Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет43/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

 
 
 
 


80 
Бақылау сұрақтары 
1. Қандай жағдайларда құрылысшы-салушы үлескермен келісім- 
шартты бұза алады? 
2. Үлескерлік құрылыс нысанын пайдалануға беру қандай құжат 
негізінде жүргізіледі? 
3. Қандай себептерге байланысты үлескер үлескерлік құрылыс 
келісімшартын бұзудың бастамашысы бола алады? 
4. Үлескерлік құрылыс қатысушылары арасында міндеттерді 
уақытылы орындамаудың айыпақысы мен айыппұлын есептеу үшін негіз 
болып табылатын мөлшерлеме қандай? 
5. Үлескерге қаржы құралдарын қайтарудың кепілі не болып 
табылады? 


81 
3 бөлім 
ҚҰРЫЛЫС НЕГІЗГІ ЖОСПАРЛАРЫН КҮНТІЗБЕЛІК 
ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ ЖОБАЛАУ
 
3.1. Күнтізбелік жоспарлау міндеттері туралы жалпы түсінік 
Жалпы ережелер. Күнтізбелік жоспар – бұл жұмыстарды 
орындаудың мерзімдері мен бағалары динамикалық (яғни уақыт ішінде) 
түрде көрсетілетін жобалық құжат. Күнтізбелік жоспар ішінде ең көрнекісі 
графикалық форма болып табылатын əртүрлі түрде (дескриптивті, 
матрицалық, күнтізбе табелі, графикалық жəне т.б.) көрсетілуі мүмкін. 
Графикалық түрде сызықтық күнтізбелік жоспар (Гант диаграммасы) жəне 
жүйелік график (графа) түрінде кең қолданылады.
Мазмұндық аспектісінде күнтізбелік жоспар құрылыс өндірісін 
ұйымдастыруды, экономикасын, технологиясын біріктіреді.
Күнтізбелік жоспарлар құрылыс өндірісін ұйымдастырудың, 
сонымен қатар, жобаларды басқарудың да негізі болып табылады.
Күнтізбелік жоспарлар келесі жобалардың құрамында жасалады: 
 инвестициялық құрылыс жобасының бизнес-жоспарында; 
 құрылысты ұйымдастыру жобасында; 
 инвестицияларды негіздеу жобасында; 
 мердігер саудасында көрсету үшін оферталарда; 
жұмыстарды өндіру жобасында
 құрылыс мекемесінің жұмыстарды жылдық ұйымдастыру 
жобасында; 
 технологиялық карталарда жəне т.б. 
Сонымен қатар, күнтізбелік жоспар 2.1. бөлімшесінде көрсетілген 
өлшемдер бойынша жобаны экономикалық бағалауға байланысты 
құрылысты қаржыландыру графигі мен қаржы ағымының (Cash Flow) 
графигін жасауға негіз болып табылады. 
Күнтізбелік 
жоспарлаудың 
бастапқы 
деңгейі 
өндірістің 
қажеттіліктерін, нақты экономикалық жəне техникалық шарттарды толық 
қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру моделін таңдаумен 
байланысты.
Қойылған шарттарға байланысты күнтізбелік жоспар моделін 
жасауда негіз болатын ұйымдастыру-технологиялық сұлба анықталады. 
Ұйымдастыру-технологиялық сұлба бастысы күнтізбелік жоспарлаудың 
талаптарын топологиялық қоюды, сонымен қатар, елеулі жағдайларды, 
өлшемдер мен шектеулерді анықтайды.
Жұмыстарды ұйымдастырудың əдістері мен тəсілдері құрылыстың 
нақты шарттарымен, олардың технологиялық реттілігінде жұмыстардың 
үйлестірілу сипатымен, уақытпен жəне кеңістікпен анықталады.


82 
Нысан құрылысының ұйымдастырушылық-технологиялық сұлбасын 
жасау құрылыстың күнтізбелік жоспарлау саласындағы маманның жоғары 
біліктілігін қажет ететін қиын шығармашылық жұмыс болып табылады. 
Мысалға, бар ғимараттардан өте жақын ара қашықтықта салынатын жаңа 
ғимараттың құрылысы кезінде бөлу немесе қоршау ағаш құралы қажет 
болуы мүмкін, ал топырақтың сығылып шығуын болдыртпау үшін жеткізу 
ернеуінің құралы қолданылуы мүмкін.
Құрылыс алаңының тарлығы жинақтау кранының орналасу орнын 
алдын ала салынып жатқан ғимарат ішінде деп анықтауы мүмкін. Аталған 
жағдайларда құрылыстың күнтізбелік жоспарында ескерілуі тиісті 
қосымша жұмыстар пайда болады. Бұл мысалдар күнтізбелік жоспарларды 
жасаудың жеке сипатын түсіну үшін жеткілікті. Алайда, күнтізбелік 
жоспарлардағы жекешілдікпен қатар ортақ элементтер де бар. Олардың 
негізгілерін қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет