретінде көрсетілетін 
болса, онда жұмыстар реттілік əдісі бойынша ұйымдастырыла алады.
Жеке алаң – бұл құрылыс кеңістігінің ерекшеленген бөлігінің ортақ 
атауы екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, ерекшеленетін жеке жұмыстар алаңының 
иерархиялық жіктелуін көрсетуге болады: 
 құрылыс құрылыстың ортақ заңды атауын анықтайды (оның 
титулы); 
 құрылыс кезегі – өндірістік қуаты болашақ өнеркəсіптің жалпы 
өндірістік қуатының бір бөлшегін құрайтын құрылыстың бөлігі. Мысалы, 
машинажасау өнеркəсібінің үш жинақтау конвейерлерінің бірі. 


83 
 іске қосу кешені – құрылыстың функционалды анықталған бөлігі. 
Мысалы, қаласалу кешені, су тазалау жүйесі, энергетикалық кешен жəне 
т.б.; 
 құрылыс нысаны – жеке ғимарат; 
 басып алу – жұмысшылар бригадасының жұмысына арналған 
ғимарат бөлігі; 
 бөлінген орын – жұмысшылар бөлігінің жұмысына арналған басып 
алу бөлігі; 
 жұмыс орны – бір жұмысшыға берілген жұмыс кеңістігі. 
Айтылғандардан күнтізбелік жоспарлаудың тапсырмалары жеткілікті 
түрде қиын екені жəне ол қиындық ұйымдастырушылық-технологиялық 
сұлбаларды 
жасау 
кезінде 
де, 
жеке 
жұмыстарды 
кеңістіктің 
сəйкестендіруге сəйкес жеке алаңдарға бөлуде де анықталатыны көрініп 
тұр.
Құрылысты жеке жұмыстар ағынына бөлу.
Құрылыс кеңістігін жеке алаңдарға бөлу жұмыстардың қайда 
орындалып жатқандығын көрсетеді. Оған қарағанда, құрылысты жеке 
ағындарға бөлу қандай жұмыстардың орындалуы керектігін көрсетеді.
Құрылыста еңбектің мамандығын көрсететін иерархияның жоғары 
деңгейі ретінде жұмыстар циклі көрсетілуі мүмкін (дайындық жұмыстары, 
нөлдік цикл жұмыстары, ғимарат қорабын тұрғызу бойынша жұмыстар, 
технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жəне т.б.). Ал 
жұмыстар циклі жұмыстардың жеке түрлерінен тұрады. Мысалы, нөлдік 
цикл жұмыстарына нөлдік шама (биіктік) деп есептелетін бірінші қабат 
еденінің белгісінен төмен орналасқан ғимарат құрылымының бір бөлігін 
тұрғызуға мүмкіндік беретін жұмыстардың барлық түрлері кіреді. 
Иерархияға сəйкес жұмыс түрінің артынан құрылыс үдерістері 
жүргізіледі, олардың орындалу нəтижесі аралық немесе ақырғы өнімді 
шығару болып табылады. Мысалы, бетондық жұмыстар негізгі үш 
үдерістерден тұрады: ол арматурлы, қалыптық жəне бетон қоспасын 
қалыпқа құю.
Құрылыс үдерістері қарапайым жəне кешенді, яғни, қарапайым 
үдерістерді қосатын болуы мүмкін.
Қарапайым үдерістердің жіктеу белгісі орындаушылар құрамының 
біркелкілігі болып табылады, ал қарапайым үдерістің мысалы ретінде, тас 
қалаушы жəне көмекші жұмыскермен кірпіш қабырғасын қалау үдерісін 
алуға болады. Кешенді үдеріс мысалы ретінде, ғимараттың құрастырмалы 
құрылымдарын жинақтау үдерісін алуға болады, бұл үдеріс кезінде 
орындаушылар құрамы жинақталатын құрылымның түріне байланысты 
болады. 
Ары 
қарай, 
қарапайым 
үдерістер 
көрсеткіштері 
орындаушылардың, құралдардың жəне еңбек құралдарының нақты құрамы 
болып табылатын жұмыс əрекеттеріне бөлінеді.


84 
Жұмыс əрекетінің мысалы ретінде, тас қалауын жүргізу кезінде 
жіктерді сөгуді алуға болады.
Жұмыс əрекеттерін өндіру оларды жеке жұмыс амалдарына бөлу 
арқылы жүзеге асады. Мысалы, жинақтау пистолетінің көмегімен жылыту 
жүйесінің жылу аспаптарының астына кронштейн орнату бойынша жұмыс 
амалы. Осылайша, құрылыс өндірісінде еңбекті ұйымдастыру кезінде 
нақты иерархия бар: жұмыстар циклі → жұмыс түрі → кешенді үдеріс → 
қарапайым үдеріс → жұмыс əрекеті → жұмыс амалы. 
Жұмыстарын түрлерін орындау шарттарын сипаттау үшін 
технологиялық карталар, ал үдерістерді сипаттау үшін еңбек үдерістерінің 
карталары қолданылады. Кейбір жағдайларда, бұл сипаттамалар 
жұмыстарды жəне əрекеттерді бақылау тəсілдері мен шарттарын 
анықтайтын, оларды сапалы əрі тиімді орындауға қажетті технологиялық 
нормалармен толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет