Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет41/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Жобалық декларация. Жобалық декларацияның құрамына 
құрылысшы-салушы жəне құрылыс жобасы жайлы ақпарат кіреді.
Жобалық декларация құрылысшы-салушымен бұқаралық ақпарат 
құралдарында құрылысшы-салушымен үлескерлік құрылыстың бірінші 
қатысушысымен келісімшартқа отырғанға 14 күннен кеш емес уақытта 


77 
жарияланады жəне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мемлекеттік 
мекемесіне беріледі.
Құрылысшы-салушы құрылыс жобасы жəне құрылысшы-салушы 
жайында ақпараттарға қатысты өзгертулерді, сонымен қатар, жобалық 
құжаттамаға 
енгізілген 
өзгерістер 
фактісін 
сəйкес 
ақпараттар 
өзгертілгеннен кейін үш күн ішінде жобалық декларацияға енгізуге 
міндетті. 
Құрылысшы-салушы жобалық декларацияның заңмен анықталған 
талаптарын бұзған жағдайда үлескерлік құрылыс қатысушысы сотқа 
немесе Арбитражды сотқа келісімді түсініспеушілік негізінде жасалған 
жəне заңсыз деп тануы үшін талап қойып жолдай алады.
Келісімді заңсыз деп таныған жағдайда құрылысшы-салушы 
келісімшарт бойынша үлескерлік құрылыс қатысушысы төлеген қаржы 
құралдарын қайтаруға жəне ҮҚҚРЗ сəйкес пайыздарын өтеуге міндетті.
Құрылысшы-салушы жайында ақпарат келесі мəліметтерден тұруы 
тиіс: 
фирманың атауы, орналасқан орны; заңды тұлға болып табылатын 
құрылысшы-салушы үшін тегі, аты, əкесінің аты; жеке кəсіпкер болып 
табылатын құрылысшы-салушы үшін тұрғылықты мекен-жайы, сонымен 
қатар, 
құрылысшы-салушының жұмыс кестесі жайындағы мəліметтер; 
 құрылысшы-салушының мемлекеттік тіркеуі; 
 құрылысшы-салушының қатысушылары; 
 жарияланған жобалық декларация алдындағы үш жыл ішіндегі 
құрылысшы-салушы қатысқан көпқабатты үйлер немесе басқа да 
жылжымайтын нысандар құрылысының жобасы; 
 лицензиялық қызметінің түрі, лицензия нөмірі, оның қолданылу 
мерзімі, бұл лицензияны берген орган жайында, егер қызмет ету түрі 
ҮҚҚРЗ сəйкес лицензияланатын болса жəне көпқабатты үйлер немесе 
басқа да жылжымайтын нысандар құрылысы үшін үлескерлік құрылыс 
қатысушыларының қаржы құралдарын қолдану қызметін жүзеге асырумен 
байланысты болса; 
 жеке қаржы құралдарының көлемі жайлы, ағымдағы жылдың 
қаржылық нəтижелері жайлы, жобалық декларация жарияланған күнге 
несиелік қарызының көлемі жайлы. 
Жоба жайындағы ақпарат келесілерден тұруы қажет: 
құрылыс жобасының мақсаты, оны жүзеге асыру деңгейлері мен 
мерзімдері, жобалық құжаттаманың мемлекеттік бақылау нəтижелері; 
 құрылыс жүргізуге рұқсат; 
 құрылысшы-салушының жер теліміне құқығы, егер ол жер 
телімінің иесі болмаса, жер телімінің иесі жайында, жер телімінің ауданы 
жəне шекаралары; 


78 
 салынып жатқан көпқабатты үйлер немесе басқа да жылжымайтын 
нысандардың орналасу орны, құрылыс рұқсат алуға негіз болған жобалық 
құжаттамаға сəйкес дайындалған олардың сипаттамасы; 
 көпқабатты үйлердің немесе басқа да жылжымайтын нысандарды 
пайдалануға беруге рұқсат алынған соң үлескерлік құрылыс 
қатысушыларына құрылысшы-салушымен берілетін салынып жатқан 
көпқабатты үйлердің немесе басқа да жылжымайтын нысандардың 
құрамындағы дербес бөліктер саны (көпқабатты үйде пəтерлер саны, 
көлікжайлар жəне басқа да жылжымайтын нысандар), сонымен қатар, 
дербес 
бөліктердің 
жобалық 
құжаттамаға 
сəйкес 
техникалық 
сипаттамалары жайлы; 
 егер салынып жатқан нысан көпқабатты үй болса, онда көпқабатты 
үйдегі ортақ нысандар құрамына кірмейтін көпқабатты үйдегі тұрғын емес 
нысандардың функционалды тағайындалуы жайлы; 
 көпқабатты үйлердің немесе басқа да жылжымайтын нысандарды 
пайдалануға беруге рұқсат алынған соң жəне үлескерлік құрылыс 
қатысушыларына үлескерлік құрылыс нысандарын тапсырған соң, 
үлескерлік құрылыс қатысушыларының ортақ үлескерлік меншігінде 
көпқабатты үйдегі жəне (немесе) басқа да жылжымайтын нысан 
құрамындағы ортақ мүлік жайлы; 
 салынып жатқан көпқабатты үйлердің немесе басқа да 
жылжымайтын нысандарды пайдалануға беруге рұқсат алудың болжалған 
мерзімі жайлы; 
 құрылыс жобасын жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын 
қаржылық жəне басқа да тəуекелдер жəне ол тəуекелдерді құрылысшы-
салушымен өз еркімен сақтандыруы жайлы; 
 негізгі құрылыс-жинақтау жəне басқа да жұмыстарды жүзеге 
асыратын мекемелер тізімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет