10
мүліктің пайдалануының аяқталуымен байланыстыратын болса, онда, бұл
жағдайда, жобаның алдына қойған мақсатқа жетуі үй-жайларды жалдауға
берумен немесе салынған ғимаратта кейбір өндіріс процестерін
ұйымдастырумен байланысты операциондық кезеңмен анықталады.
Жобаның басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт жобаның
тіршілік кезеңі (циклі) деп аталады. Жобаның басталу жəне
аяқталу
мезеттерінің кейбір шарттылығын айта кетке жөн. Сонымен, мысалы,
жобаға негізгі инвестицияларды салуға дейін, оның техникалық-
экономикалық негіздеуімен байланысты шығындар есептеледі.
Жобаның
аяқталуы да, оның «физикалық» тіршілік кезеңінің аяқталуымен əрдайым
байланысты емес, себебі, салынған немесе толық салынып бітпеген нысан
басқа бір меншік иесіне сатылуы мүмкін. Сондықтан, жобаның тіршілік
кезеңін оған меншік иесі құқығын иеленумен сəйкес қарастыру қажет.
Бастапқы салымнан жұмыстардың аяқталуына дейінгі толық циклді жүзеге
асырумен
байланысты жоба инвестициялық жоба деп аталады, ал оның
құрамына құрылыс жағы да кіретін болса – сəйкес
инвестициялық құрылыс
жобасы(ИҚЖ) деп аталады.
Мысалдар. Бөгет - табиғи жүйені
қайта жасау нысаны болып
табылады. Ғимаратты қайта құру, өндірісті техникалық қайта жасақтау
немесе нысанды күрделі жөндеуден өткізу – бұл жасанды жүйені
қайта
жасау болып табылады. Өнеркəсіптік кəсіпорынды жаңадан салу –
жасанды жүйені жасаудың əдеттегі мысалы болып табылады. Мақсаты
тапсырыс беруші-салушы арқылы тұрғын үйді сату болып табылатын
құрылыс жобасының тіршілік кезеңі жер
телімін құрылысқа пайдалану
жөніндегі рұқсат қағазын алу мен дайын нысанды сату мезеттері арқылы
есептелетін уақыт деп білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: